«Өрлеу» баұо ақ Батыс Қазақстан филиалының газет-журнал тілшілері



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата07.01.2017
өлшемі16,6 Mb.
#1388
1   2   3   4   5   6   7

Ердан КАТАЕВ,

старший менеджер филиала 

Центра педагогического 

мастерства в г. Уральске

Ұлттық  бірыңғай 

тестілеу  –  орта  жалпы  білім 

беретін мектептерде оқушыларды қорытынды 

аттестаттаудың бір түрі.

ҰБТ- ның сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты 

тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп 

қолдануында.

ҰБТ-дағы негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілін оқытудағы 

басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-

жақты терең меңгерту.

Сол мақсатта оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда қосымша сабақтар 

жүргізіледі. Қосымша сабақтың бір үлгісін әріптестеріме ұсынбақпын.

ҰБТ-ға дайындау:

 қосымша сабақ

4

 

Жайық ұстазы

19 наурыз, 2014 ж.

**Технология**

Шылау және оның түрлері

Мақсаты: Оқушылардың шылау 

туралы түсінігін орнықтыру, оны жетік 

біліп, еркін қолдануын қалыптастыру. 

Міндеттері: 

* Оқушылардың шылау бойынша 

алған теориялық білімдерін қайталау 

арқылы пысықтау, еске түсіру, бекіту;

* Оқушының танымдық қабілеттерін 

арттыру, қызығушылығын ояту, өз ойла-

рын жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік 

қорын дамыту;

* Халқымыздың ұлттық қасиеті мен 

адамгершілігі туралы түсінігін кеңейту. 

Тез,  ұтымды  пікір  қалыптастыруға 

тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: Оқушылар шылау ту-

ралы, оның түрлері, ерекшеліктері туралы еске 

түсіреді, алған білімдерін пысықтап, бекітеді. 

Танымдық қабілеттері артады. Тез, ұтымды пікір 

қалыптастырады. Өз ойларын еркін жеткізеді. 

Сөздік қорлары молаяды.



Түрі: Қайталау сабағы.

Әдісі:  түсіндіру,  сұрақ-жауап,  талдау, 

жинақтау, топпен жұмыс. СТО стратегиясының 

элементтері.  

Көрнекілігі: интерактивті 

тақта, үлестірмелі тапсыр-

малар.

Пәнаралық байланыс: 

Қазақ әдебиеті.



Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.  Негізгі бөлім.  

Оқушыларды 

топқа 

бөлу. Парақшаларды таңдап 



алыңдар.  Әрқайсың  өз 

парақшаларыңдағы жазуларға 

сәйкес орналасыңдар.

I топ. Септеуліктер.    

II топ. Жалғаулықтар.   

III топ. Демеуліктер.

Қызығушылықты ояту. 

Жұмбақтар жасыру.

Постер құрау. Бұл тақырып бізге бұрыннан 

таныс болғандықтан, әр топ өздеріңе берілген 

шылауларыңа байланысты құрастырасыңдар. Әр 

топ өз тапсырмаларын орындап, қорғайды.



Слайдпен жұмыс. Шылау. Ерекшеліктері:

1. Дербес мағынасы жоқ.

2. Ешқандай сұраққа жауап бермейді.

3. Түрленбейді.

4. Өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі 

қызметін атқармайды.          



Түрлері:  

1. Септеулік. 2. Жалғаулық. 3. Демеулік.



 Қасиеті:  

1. Септік тұлғадағы сөзбен тіркеседі.

2. Сөзбен сөзді байланыстырады.

3. Күшейту, тежеу мағынасын үстейді.

4.  Сөйлемдерді  анықтап,  я  толықтап 

қосымша мағына беріп жатады.



Емлесі: 1.Өзі тіркескен сөзден бөлек жазы-

лады. 2. Кейбіреуі дефис (-) арқылы жазылады.



Ереже:  Өз  алдына  жеке  тұрып  толық 

мағынасы болмайтын, сөйлемде сөйлем мүшесі 

қызметін атқара алмайтын, бірақ басқа сөздерге 

көмекшілік қызмет атқаратын сөздер шылау деп 

аталады.

Тапсырмалар топтамасы.

1.  “Ой  жинақта  талдаумен”.  Берілген 

сөйлемдерге  морфологиялық, синтаксистік тал-

дау. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау 

жаса.

I топ. Тіл тазалығы үшін күрес 

ешқашан толастамақ емес.

                                 Б.Момышұлы

II топ. Адамда жақсы қасиет бол-

маса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.                                                       

                                Ж. Баласағұни

III топ. 

Өнер, білім- бәрі де 

Оқуменен табылған.

                                Ы.Алтынсарин



2. Сергіту сәті.

«Жылдам сұрақ, ұшқыр жауап.»

1. Әрі зат есім, әрі демеулік шылау. 

(ау)


2. Бір әріптен ғана тұратын шы-

лау. (я)


3.  Сан  есім  мен  зат  есімнің  бірігуінен 

жасалған шылау. (үш+ін)

4. Әрі жалғаулық, әрі демеулік. (да, де, та, те)

5. Сан есім мен сын есімнің бірігуінен 

жасалған шылау. (бір+ақ)

6. Сілтеу есімдігінің алдына дауыссыз дыбыс 

қойсаң, жалғаулық шылау шығады. (және)

3. Семантикалық картамен жұмыс.

4.  «Лездеме».  Берілген  тірек  сөздерді 

қатыстырып сөйлем ойлау, мәтін құрау. 

Шыққаннан кейін, жүр екен-ау, үйге 

дейін, жүзге жуық, мен үшін, өзгелерден кейін.

5.  Мақал-мәтел  жарысы.  Үш  топқа 

құрамында шылауы бар мақал-мәтелдер жазу.



 III. Бекіту.  Сабақта шылаудың түрлерін 

қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында үш 

топқа тест үлестіру. Жауаптарын интерактивті 

тақтадан тексерту.



IV. Бағалау. Топпен жақсы жұмыс істеген, 

тапсырмаларды орындаған, сабаққа белсенді 

қатысқан оқушыларды мадақтау.

V. Үйге тапсырма. Әдеби шығармалардан 

шылаулардың түріне 3 мысалдан жазу.



VI. Қорытынды: 

Оқысаң ғылым қорын, білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Сенетін біліміне кейбір жастар

Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.

                                        (Шәңгерей Бөкеев)

Осы өлеңмен сабағымызды аяқтай келе, 

мен сіздерге білімнің биігіне жетіп, ойлаған 



мақсаттарың орындалсын демекпін. 

  Гүлжан ҚАЙБАЛИВА,

К.Меңдалиев атындағы ЖББОМ,

Казталов ауданы

Технология сабағында іс жүзінде жұмыс 

нақты жүргізілгендіктен, оны меңгерту үшін 

ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы 

болу керек.

Бұл іске барлық оқушылардың шама-

сы жете бермейді, сондықтан оқушының 

қызығушылығын  арттырып,  сабақты 

түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ең басты 

мақсат – ұл балалардың сабақтан шет қалмауы, 

берілген тапсырманы орындауын қадағалаймын. 

Технология пәнінде ер балалардың іске 

икемділігін, жинақты, әрі тиянақты болып, 

өз ойын дәл, дәйекті етіп, айқын көрсетуін 

талап етемін. Осы бағытты ұстана от-

ырып, «Балғаға сап жасау технологиясы» 

атты сабағымды ұсынамын.

Технология  сабағы  –  мектеп 

оқушыларын рухани байытып, дүние та-

нымын қалыптастыратын пәндердің бірі. 

Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, 

тәрбиені үйрету арқылы игі қасиеттерді 

қалыптастыруға болады.

Ұстаздық 

қызметтегі 

басты 

мақсатым – халқымыздың қол өнерінен 

туған асыл мұраларын әр оқушыға сана-

лы түрде жеткізу, оның сырын ұқтыру, 

түсіндіру, терең зерттеу, заман тала-

бына сай көркем шығармашылықты да-

мыту.  Бәсекеге  қабілетті  ұлттық 

құндылықтарды меңгерген құзіретті тұлға 

қалыптастыру.

Менің  проблемалық  тақырыбым  - 

«Оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігін, 

өзіндегі кәсіп бейімділіктерін жан-жақты 

дамыта оқу».

Сыныбы: 7а

Балғаға сап жасау технологиясы. 

Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға 

балғаға  сап  жасау  технологиясын 

түсіндіре үйрете отырып, баланың ойлау 

қабілетін шыңдау. Оқушылардың еңбекке 

деген кызығушылықтарын,ой-өрістерін да-

мыту, технологиялық терминдерді дұрыс 

айта білуге жеткізу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, төзімділікке 

тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақты меңгерту.

Түрі: Түсіндіру, үйрету.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінік беру.

Көрнекіліктер: технологиялық карта, 

буклет, кітаптар мен  журналдар.

Құрал-жабдықтар:  балта,  сүргі, 

қашау, ара.

Пәнаралық байланыс: математика, 

сурет.

Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсыр-

масын  тексеру:  «Ағаш  кептіру  әдіс-

тәсілдері» атты үй тапсырмасын сұрап, 

оқушылардың еңбектерін бағалау. 

Үй тапсырмасын қорыту. Түсінбеген 

сұрақтарын бірігіп талқылау. 

Жаңа сабақ. Білім мен біліктілігіне 

қойылатын талаптар:

Оқушылар  білуі  тиіс:  Оқушыларға 

жұмыс тәртіптерін, яғни орындау шарт-

тарын көрсету және құралды қай жер-

ге  қолдану  әдістерін  түсіндіре  оты-

рып, үйрету. Балға сабын жасай алатын 

дәрежеге жеткізу.

Оқушылар  игерген  болуы  тиіс: 

Балғаның сабын жасай білу, технологиялық 

картаны оқи білу күнделікті колдана білу, 

ұстау әдістерін білу.

Сергіту сәті: Жұмбақ жасыру.

Ағаш мойын, шойын бас,

Осы мықты мойымас.

Мықтап тұрып ұрады,

Қатты жерге шығады.

                                                (Балға)

Сабақтың барысы: - Балалар, алдымен 

сабағымызды бастар алдында, міндетті 

түрде техника қауіпсіздігі ережелерін еске 

түсіріп алғанымыз жөн. Яғни біз бұл жер-

де кесу құралдары мен жұмыс істейміз, 

сондықтан арамен, балтамен, қашаумен 

жұмыс істегенде, техника қауіпсіздігі 

ережелерін мұқият сақтауымыз керек.

- Балалар, сыртқы тәртіп. Ішкі тәртіп 

дегеніміз не?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Ағаш кептірудің екі жолы бар, табиғи 

және жасанды. Ал, балалар, бүгінгі өтетін 

тақырыбымыз:

«Балғаға сап жасау» техникасы. Техно-

логиялык карта. Алдымен ағаш түрлерімен 

танысайық,  яғни  тығыз  орналасқан 

ағаштар:  емен,  қайың,  алма  ағашы, 

қарағаш.

Бекіту  сұрақтары:  Осы  ағаш 

түрлерінен балға сабын жасауға бола-

ды. Енді балғаға сап жасау үшін қандай 

құрал-саймандар қажет? (ара, сүргі, бал-

та, қашау).

Балғаға сап жасау үшін.

Өлшем бойынша кесіп алу

Балтамен қырларын алу.

Сүргімен тегістеу.

Құм қағазбен тегістеу.

Балалар,  сызба  өлшемдерін,  ағаш 

түрлерін дәптерге сызып, жазып алайық.

Қорытындылау:  Балғаға  сапты 

балғаның салмағына қарай саптаймыз. 

Балғаның салмақтары әр түрлі болып 

келеді – 250 г, 300 г, 400 г.

Ал, енді біз бүгін салмағы 400 г балғаға 

сап жасаймыз, саптың ұзындығы 300 мм 

болуы керек, алдымен, балалар, техни-

ка қауіпсіздігінің ережелерімен танысып 

алайық. 

Үйге  тапсырма:  Өзіндік  техника 

қауіпсіздігі ережелері.

Құрал-саймандармен жұмыс істегенде, 

әр құралдың өзіндік техника қауіпсіздігі 

болады.  Сондықтан  мұқият  зейін 

қойып жұмыс істеуіміз қажет. Құрал-

саймандарды ретімен пайдаланған өте 

тиімді болады. Ал енді технологиялық 

картаға қарап, жұмысымызды бастаймыз. 

Жұмыстың орындалу реті: Оқушылар 

балғаға сап жасау кезінде аралап жүріп 

техника қауіпсіздігін жиі-жиі естеріне 

түсіріп  ескерту.  Жұмыс  аяқталған 

соң,  жасалған  балға  саптарын  тек-

серу. Орындалған жұмыстарына қарап, 

оқушылардың еңбектерін бағалау.

Түсінбеген сұрақтарды бірігіп талдау.

Сабақты қорыту.

- Балғаның салмағы неше грамм болады?

- Балғаның сабын қандай ағаш түрлерінен 

жасайды?

- Қандай құрал-саймандар қажет?

- Қандай техника ережелерін сақтау ке-

рек?  

Сансызбай САПАРОВ,

Богатырев ЖББОМ,

Казталов ауданы

Ұлттық таным-білімді қалыптастыру

Наурыздың хат қоржынынан



Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Ж дыбысы мен 

әрпін  таныту  арқылы  берілген 

сөздерді  оқып  мән-мағынасын 

түсіндіру,  сөздерді  дұрыс  оқи 

білуге,  буынға  дұрыс  бөлуге 

машықтандыру.



Дамытушылық: Оқушылардың 

ой өрісін кеңейту, сөздік қорларын 

молайту, тіл байлығын арттыру, 

өз ойларын толық жеткізе білуге 

дағдыландыру.

Тәрбиелік:  Сауаттылыққа, 

үлкендерді сыйлауға, жақсыдан 

үйреніп,  жаманнан  жиренуге, 

ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Түрі:  жаңа сабақ.

Әдісі:  сұрақ-жауап,  ойын, 

жұмбақ шешу, түсіндіру, талдау, 

шығармашылық.

Көрнекілігі: Тапқышбек, суреттер, буын-

дар, Жж әрпінің баспа, жазба түрі.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Сәтті болсын әрбір күн!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 Сұрақ-жауап әдісі.

-  Өткен  сабақта  қандай  дыбыспен 

таныстық?

- Ғ дыбысы мен әрпі.

- Ғ дыбысы қандай дыбыс?

- Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс.

Тек қана жуан (а, ы, о, у) дыбыстары-

мен тіркесіп айтылады. Сөз басында сирек 

қолданылады, сөз соңында кездеспейді.

«Ат тағалау» мәтінін оқу.

ІІІ.  Ойын.  «Ойлан 

тап».

Балалар, торкөздің ішін-

дегі  әріптерден  сөз  құрап 

көріңдер.

1. таға. 2. доға. 3. аға. 

4. ғасыр. 5. сағат.



ІҮ.  Білемін,  білгім 

келеді.

- Балалар, осы уақытқа 

дейінгі танысқан дыбыстар-

ды білеміз бе?

- Білеміз.

- Ендеше кеспе әріптерді 

мен сендерге көрсетемін, 

егер дауысты болса, бір рет шапалақ, дауыс-

сыз болса, екі шапалақ ұрамыз.

А,  Р,  О,  Л,  Ш,  С,  У,  Ы,  Д,  Т,  М,  Н,  

Ң,  Ғ,  Ж.

- Қай дыбыспен таныс емеспіз?

- Соңғы дыбыспен.

- Білгілерің келе ме?

- Иә.

Ү. Жаңа сабақ: 

- Кәне, кім келді, балалар?

- Тапқышбек келді.

Ол мынадай ертегі ала келіпті

- Тақтаға қарайық, ненің суретін көріп 

тұрсыздар?

- Керік пен жолбарыс.

- Ертеде орманда бір жолбарыс өмір 

сүріпті. Ол аяңдап келе жатса, ағаштың 

жапырағын  жеп  тұрған  керікті  көреді. 

Бұрын-соңды керікті көрмеген жолбарыс 

қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты.

-Ау, сорайған алабажақ, не жеп тұрсың?

Оқыс дауыстан шошынған керік аяқтары 

дірілдеп: - «Мен бе, мен, мен жапырақ жеп 

тұрмын» - деп әрең тіл қатыпты. «Ұсқының 

қызық екен, алабажақ» - деп, іштей сөйлеп 

жолбарыс жөніне кетеді. Керік те аман-есен 

құтылғанына қуанып, «ж-ж-жуф» деп дем ала-

ды.


Сұрақ-жауап.

- Жапырақ, жолбарыс сөздерінің алғашқы 

дыбысы қандай дыбыс?

- Ж дыбысы (хормен 2-3 рет қайталанады).

- Міне, мынау Ж дыбысының таңбасы.

- Қалай айтылады екен?

- Кедергіге ұшырап тұр.

Яғни, дауыссыз дыбыс.

- Ж дыбысынан басталатын сөз тауып айта 

аласыңдар ма?

- Жылан, жапалақ, жылқы, Жайық, Жаннұр, 

әже, көже, т.б

- Не байқадыңдар?

- Ж дыбысы сөздің басында, ортасында 

кездеседі.

- Иә, дұрыс. Ж – тіл алдының таңдайға 

жуықтауынан жасалатын ұяң дауыссыз дыбысты 

белгілейтін әріп.

Ж қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында 

өте сирек кездеседі. (лаж, мұқтаж, уәж).



ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

1).  Бағандағы  сөздерді  оқып,  мән-

мағынасын ашу. Мәтіндегі таныс емес сөздерге 

талдау жасау.

2). Кеспе буындар мен қима әріптерден сөз 

құрау.


Сергіту сәті.

Жоғары  қара 

күн көрдім,

Ұлан  байтақ 

жер көрдім.

Оң  –  солыма 

қарадым,

Егеменді ел болдым.



Дәптермен жұмыс.

Ж дыбысының жазба түрімен танысу, ауада 

жазып үйрену, үлгі бойынша көркем етіп жазу.

Жаға, жалау сөздеріне дыбыстық талдау жа-

сау.

Шығармашылық тапсырма. Оқулықтың 

48-бетіндегі қарсы мәндес сөздерді орнына 

қойып, сөз тіркесін оқу, сұрақ қою.

ҮІІ.Ой қозғау. Жұмбақ.

Жазда жасыл түсте

Күзде жерге түскен. Ол не?      (Жапырақ).

ҮІІІ. Дидактикалық ойын. «Жапырақтар 

жинаймыз».

Үлкен  теректен  түскен  сарғайған 

жапырақтарының артындағы сөздерді оқу.

Осы сөздерді оқып, буынға бөлу.

ІХ. Ой қорыту.

- Өткен сабақтардағы Ғ дыбысы мен жаңа 

танысқан Ж дыбысын салыстыру.

Ғғ - Сөз басындда, ортасында кездеседі. 

Жж - Сөз басында ортасында және сөз 

соңында сирек кездеседі. 



Ұқсастығы: Дауыссыз ұяң дыбыс.

Х. Марапаттау.

Сабаққа  қатысқан  оқушылар  түрлі 

таңбалармен   бағаланады.

ХІ. Сабақты қорыту.

                                                                                                   



Сая КАРИМУЛЛИНА, 

Ғ.Махамбетов атындағы ЖББОМ,

Ақжайық ауданы 

С а у а т   а ш у



Ж дыбысы мен әрпі

5

 

19 наурыз, 2014 ж

.

М е т о д

и к а   и  

о п ы т

Жайық ұстазы

Урок алгеб

ры. 

9 класс.

** В дошкольных организациях **

Панорамный урок по познанию мира. 4 класс.

Лесные звери

Цель 

урока:  Выра-

ботать у учащихся 

определенные навыки и 

умения, предусмотренные 

учебной программой.

Задачи:  Обучающие. 

Сформировать общие понятия о 

космосе, об исследованиях космо-

са и его использовании в народном 

хозяйстве.

Воспитательные. Воспитывать ге-

роизм, воспитание казахстанского патри-

отизма, любви и гордости к родной земле.

Тип урока. Урок – путешествие. 

Форма урока. Нестандартная.

Методы обученияСловесные, нагляд-

ные, частично – поисковый, групповой.



Ход урока.

Организационный момент. Психологиче-

ский настрой на работу.

Объяснение нового материала. Сегодня у 

нас необычный урок. Мы совершим путеше-

ствие во Вселенную, в космос. Этот урок посвя-

щен Дню Космонавтики, который празднуется 

12 апреля. 

Но прежде чем отправимся в путешествие, 

проведем космическую разминку. Вопросы бу-

дут задаваться по теме «Солнечная система. Га-

лактика. Вселенная». Класс делится на 3 экипажа: 

I экипаж – «Ракета».  II экипаж– «Солнце».   III 

экипаж – «Звезда». 

Учитель. Прошу взять свои «бортовые жур-

налы» (тетради), учебники и занять свои места. 

Выбрать командира экипажей.

Вопросы экипажам.

I экипаж. «Ракета». 

1. Спутник Земли.

2. Первый космонавт Земли.

3. Что такое Солнце?

4. Назвать космодром, с которого стар-

туют ракеты.

5. Кто такие астронавты?

II экипаж. «Солнце»

1. Сколько планет в Солнечной си-

стеме?

2. Какая по счету от Солнца пла-



нета Земля?

3. Что такое комета?

4. Что такое спутник?

5. Самая дальняя от Солн-

ца планета.

III экипаж. «Звезда».

1. Первые собаки - 

космонавты. 

2. Что такое 

Галактика?

3.  Что 

означает 

с 

греческого слово 



«планета»?

4. Планета, на кото-

рой мы живем.

5. Самая близкая к Солн-

цу планета.

Молодцы! Разминка успеш-

но завершена. Продолжаем путе-

шествие.


Составление кластера. 

Ребята, какие ассоциации вызывает 

у вас слово «космос»?

Космос – вселенная, спутник, комета, 

звезда, луна, солнце, космонавт, ракета.

Подготовка к восприятию новой темы. 

Ребята, а что вы вообще знаете о космосе, 

космонавтах?

Сегодня я познакомлю вас с новыми све-

дениями о космосе. Когда мы говорим о кос-

мосе, то представляем себе бескрайнее небо, 

звезды, Солнце, Луну. С космосом ассоцииру-

ется и казахская земля. Именно здесь располо-

жен Байконур – космодром, с которого стартуют 

корабли, уходящие в космическое пространство. 

Байконур – Байқоңыр – с казахского бай - бога-

тый, богатство, қоңыр – коричневый. Основан в 

1955 году, расположен в Кызылординской обла-

сти. Этот край преимущественно с бурым, рыже-

ватым оттенком почвы. При выборе места кос-

модрома рассматривались 3 варианта выбора: 

I – в районе г. Махачкалы, II – в полупустынях 

вблизи р. Сырдарьи, III – бескрайние просторы 

Кызылординской области. 5 мая 1957 года госу-

дарственная комиссия подписала акт о приеме 

космодрома. 

Работа с учебником. Самоподготовка. На 

нее отводится 5-7 минут. Работа по экипажам. 

Отчет командиров экипажей. Обсуждение про-

читанного. Закрепление нового материала.

Обобщение. О чем говорили на уроке

Что узнали нового? Что вам понравилось?

Домашнее задание. Написать реферат 

на тему: «Космос – наше будущее». Под-

ведение итогов. Домашнее задание.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет