«Өрлеу» баұо ақ Батыс Қазақстан филиалының газет-журнал тілшілері



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата07.01.2017
өлшемі16,6 Mb.
#1388
1   2   3   4   5   6   7

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ. Қ.Жұмаділовтың өмірбаяны тура-

лы.

2- топ. Жылқы малы туралы мақал-мәтел 

айту.

3-топ. Әңгімеге жоспар құру.

1. Жолға жиналу.

2. Қонақта.

3. Қызықты әңгіме.

4. Майданға ат апару.

5. Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.

6.  Қозыкүреңді арулап көму.

7. Сыйлық  (топтағы әр оқушы жоспар бой-

ынша сөйлейді.

1-топ. Қозыкүрең мен Құлагерді  салысты-

ру.

Қозыкүрең.  

     Құлагер.

2-топ.  Қазақ  пен  қырғыз  халқының 

ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

Қазақ: Көздері үлкен, беттері жалпақтау, 

Бастарына дөңгелек тақия немесе бөрік киеді, 

Жылқыны жақсы көреді, достыққа берік.

Қырғыз: Көздері сәл қысыңқылау, жалпақ 

бетті. Кейбір әріпті бұзып айтатын қазақтар 

тәрізді бастарына айыр ақ қалпақ киеді, Жылқы 

малын құрметтейді, Достыққа адал.

3-топ. Шығарманы құрылысына талдау.

Тақырыбы: Достықты дәріптеу.

Идеясы: Екі ел адамдарының да жылқы 

малының қасиетін бағалауы.

Экспозициясы: Ұзынбұлақтың басы. Алатау 

бөктерін қатар жайлаған  қазақ пен қырғыз елі.

Басталуы: Ағыбай қырғыз досы Төреқұлдың 

ауылына бәйбішесі  Күлайша мен жиендері 

Ерқанат пен Ержанды ертіп баруы.

Дамуы:  Ағыбайларды  досының 

құрметтеп сыйлауы.

Байланысуы: Төреқұлдың Қозыкүрең 

жайлы әңгімесі.

Шиеленісуі:  Қозыкүреңнің  елге 

қашуы.

Шарықтау шегі: Қозыкүреңді ару-

лап көму.

Шешімі:  Ағыбайға  Төреқұлдың 

сыйы.

Рефлексия: 

1. Повестен алынған үзінді не себепті 

"Қозыкүрең" деп аталған?

2. Ағыбай мен Төреқұлдың қоштасар 

сәттегі сөздерін рөлге бөліп оқыңыздар.

3. Бұл үзіндіден нені түсіндің, қандай 

ой түйдің?

Сабақты қорыту: Сабақтан  не  

білдік? Не үйрендік? Қандай ой түйдік?

 Үйге тапсырма:

1-топ. Әңгімедегі мақалаларды теріп жа-

зып, мағынасын ашу.

2-топ.  "Туған  жерді  сағындың  ба, 

Қозыкүрең?" тақырыбында ой толғау.

3-топ. "Қозыкүрең" тақырыбына сурет са-

лу. Бағалау.

Айымгүл ҚАБДОЛОВА

 №30 ЖББОМ мұғалімі

Қ.Жұмаділов. “Қозыкүрең” әңгімесі

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !

Біз, шәкірттеріне уақытпен санаспай, ерінбей- 

жалықпай білім беруден еш шаршамайтын, өзгенің 

баласын өз баласындай көретін қаламыздағы №1 

жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  шағын 

орталығының мұғалімі 

Бақтыгүл Файзоллақызын 

әрдайым  мақтан  тұтамыз.  Біз  оны  мектеп 

табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршінді құшақ 

жая қарсы алып, не жазуды, не оқуды білмей кел-

ген балаларға білім беріп, барын үйретіп, үнемі тек 

еңбекке тәрбиелеп жүретін ұстаз десек, артық 

айтпаған болар едік. 

Ұстаздарының арқасында кішкентай бүлдіршіндер 

Бақтыгүл апайларымен бірлесе отырып, көптеген 

жетістіктерге қол жеткізді. Шәкірттерінің бойына 

білім нәрі мен тәрбиені сіңіре білген ұстаз Бақтыгүл 

Файзоллақызын көктемнің алғашқы мерекесімен 

құттықтай  отырып,  ата-аналар  атынан  зор 

алғысымызды білдіргіміз келеді. Балаларымыздың 

сүйікті де, еңбекқор мұғаліміне тек шығармашылық 

табыс, денсаулық тілейміз.

Ата-аналар атынан: 

 Гүлсезім КАМАЛҚЫЗЫ

К ө к т ем н і ң   а л ғ а ш қ ы   м е р е ке с і м е н !

Құрметті Райхан Кәрімқызы!

Сізді  мерейлі    жасыңызбен  шын  жүректен 

құттықтаймыз!

Сіз, өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және 

қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге 

ие болған ұжымымыздың тәжірибелі маманысыз! Сіздің 

біліктілікті арттыру бағытындағы әр мұғалімнің сенімді 

жетекшісі, институтымыздың әрбір іс-шарасына же-

дел үн қататын қамқор маман, ауыл мен қала мектептері 

арасындағы серіктестікті іске асырушы білім менеджері 

ретіндегі еңбегіңізге  зор алғысымызды білдіре отырып, өзіңізге 

мықты денсаулық, биік мәртебелі ұстаздық ғұмыр тілейміз. 

Еліміздің білім саласының реформалары мен жаңалығына 

қызу үн қосып, облыс педагогтерінің білімін жетілдіріп, 

біліктілігін арттыруға қосқан үлесіңіз жыл санап жемісін 

берсін. 

Мағжан ақын «Алты алаштың баласы бас қосса, ең 

қадірлі орын мұғалімдікі» деп меңзеп кеткендей, мәртебелі 

орныңыз биік белестер мен шығармашылық жетістіктерге 

жетелесін! 

«Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан 

облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты» 

Сабақтың мақсаты:   білімділік: оқушыларға 

апта күндерінің атауын қайталата отырып, сөз тіркесін 

және сөйлем құрай білуге, мәтінді  дұрыс түсініп, 

қатесіз оқуға үйрету. Ауызша сөйлеуге жаттықтыру;  



дамытушылық: ауызша және жазбаша тілдерін да-

мыту, есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, жал-

пы рухани дүниесін дамыту, сөздік қорын байыту;   

тәрбиелік: адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін бере 

отырып, уақытты үнемді пайдалана алуға тәрбиелеу. 



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың  әдісі:  топтық  жұмыс  түрлері, 

түсіндіру, сұрақ-жауап, «Адасқан әріптер» ойыны.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, та-

блица, сөзжұмбақ, кеспе буындар, әріптер, слайдтар.



Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге, құрметпенен біз.

Оқушылар бір-бірімен амандасады. Тренинг. 



II. Үй тапсырмасы. Үйге берілген тапсырманы 

суретті тірек сызба арқылы тексеріп, бағалау. 

«Жалғасын тап» ойыны арқылы үй тапсырмасын 

бекітіп , жаңа сабаққа көшу. (буындардан сөз құрау).

Бас – бас – бас – бассейн    жү – жү – жү – жүзу

Шо – шо – шо – шомылу   мек – мек – мек – мектеп

Ап –ап –ап – апта

Сонымен балалар соңғы буынымыздан қандай 

сөз шықты.  АПТА.

III. Жаңа сабақ. - Апта сөзінің аудармасы  

қалай? - Бір аптада неше күн бар? - Апта күндері 

қалай аталады? - Иә, балалар, өткен тоқсанда ап-

та күндерін өткен едік. Енді, міне апта күндерінің 

атауын кірістіріп, сөз тіркесін және сөйлем құрап 

үйренеміз. Алдымен сөздікке назар аударамыз.



Берілген сөздерді сәйкестендіру.

1. Сөздік: Дүйсенбі   среда

Сейсенбі               вчера

Сәрсенбі               сегодня

Бейсенбі               понедельник

Жұма                     четверг

Сенбі                     завтра

  Жексенбі                вторник  

  Кеше                       воскресенье

  Ертең                      суббота

  Бүгін                       пятница



2. Сөз тіркесін құрау. Кеше.. (дүйсенбі) Бүгін .. 

(сейсенбі) Ертең.. (сәрсенбі)



3. Сөйлем құрау.

Анар  дүйсенбі             тениске

Юра сәрсенбі           күні            шахматқа барады.

Арман  жұма             футболға 



Мәтінмен жұмыс :    Мәтінді оқып аудару.

Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, 

сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бүгін сенбі. 

Ертең  жексенбі. Жексенбі күні мен бассейнге бара-

мын.

• Мәтін бойынша сұрақ-жауап



1. Бір аптада неше күн бар?

2. Бүгін қандай күн?

3. Ертең қандай күн?

4. Жексенбі сен қайда барасың?

- Сонымен балалар апта деген ағайдың жеті 

ұлы бар екен. Олай болса, сол жеті ұлды, аптаны 

ортаға шақырып, өз ауыздарынан жеті күн бойы не 

істейтінін естиік.



1-оқушы.  Мен Дүйсенбі – мектепке келдім  

оқуға. 2-оқушы.  Мен Сейсенбі – сурет салдым 

сәндетіп. 3-оқушы.  Мен Сәрсенбі – серуен құрдым 

далада. 4-оқушы.  Мен Бейсенбі – би биледім 

мұззалда. 5-оқушы.  Мен Жұма – жидек тердім 

ағаштан. 6-оқушы.  Мен Сенбі – кино көрдім клуб-

тан. 7- оқушы. Мен Жексенбі – үйде жаттым дема-

лып. 8-оқушы.  Апта: Жеті күнім – бір Апта

                          Жету үшін мұратқа,

                          Апта бойы құр жатпай,

                          Алға қарай бір атта!

Сергіту сәті:   Бір қадам алға,  бір қадам артқа.

                          Отырамыз, тұрамыз,

                          Сабақта бес аламыз.

Жазылым:   1. Таблица бойынша сөйлем құрау.

2. «Адасқан әріптер» ойыны. Тиісті әріптерді 

қою.

IV. Бекіту:  Сұрақ-жауап. Сөзжұмбақты шешу

V. Қорытынды: толықтыру. 

Бірінші күн – дүйсенбі   Бесінші күн – жұма 

Екінші күн – сейсенбі       Алтыншы күн – сенбі

Үшінші күн – сәрсенбі     Жетінші күн – жексенбі

Төртінші күн – бейсенбі

Үйге тапсырма:  Мәтінді оқу, жаңа сөздерді жат-



тау. Бағалау: оқушыларды бағалау

Әсем БАЙҒАЛИЕВА,

№32 ЖББОМ

А п т а   к ү н д е р і

Екі бес алған жастасың...

Далада өсіп, қалаға келіп тоқтадың

Ұстаз, анасың - өзіндік бар ғой

 

 

 

        соқпағың.

Ұл-қыз өсірдің, жақсы жар - өзің, 

 

 

 

       талас жоқ

Келін түсіріп «дүрілдеп», гүлдеп

 

 

 

        тоқтадың.

Жарқырап көзің, адамды бірден

 

 

 

       тартасың,

Сұлулықтың бір қоңырқай тағып

 

 

 

          алқасын.

Анаңды-дағы, ағаңды аңсап сыр 

 

 

 

           толғап,

Жақсылық жайып жүрген қарындас,

 

 

 

          қалқасың.

Бүгінде, міне, екі бес алған

 

 

 

    жастасың,

«Бәрі бес!» болсын, басқа баға алу - 

 

 

 

     басқа сын.

Атыңа затың сай болсын, Райхан, 

 

 

 

    гүлдей бер,

Немерелерің әжелікке қарай 

 

 

 

        бастасын!

Келейік дәйім ақ әже болған

 

 

 

          тойыңа,

Той жасау лайық, дарқандық біткен 

 

 

 

         сойыңа.

Бауырың, жарың, ұрпағың жүргей 

 

 

 

       аман боп,

Нәр бергей, Аллаһ, адамдық толған 

 

 

 

          бойыңа!

Замандас құрбылар атынан:

Ақмаржан Таубаева


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет