Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаға
бағытталған білім беру траекториясын үлгілеудің педагогикалық жолдары
Мырзаханова Ж. Ж.
Алакөл аудандық әдістемелік
кабинетінің әдіскері
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев
мектеп
оқушыларына
тәрбие
беру
тұжырымдамасында:«...Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,
мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын
тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деген болатын. Аудандық білім бөлімі
«Талантты табу, тану, танылу» мақсатында қабілетті де дарынды еліміздің болашағы жас
өрендермен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Оның айғағы жылда оқушылар арасында өтетін
аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық білім сайыстары.Дарынды балалар әр
уақытта белсенді, басқаларға қарағанда өз бетімен жұмыс жасай алады, алдына қойған
119
мақсатқа ұмтылып, терең білгісі келеді.Зерттеу жұмыстарымен айналысуға құмар болады.
Олардың танымдылық қабілеті жоғары, әр уақытта ізденіс үстінде жүреді. Өз
қатарластарымен салыстырғанда талдау, топтау жұмыстарын жүзеге асыра алады.Мен
дарынды балалармен жұмыс жүргізетін әдіскер ретінде жұмыс барысындағы мынандай
өзекті мәселелерге назар аударамын:
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр.
Бүгінде мектептерге жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін
«жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?
Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға
оңай түсуіне көмектесетін білім мекемесі болу керек, жалпы білім беру мекемелерінде
жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі, өзіндік дәстүрі болуы, жаңашыл білім
беруі қажет, жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ
үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек деп ойлаймын.
Сондықтан, аудандағы дарынды балалармен жұмыс жүйесін 5 бағытта жүргіземін.
Атап айтсақ:
•
Педагог қызметкерлермен жұмыс
•
ЖОО-мен серіктестік
•
«Ақыл» қауымдастық жұмысы
•
«Алакөл ауданының білім беру қоры»
•
Демеушілермен жұмыс
Білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке
тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Бұл міндеттерді
шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге жол ашады. Себебі мұғалім білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып
келеді. Бұл жаңарудың бастамасы қаншалықты серпінді, шығармашыл болса, ол келіп
құятын білім айдыны да сондай дәрежеде, ал дарынды балалары артып, жоғары нәтиже
көрсететін болатыны сөзсіз. Жаңалыққа құштар болған ауданымның педагог мамандарына
арналған сайт ашып, жұмыс атқарып келемін.
Жыл бойы мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында
«Заманауи сабақ– жеке тұлғаны дамыту сабағы» аудандық фестиваль, «Дарындылықты
жетілдірумүмкіндіктері» атты аудандық конференция, «Педагогтың құзыреттілігі –
оқушылардың дарындылығын көтерудің негізгі факторы» тақырыбында педагогикалық оқу
өткізілді.Сонымен
қатар,«Дарынды
балалармен
жұмыс
істеуде
инновациялық
технологияларды тиімді енгізу» атты семинар-практикум, коучинг-сессия.«Оқушылардың
дарындылығын дамытудағы психологиялық көзқарас» шебер-сыныптар, инновациялық-
педагогикалықидеялар фестивалі өткізіліп, «Дарынды балалармен жұмыс жасаудың
жолдары»тақырыбында әдістемелік көмек беруге бағытталған жұмыс ұйымдастырдым.
Жалпы: 5-семинар, 1-педагогикалық оқу, 1-конференция, 1-фестиваль өткізілді.
ЖОО-мен байланыс.Дарынды балалармен жұмыс нәтижесінің бірі түлектердің
жоғарғы оқу орындарына түсүі. Осы орайда, әдіскер ретінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік универститеті, Семей мемлекеттік университетімен байланыста жүремін. Үнемі
мұғалімдерге арналған практикалық семинарларға, оқыту лекцияларына арнайы мамандар
шақырып, ашық есі күндерін өткізудеміз. Сонымен қатар, Жыланды ОМЛ Қазақстан-Британ
техникалық университеті, Алматы Энернетикалық Институты, Мәскеу Мемлекеттік
Университеті, Мәскеу Энергетикалық Университетімен байланыс жасайды. Сонымен қатар
О.А.Жәутіков
атындағы
дарынды
балаларға
арналған
Республикалық
мамандандырылғанфизика-математика орта мектеп-интернаты, Жыланды орта мектеп-
лицейінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы және Жыланды
орта мектеп-лицейінің арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Атқарылған іс-
шаралар нәтижесінде биылғы жылы 89 оқушы мемлекеттік грант иеленді.
120
Сонымен қатар, оқушылардың дарындылығын арттыру мақсатында аудандық «Ақыл»
ғылыми қоғамы құрылды, оның бағыттары: Гуманитарлық бағыт «Ғұлама», «Алгорифм»
математикалық-жаратылыстану және «Өнер»- ақындар,көркемсурет, спорт бағыты. Ғылыми
қоғамның мақсаты: мұғалімдер мен мамандардың жетекшілігімен оқушылардың оқу пәні
белгілі ғылым саласы, өнер және техника бойынша зерттеу, шығармашылық, тәжірибе, іс-
әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау, олардың танымдық
қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойларын дамытуға
ұмтылдыру.
Дарынды балаларды анықтау 4 саты бойынша жүргізіледі:
•
Бастауыш –бұл кезенде дарынды оқушылардың қандайда бір бағыттағы іс-әрекетінің
жетістігін анықтаймыз.
•
5-9 сыныптар- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктер мен икемділіктеріне сай
жеке жұмыстар жүргізіледі.
•
9 сынып -оқушыларды нақты жетістіктері бойынша іріктеу.
•
10-11 сынып- оқушыны болашақ мамандығына дайындау.
Оқушыларымыздың дарындылықтарын дамыту жолдары: Олимпиадалық резервке
қою арқылы, оқушылардың ғылыми қоғамы, әдістемелік бірлестік, әдістемелік кеңесте
қаралып, мектеп әкімшілігінің бақылауында болуы керек. Дарындылықты дамытудың
төмендегідей әдістер кешенін ұсынамын: шығармашылық дарындылық (ғылыми-
практикалық конференциялар, жобалар), көркемдік дарындылық (ән, би, театр, үйірме) ,
интеллектуалдық дарындылық (интеллектуалдық ойындар: "Ақбота", Пони"т.б.),
психомоторлық дарындылық (спартакиадалар), академиялық дарындылық (олимпиадалар,
қолданбалы
курстар,факультативтер).
Танымдық
іс-әрекеттерін,
шығармашылық
қабілеттіліктері мен дербестік қасиеттерін ынталандыру мақсатында ауданда түрлі үйірмелер
ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Дарынды балаларғабілім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір
жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға
ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Аудандық білім беру бөлімінде облыстық «Дарын» орталығымен өткізілетін іс-шаралар
үнемі басты назарға алынып, бірлескен түрде түбегейлі жұмыс істеп келеміз. «Дарын»
орталығы тарапынан өткізілген облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға аудан
мектептерінің дарынды оқушылары қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Аудан бойынша
дарынды оқушылар саны-4651 болса, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері-12, «Үздік
аттестат» иегерлері – 15.Облыстық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына қатысқан 26
оқушының 19 оқушысы жүлделі, оның ішінде 9 бала –ІІ орынды, 10 бала -ІІІ орындарды
иеленді.
Оқушылардың ғылыми-жоба жарыстарының II (облыстық) кезеңіне 11 оқушы
қатысты. Қатысқан 11 оқушының 7-уі жүлделі орын иеленді: І орын – 2 оқушы, ІІ орын - 1
оқушы, ІІІ орын - 4 оқушы иеленді.
Халықаралық ғылыми жоба жарыстарына Оңтүстік Корея мемлекеті, Дэджон
қаласында «Жас ғалым – 2016» байқауында Бұлақты ОМ-нің 11 сынып оқушысы Мухитова
Айдана, Үшарал қаласының №1 орта мектебінің оқушысы Байтілесов Аян және Қант
зауыты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мугынова Амина – ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Облыстық «Зерде» байқауына 22 жұмыс өткізілді. Облыстық кезеңге 14 жұмыс
жіберіліп, оның біреуі –ІІ орын, 5-еуі –ІІІ орын иеленді.
Республикалық «Ақбота» байқауына 1196 оқушы, оның 112-сі жүлделі орындарға ие
болды. Халықаралық «Бритиш Бульдог» байқауына ауданнан 258 оқушы қатысып, оның 32
оқушысы жүлделі орын иеленді. «ПОНИ» байқауының 3 кезеңіне ауданның 620 оқушысы
қатысты. «Золотое руно» байқауына 245 оқушы, «Кенгуру - математик» ойынына 487
оқушы, «Русский медвежонок» ойынына 103 оқушы қатысты.
121
Облыстық Абай оқуларында №2 Қабанбай орта мектебінің 5 сынып оқушысы
Қабылхамит Абзал, Безродных орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жайырбай Жігер, Бескөл
№14 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Айтмуханова Айым жүлделі ІІІ орын иеленді.
Облыстық Махамбет оқуларында Жыланды орта мектеп – лицейінің оқушысы Абашов
Айбол, Дзержинск орта мектебінің оқушысы Хузайыр Жаннұр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Ауданда жалпы білім беру мектептерінде 2015-2016 оқу жылындағы қазақ тілін, қазақ
әдебиетін, ағылшын тілін, математика пәнін тереңдетіп оқыту бағдарламасы негізінде 7
мектеп пәндерді тереңдетіп оқытуда, оның ішінде таза орыс 1 мектепте жұмыс жүргізуде.
Үшарал қазақ гимназиясында –ағылшын тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, Қабанбай
№1 орта мектебінде, Ушинский атындағы орта мектебінде, Жанама орта мектебінде, Үшарал
қаласы №2 орта мектебінде, Көктұма қазақ орта мектебінде, Талапкер орта мектебінде қазақ
тілі мен әдебиеті пәні тереңдетіліп оқытылады.
Ой өрісті қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларды анықтау мақсатында жыл
сайын «Кішкентай дарындылар» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған аудандық
олимпиада өткізу дәстүрге айналса, балабақша 4-5 жас бүлдіршіндері арасында «Балбөбек»
байқау ұйымдастырылып отырады. Ал, Жыланды орта меткеп-лицейінде 2-4 сынып
оқушыларына математика пәнінен аудандық олимпиада өткізу қолға алынды. Жоспар
бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын, «Умники и умницы» орыс
тілінен интеллектуалдық ойын, «Полиглот» ағылшын тілі бойынша, «Біз – Қазақстанның сау
ұрпағымыз» қалалық үгіт бригадаларының конкурсы, «Менің сүйікті ұстазым»
шығармашылық презентация конкурсы, «Жыл оқушысы» байқауы, жас ақындар мүшәйрасы,
оқулар, пресс-конференциялар өткізіледі.
Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел
болашағы болғандықтан, оларға қолдау көрсетуде демеушілердің орны ерекше. Қазақстан
Республикасының Алматы облысы Алакөл ауданында тұратын, мектеп жасындағы,
техникалық жалпы білім беру пәндерінен /математика, физика, химия, биология,
информатика/ және бейнелеу өнері мен ақындық өнерінде жоғары жетістікке жеткен
балаларды және оларды оқытқан/ оқытатын/ мұғалімдеріне материалдық қолдау көрсету
мақсатында «Алакөл ауданының білім беру қоры» Қоғамдық қоры 2007 жылы құрылды.
Материалдық қолдау екі санатқа бөлінеді. Бірінші санаттағы материалдық қолдау
техникалық жалпы білім беру пәндерінен математика, физика, химия, биология,
информатика/ және бейнелеу өнері мен ақындық өнерінде олимпиада, ғылыми жарыстарда,
турнир, байқау және басқадай шараларда жоғары жетістіктерге ие болған балаларға және
оларды оқытқан /оқытатын / мұғалімдерге көрсетіледі. 2007-2016 жылдар арасында бірінші
санаттағы көмек 176 оқушымен 117 мұғалімге көрсетілді. Екінші санаттағы материалдық
қолдау екі техникалық жалпы білім беру пәндерінен 2 оқу жылы қатарынан үздік бағамен
оқитын сонымен қатар мектеп-интернаттың немесе аз қамтылған жанұяның
тәрбиеленушісіне көрсетіледі.
Дарынды балалармен жұмыс барысында дарынды балаларды және оларды оқытқан
/оқытатын/ мұғалімдеріне материалдық қолдау көрсетушілердің бірі - «Жерсу»
корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы, Жыланды орта мектеп-лицейінің қамқоршылық
кеңесінің төрағасы Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы. Жыл сайын ұйымдастырылатын аудан
көлемінде өткізілетін,физика және математика пәндерінен аудандық олимпиадада І орын
алған оқушыларға ұялы телефондар, ұстаздарына 25 000 тенге, ІІ орын алған оқушыларға –
планшет, ұстаздарына 15 000 тенге, ІІІ орын алған оқушыларға МР3, ұстаздарына 10 000
тенге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ физика, математика пәндері
бойынша аудандық олимпиадада жалпы командалық есеп бойынша 1-орын алған – Жыланды
ОМЛ – 1000 $ (мың доллар көлемінде) ақшалай сыйлық, 2-орын алған - Үшарал қазақ
гимназиясына -700$ ақшалай сыйлық, 3-орын алған - Бескөл №14 ОМ-500$ ақшалай сыйлық
берілді.
Сонымен
қатар,
облыстағы
дарынды
балаларға
арналған
физика,
математикапәніндерінен олимпиада өткізу дәстүрге айналды. Олимпиада жеңімпаздарына І
122
дәрежелі диплом және бағалы сыйлық – ұялы телефон- смартфон, оқушыны дайындаған
ұстазына – 25.000 теңге. ІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлық– планшет, оқушыны
дайындаған ұстазына – 15.000 теңге. ІІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлық – MP-3
плейер, оқушыны дайындаған ұстазына – 10.000 теңге сыйлыққа беріледі.
Жалпыкомандалық І орын иеленген командаға ақшалай сыйлық 200 мың теңге, ІІ орын
алған командандаға ақшалай сыйлық 150 мың теңге, ІІІ орын алған командаға ақшалай
сыйлық 100 мың теңге беріледі.
Жас ұстаздарды ынталандырып, қызығушылығын арттыру мақсатында Жыланды орта
мектеп-лицейінің базасында облыстағы жас физика - математика пәні мұғалімдері арасында
І-ші пән олимпиадасы ұйымдастырылды.
Мектепте білім нәрімен қаруланған ұрпақты ары қарай өнер өріне өрмелеуге, жан-
жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім
беру мекемелерінің атқарар ролі зор. «Үшарал қалалық балалар шығармашылық
орталығында» 2015-2016 оқу жылында 17 үйірмеде 513 бала мектептен тыс қосымша білім
алуда. Осы оқу жылында дарынды оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық
байқауларда 37 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 6 – Бас жүлде, 12-І орын, 10- ІІ орын,
9-ІІІ орын, 6–дипломант. Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы «ҚР қосымша
білім беру жүйесінің Алтын қоры» жинағына енсе, табысты еңбек жасап, ерекше
жетістіктерге оқушыларды тәрбиелегені үшін, еткені үшін мектеп директоры
А.УалиеваХалықаралық «Білім саласындағы Үздік адамдар» энциклопедиясына енді.
Сөзімді қорытындылай келе, дарынды балалармен жұмыс жүргізе отырып, жалпы
білім берудегі кейбір қиындықтарға, кедергілерге қарамастан қабілетті балаларға бүгінгі
қоғамдық талапқа сай, әлемдік деңгейде сапалы білім беруде мол тәжірибе жинақтадық деп
айтуымызға болады. Олай болатын болса, сапалы білім мен саналы тәрбие беру- бүгінгі
күннің ұстаздарының басты міндеті болып қала бермек
PISA тапсырмаларының маңызы
Джакитов А.Д.
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының физика,
математика пәні мұғалімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын бес жылдық ұлттық жоспар
қабылдағаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстандағы білім
сапасын жетілдірудегі,оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
атқарылатын іс - шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады
[1]
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға
123
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай
бағалау мен мониторингтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен қатар TIMSS, PISA және PIRLS
халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да жүргізіледі. Халықаралық зерттеулерге қатысу
көптеген әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар аясында еліміздің білім беру
нәтижелерін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге
асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі ерекше орын
алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады. Екіншіден,
PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды
құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жасар білім
алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша
ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр.
PISA халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар білім алушылардың мектепте
меңгерген академиялық білімін өлшемейді. Зерттеуде олардың академиялық білімдерін
әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану (өмірлік дағдылар), сонымен бірге мәселелерді қою
мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады.
Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA
жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда
қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық
білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың
қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді.
Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және
жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім
алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады. Бұл нәтижелер
2004 жылы қазан айында республикамызда білім мазмұнын білімділіктен құзыреттілікке
көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр.
PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап басымды үш бағыттың біріне баса көңіл бөле
отырып, үш жылда бір қайталанып жүргізіледі. 2015 жылы зерттеу жаратылыстану
сауаттылығына басымдылық беріліп өткен болатын. Алдыңғы жылдары бұл бағыттағы
басымдылық 2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы
жоспарланды.
PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар,
атап айтқанда, 15 жасар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын интерактивті
ортада бағалау мақсаты болып табылады.
Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл
болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік
тестілеуге назар аударған жөн[2].
Қазақстанда білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын үш халықаралық TIMSS-
2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 (апробация) зерттеулері аяқталды. Атап айтқанда, PISA-
2015 (математика, жаратылыстану және оқу сауатылығын бағалау) зерттеуіне елдің барлық
өңірінен 232 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 7 873 білім алушылар қатысты. Ал
TIMSS-2015 (математика және жаратылыстану білімдерін бағалау) жобасына Қазақстанның
179 білім беру ұйымдарынан 9 621 оқушы, оның ішінде 4 763 төртінші сынып оқушылары
және 4 858 сегізінші сынып оқушылары сынақтан өтті.«TIMSS-2015 және PISA-2015
халықаралық зерттеулер нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы мен IEA тарапынан жарияланады», - делінген министрлік
мәліметінде[3].
Жаһанның жаңалықтарынан қалып қоймас үшін өскелең ұрпағымызды жағдаяттық
тапсырмалармен дайындағанымыз абзал болар.Осы орайда назарларыңызға PISA, TIMSS
тапсырмаларынан бірнеше мысалдарды ұсынып отырмын.
124
1-мысал. Ыдыс. Параллелепипед пішінді ыдыс берілген. Басқа ешқандай ыдыссыз
және өлшемей ақ ыдыстың көлемінің тең жартысын сумен толтыру қажет.
1-сұрақ. Суретін салып көрсетіңіздер және түсіндіріңіздер. Шығарылуы: 1. Егер
ыдыстың біржақ басын судың беті параллелепипедтің диагональді қимасымен сәйкес
келгенше көтерсе, сонда ыдыстың дәл жартысы болады (1-сурет)
1-сурет
2-мысал. Еуропаның ең биік сарқырамаларының бірі – Утигард сарқырамасы 610
метр биіктіктен құлап ағады.
Сұрақ. Мұндай биіктіктен су қанша уақытта құлайды?
А. 18 с. В. 6 с. С. 11 с. 20
Жауап. Судың құлау уақыты кедергі күші жоқта 11 с тең болады.
3-мысал. Ең батыл өсімдікке «құтырған қияр» жатады. Бұл «артиллерист» жабайы
түрде Қырымда жиі кездеседі. Оны кәдімгі қиярдан үстін жапқан қылқаншалар арқылы
айыруға болады. Жапырақтары да, жемісі де кәдімгі қиярдікіндей. Ол толық піскен соң
«құтыра» бастайды. Өзінің мінезімен адамды да, жануарды да шошытуы мүмкін. Қияр өзінің
аяқшаларынан сықырлай босап, секіріп, айнала бастайды. Жемістің аяғы болған өзектен
тұқым аралас, жабысқақ шырын сорғалап, 6-8 метрге дейін атқылайды. Сөйтсе, жеміс
піскенге дейін, оның ішінде газдар жинақтала береді екен. Піскен уақытында оның
қуысындағы қысым үш атмосфераға дейін жетеді.
1-сұрақ. 6-8 метр биіктікке жету үшін тұқым аралас сорғалаған шырын қандай
жылдамдықпен атқылауы тиіс.
А. 15,8 м/с. B. 18,4 м/с. С. 12,6 м/с.
Жауабы. С.
2-сұрақ. Осыған орай, энергия қалай өзгереді?
Жауабы. Сорғалаған шырынның жылдамдығы 12,6 м/с, оның кинетикалық энергиясы
потенциалдық энергияға айналады.
4-мысал. Түйенің 100-120 кг-ға дейін май жинайды, бұл майлар судың көзі болып
табылады. Май ыдыраған кезде 40-50 кг су береді. Түйе бас алмастан 130 л су іше алады.
1-сұрақ. Түйе судың қандай массасын іше алады?
A. 50 кг. B. 70 кг. C. 130 кг.
Жауабы. С.
2-сұрақ. Осынша су ішу барысында түйеге әсер ететін ауырлық күші қалай өзгереді?
A.
1100 Н-ға азаяды. B. 1300 Н-ға ұлғаяды. C. 2000 Н-ға ұлғаяды.
Жауабы. В.
3-сұрақ. 80 кг. май ерігенде қанша су береді (литр есебімен)?
A. 55 л. B. 84 л. C. 32 л.
Жауабы. С.
Достарыңызбен бөлісу: |