Мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Келісімшартының ұстанымдары. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстанның
мемлекеттік саясатының ұстанымдары.
Ә йелдер мен ер адамдардың теңдігі. Мүгедек балалардың даму қабілетін
құрметтеу және өз дербестігін сақтаудағы мүгедек балалардың құқығын құрметтеу
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда мүгедектігі бойынша кемсітушілікке тиым салу ұстанымы түсіндірілмейді. Шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, наным-сенімі, тұрғылықты жері
немесе басқа да түрлі жағдайларға қатысты кемсітушілікке тиым салу ұстанымы ҚР Конституциясының 14 заңында бекітілген.
Сонымен бірге, Келісімшарт «айырмашылық, ерекшелік немесе мүгедектік әсерінен шектелу ретінде мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті анықтайды, оның мақсаты немесе нәтижесі төмендету не мойындаудан бас тарту, адамдардың барлық құқықтарын және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез келген басқа саладағы негізгі бостандықты басқалармен тең дәрежеде жүзеге немесе іске асыру болып табылады. Келісімшартқа сәйкес, бұл кемсітушіліктің барлық түрлері, соның ішінде саналы түрде бейімделуден бас тарту да кіреді.
Түсінікті аппаратқа қайта орала отырып, Келісімшарт саналы бейімделуді «мүгедектердің адам құқықтары мен басты бостандықты басқалармен теңдей жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында сәйкессіз және қисынсыз салмақ түсірмейтін түрлендірулер мен түзетулер қажет және сәйкес кезде, оны нақты қажет болған жағдайда енгізу» ретінде анықтайды.
ҚР заңнамасы әлі саналы бейімделу және әмбебап дизайн (соңғысы Келісімшартта «заттар, жиһаздар, бағдарламалар мен қызметтер дизайні ретінде анықталған, бар мүмкіндікті пайдаланып оларды бейімделу немесе арнайы дизайннің қажеттілігінсіз-ақ пайдалануға жарамды етуге тартылған және қажет жерінде мүгедектердің нақты бір тобына арналған пассисивті құралдарды шығарып тастамайды) деген сияқты түсініктерді енгізбеген.
Елімізде әмбебап дизайнді қамтамасыз ету шаралары заңнамалық деңгейде әлі қабылданбағандықтан, соңғы кездері мүгедектердің қажеттіліктері мен мұқтаж нәрселеріне қоршаған ортаның бейімделуі үшін белсенді түрде әрекеттер жасалып жатыр. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» заңында саналы түрде бейімделу мағынасы бойынша ұқсас «өзін-өзі күту, өз бетінше өмір сүруге қол жеткізу немесе мүгедектерді отбасылық және қоғамдық өмірдің қалыпты
33
жағдайларына қайтару үрдісі» ретінде әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделу түсінігі қарастырылады.
Алайда, бұл ұқсастық тағы да мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне қоршаған орта мен қоғамның бейімделуін емес, мүгедектің
бейімделуін түсіндіреді. Бұдан да басқа, заңның түсіндірмелі аппараты техникалық қосалқы (қажеттіліктің орнын толтыратын) құралдар («протезді-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар) анықтамасын енгізген, олар Келісімшарттың бөлігінде ассистивті құралдар ретінде қарастырылады және әмбебап дизайннің мүмкін болатын бір элементі болып табылады.
Саналы түрде бейімделу негізінде жатқан Келісімшартты Қазақстанның сәулет, қала салу және құрылыс саласынан қадағалауға болады. Бұл жерде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала салу және құрылыс саласы туралы» №242 ҚР Заңының 11 бабының 2 тармақшасында 2001 жылында.
Спорт залдарын қоса алғанда оқу үрдісіне арналған ғимаратты жабдықтауға әмбебап дизайн ұстанымын енгізу мен ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа әзірліктер 2012-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің өмір сүру сапасы мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болашаққа Ұлттық әрекет жоспарының жобасымен жорамалданған, бірақ ол ұзақ мерзімді ресми құжат ретінде әлі бекітілмеген.
Шілдеде қабылданған заңда бекітілген елді мекен түрі мен сол жердің жағдайларына сәйкес жұмыс орындары мен инфрақұрылымдар нысанына мүгедектер мен оған бейімделуі төмен тұрғындарға арналған тиімді жағдайлармен және қолжетімді құралдарымен міндетті қамтамасыз ету туралы норма басты болып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстанда «Бейімделуі төмен топтарға арналған ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» жобалау ережелерінің жиынтығы (ЕЖ) қабылдануы мүмкін, ол жоба ретінде 2011 жылы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық істері бойынша ҚР Агенттігімен жарияланған еді. Осы ЕЖ қабылдаудан кейін Қазақстан заңнамасына мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Келісімшартына толық сәйкес ЕЖ анықталатын әмбебап дизайн ұғымы енгізіледі деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |