Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының ролі.
-инклюзивті білім беруді дамыту сұрақтары бойынша жалпы қоғамды ақпараттандыру және ағарту;
-мүмкіндігі шектелген балаларды интеграциялау және әлеуметтік-еңбектік бейімделу сұрақтары бойынша ықпалдандыру;
-балаларды оқыту және тәрбиелеу сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлер үшін (семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, әдістемелік бірлестіктер т.б шаралар) коррекциялық және инклюзивті білім беру шеңберінде мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыты бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру;
-ата-аналар үшін (дөңгелек үстел, семинарлар, кітапшалар т.б)тиімді шаралар жүргізу;
-жалпы қоғам үшін топтық ақпараттық құрылымдарда баяндамалардың тыңдалуы.
Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс.
Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.
Инклюзивті білім беру негізіне баланы кез-келген дискриминациядан құтқаратын, барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған. Кез-келген қатыгез білімділік жүйеден балалардың белгілі бөлігінің шығып қалатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені, жүйе бұндай балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын емес.Бұл салыстыру
61
мектептегі барлық балалар санының 15 % құрайды, шығып қалған балалар оқшауланып қалады. Инклюзивті тәсілдер бұндай балаларды оқыту мен жетістікке жеткізуде қолдау танытады, жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |