«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет34/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
сүйемелдеу арнайы мамандармен іске асырылады: педагог-психологтармен, мұғалім-логопедтермен, әлеуметтік педагогтармен, мұғалім-дефектологтармен.
Мүмкіндігі шектелген балалардың қатер тобын анықтауда мамандардың психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті кәсіпкерлігі жоғары болумен қатар диагностика жүргізуде стандартталған технологияларды және бірыңғай әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.
Білім беру үрдісінің қазіргі кезеңдегі оқыту мен тәрбиені қамтамасыз ететін механизмдерінің бірі сүйемелдеу үрдісі (қолдау және көмек). Ол барлық балалардың, соның ішінде психикалық және физикалық дамуының проблемалары бар балалар үшін де толыққанды дамуының әлеуметтік кепілдігі болып анықталған.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу дегеніміз–мүмкіндігі шектелген балаларға және ата-аналарға түрлі бағыттағы мамандардың біріккен көмегімен тәрбиелеу, дамыта оқыту және әлеуметтендіру міндеттерін шешуде психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді технологиясы.Түрлі бағыттағы арнайы мамандардың кешенді іс-әрекеті бағытын және сүйемелдеу жүйесінің мазмұнын нақтылауы денсаулығында ақаулығы бар балаларды оқытумен тәрбиелеудің жалпы міндеттерімен анықталады. Ол- баланың жалпы қоғам ортасында әлеуметтік және еңбектік бейімделуі.
Баланың өмір жолында сүйемелдеу – ол, бірге жүру, қасында жүру, кейде сәл алдында жүру, керек болған жағдайда мүмкіндік жолдарын түсіндіру. Ересек адам баланың қажеттілігіне, талғамына көз салып жетістіктері мен

60

қиындықтарын ескереді, кеңес беру және үлгі болатын мысалдармен қоршаған ортада бейімделуге, өзін түсінуге және қабылдауға көмектеседі. Бұнымен ересек адам баланың ортаға бейімделуінде, баланы бақылауға немесе өзінің өмірге бейімделу жолдарын балаға ұсынуға тырыспай, керісінше, бала адасып қалғанда немесе көмек сұрағанда ғана, қайтадан өзінің өмір жолына жетуге көмектеседі.


Кешенді біріккен жұмыстың бірнеше түрлерін айыруға болады, ол: балаларды кешенді тексеріп диагностикалау, мамандардың ұсыныстарын ескеріп түзете білім беру бағдарламасын құру, жеке кешенді түзете-дамыту бағдарламасын жоспарлау және іске асыру, мамандардың біріккен психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жұмыстарын ұйымдамстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет