«Дүниетану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Дүниетану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (8-қосымша) «Дүниетану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға;
білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін:
Отбасы туралы түсінік бере алады; Отбасы туралы құндылытарды біледі.
2
Мәдениеттілік
Білім алушы мәдениет, мәдениеттілік туралы адамгершілік қасиеттерді ажырата алады.
Ұлттық мәдениеттің құндылыққа жататытын, әдептілік негізі болатынын ұғындыру.
өрт, су, газ қауіпсізідігін сақтау ережелерін біледі;
-табиғи қауіп-қатер туралы түсінігі қалыптасқан.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
5.14-кесте. «Дүниетану» пәні бойынша жинытық бағалаудың саны