– 7.2-кесте –1-4-cыныпта оқыту өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
1
Қазақ тілі
2
70
2
70
2
Қазақ тілі
2
72
2
72
3
Қазақ тілі
3
108
2
72
4
Қазақ тілі
3
108
2
72
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасы жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылды; білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға баса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант пен көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Төменде жазба жұмыстары келтірілген (7.3-кесте).
7.3-кесте. Жазба жұмыстарының нормалары
Жазба жұмыстарының
Сыныптар
түрлері
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
Сөздік диктант
3-5 сөз
5-7 сөз
7-9 сөз
9-10 сөз
Диктант
-
15-20 сөз
20-30 сөз
30-40 сөз
Көшіріп жазу
9-12 сөз
12-16 сөз
16-20 сөз
20-25 сөз
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптары «ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы № 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.
9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес болуы керек.
12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
7.4-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыстіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 2сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз.
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады.
7.5-кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі (Т2)
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары
Элективті курстар мазмұнына қазақ тілін үйрету, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс, қазақтың салтдәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұнына арналған тақырыптар алынады. Мысалы, 1. «Менің Қазақстаным» курсы Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін үялату, сол арқылы Отанды, елді, жерді сүйюге тәрбиелеу.
2.«Менің отбасым» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын отбасына деген құрметті дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының бойында мейірім, адамгершілік, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, кішіпейілділік, еңбекқорлық, бір-бірін сыйлау, туыстық жылы қарым-қатынас, отбасы құндылығын бойына сіңіру. «Туған жерім» курсы: Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілікті, білім алушының бойына сіңіру. Оқушының бойында патриоттық сезім, адалдық, елін, жерін сүю, Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу.
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар: Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.
Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі; 7. Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін тиімді оқу ортасын құру.
Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің тізімі
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген ).
«Қазақ тілі» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Пәні мазмұны білім алушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Рухани адамгершілік тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады.