Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет20/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

жылы оның көлемі 23 млрд теңге дейін ұлғайтылды, ал 2020 жылы 125 млрд 918 млн теңгеге 

жеткізу жоспарлануда

25

.



Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013  жылдың  30  қазанындағы  бұйрығымен  бекітілген  Орта  білім  беруді  жан  басына 

шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес бір оқу жылына есептеледі. Бір 

білім алушының оқу құнының мөлшері, білім беру бағдарламаларын іске асыру түрі, деңгейі 

мен орнына байланысты болады. 2019 жылы әрбір балаға орташа есеппен 224 мың теңгеден 

бөлінді.


Білім  беруді  қаржыландырудың  үш  негізгі  көзі  –  мемлекет,  донорлар  және  үй 

шаруашылықтары  болып  табылады.  2019  жылдың  Білім  мониторингі  бойынша  жыл 

сайынғы ЮНЕСКО баяндамасында, білім беруге бөлінген жалпы шығынның 79% – мемлекет 

үлесіне,  21%  –  үй  шаруашылығына  түсетіндігін  атап  өтті.  Білім  беруге  жұмсалатын  жалпы 

шығыстардың, табысы төмен елдердегі 12%-н және табысы орташадан төмен елдердегі 2%-н 

донорлар көтереді

26

.

Халықтың  білім  алуға  жұмсайтын  шығындары  маңызды  мәселе  болып  табылады. 



Олардың  үлесі  жалпы  шығындардың  есебінен  азайып  келеді.  Егер  2012  ж.  білім  алуға 

шығатын шығыстың үлесі жалпы шығыстардың 3,88% құраса, 2018 ж. шығыстардың көлемі 

2,76%  дейін  төмендеген.  Халықтың  білім  алуға  жұмсайтын  шығындарының  қысқаруы 

жағдайында,  қала  мен  ауыл  арасындағы  білім  беруге  жұмсалатын  шығындарындағы 

алшақтықтың  күшеюін  байқауға  болады.  2012  жыл  мен  2018  жылдар  аралығында  білім 

алуға  ауыл  тұрғындары  қала  тұрғындарына  қарағанда  екі  есе  аз  шығынданған,  аралық 

айырмашылық 2012 ж. 25,8% болса, 2018 ж. 46,2% дейін өскен. 

Ауыл  мен  қала  тұрғындары  шығындарының  сипатын  зерттей  отырып,  ресми  және 

бейресми білімге қол жеткізу мәселесіндегі аумақтық айрмашылықтарды анықтауға болады. 

Қала  тұрғындары  мектепке  дейінгі  білімге  көп  шығындалады  (32,2%),  ауыл  тұрғындары 

қаражаттарын  –  жоғары  білімге  (26,2%)  салады.  Қала  тұрғындарымен  салыстырғанда 

ауылдықтар  жол  жүру  (2  есе)  және  ересектерді  оқыту  үшін  (7  есе)  қаражатты  көп 

жұмсайды.  Ауылдың  ересек  тұрғындарының  қосымша  білімге  деген  жоғары  сұранысы 

орынды. Сонымен қатар, қалалықтардың репетитор қызметіне жүгінуі ауылдық елді мекен 

тұрғындарының (1,8%) сұранысымен салыстырғанда, шамамен 5 есе (9,3%) жоғары

27

. Білім 



беру  қызметтерінің  нарығындағы  сан  салалы  ұсыныстарға,  бейресми  білім  түрлеріне  қол 

жетімділік  факторлары,  қала  тұрғындарының  артықшылықты  жағдайын  көрсетеді.  Бұл 

жағдайлар  ауылдық  және  қалалық  мектеп  оқушыларының  арасындағы  академиялық 

жетістіктердің теңсіздігіне сөзсіз алып келетіні хақ. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет