Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


 ШЖМ-нің оқу сапасын арттырудағы ресурстық орталықтардың ролі



Pdf көрінісі
бет46/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
2.3  ШЖМ-нің оқу сапасын арттырудағы ресурстық орталықтардың ролі

Ауылдық  ШЖМ  жай-күйін  зерделеу,  бұл  мектептерде  балалардың  білім  алу 

қажеттіліктерін  толық  қанағаттандыру  және  жан-жақты  дамуы  үшін  жағдайлар  жоқ  екенін, 

оқушылардың  қабілеттері  мен  қызығушылықтарын  ескере  отырып,  тереңдетілген  және 

әрекетті оқытуды ұйымдастыруда қиындықтар бар екенін көрсетеді.

ҚР  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсанында  қол  қойылған  №1118  Жарлығымен 

2011–2020  жылдарға  арналған  ҚР  БҒДМБ  75-ші  тармағын  іске  асыру  нәтижесінде,  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  жанынан  Шағын  жинақты 

81

  Атоянц-Ларина В. Без будущего // http://expertonline.kz/a13204/



82

  Лаханулы Н. «С дипломом — в село». Как живут уехавшие по программе // https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-

programma-s-diplomom-v-selo/30038197.html



37

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

мектептерді  дамыту  республикалық  орталығы  құрылды

83

.  Орталықтың  негізгі  міндеті 



педагогикалық  процесті  жетілдіруге  және  ШЖМ-ды  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз 

ету  қажеттілігін  анықтауға  бағытталған  белсенді  зерттеу  жұмысы  болып  табылады.  

А. Т. Дүйсебектің басшылығымен шағын жинақты мектептерді дамыту Тұжырымдамасының 

жобасы дайындалды. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ШЖМ дамыту 

республикалық  орталығы  ресурстық  орталықтармен  және  оларға  бекітілген  ШЖМ-мен 

белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасайды, ШЖМ және ресурстық орталықтарды ғылыми-

әдістемелік қамтамасыз ету бойынша үйлестірушілік рөл атқарады

84

.



Шағын  жинақты  мектепте  білім  беру  сапасының  проблемаларын  шешудің  бір  жолы 

тірек мектептер – ресурстық орталықтарды құру болды. ШЖМ дамыту тұжырымдамасында 

ресурстық орталықтың жалпылама анықтамасы ұсынылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет