Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет45/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111
Бейсенбек  Зиябек  «Дипломмен  –  ауылға»  бағдарламасының 

экономикалық  тиімділігіне  күмән  келтіреді.  Ол  ауылдық  жерлерде  жас  мамандарды  тарту 

үшін  қажетті  тұрмыстық,  инфрақұрылымдық  жағдайлар  жасау  жеткіліксіз  деп  санайды. 

Өндірісті  жолға  қою  қажет.  Егер  ауылда,  ауылдық  өндірістік  кәсіпорындардың  саны  өсіп, 

онда  жұмыс  істеу  үшін  жас  мамандар  жаппай  тартылған  жағдайда  ғана,  бұл  бағдарлама 

экономикалық тиімді бола алады, – деп есептейді экономист

82

.

Осылайша,  «Дипломмен  –  ауылға»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асырудың  оң 



үрдістерін,  сондай-ақ  қиындықтарын  да  атап  өтуге  болады.  Мемлекет  тарапынан  жас 

мамандарға  берілетін  әлеуметтік  қолдау  шаралары:  еңбекақыны  арттыру,  жеңілдікті 

шарттармен  тұрғын  үй  сатып  алуға  ықпалдасу,  көтерме  жәрдемақылардың  есебінен  көші-

қонға  байланысты  бастапқы  мұқтаждықтарды  еңсеру,  бағдарламаның  неғұрлым  тартымды 

жақтары  болып  табылады.  Жас  мұғалімдерге  шағын  ұжымда  тәжірибе  жинақтауға, 

педагогикалық салада өзін көрсетуге мүмкіндіктер беріледі.

Жас  мұғалімдердің  жиі  кездесетін  қиындықтарының  ішінде  үлкен  жүктеме  мен 

есеп  беру,  ШЖМ-дағы  сағаттары  санының  аз  бөлінуі,  осылардың  салдарынан  жалақының 

төмен  мөлшерлілігі,  жергілікті  билік  органдары  тарапынан  бюрократиялық  және  сыбайлас 

жемқорлық  жағдайларының  орын  алып  отыруын  атап  өтуге  болады.  Жас  мамандардың 

ауылға  келу  ниетіне  кері  әсер  беретін  факторлар  қатарына,  жайлы  өмір  сүруге  қажетті 

қарапайым  тұрмыстық  жағдайлардың,  өсу  мүмкіндігінің  (кәсіби,  мансаптық)  төмендігін 

жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет