Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Тірек мектеп-ресурстық орталығы



Pdf көрінісі
бет47/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Тірек мектеп-ресурстық орталығы

– өзіне кіретін магниттік мектептердің, мектепке

дейінгі  білім  беру  ұйымдарының,  кәсіптік  лицейлердің,  сауықтыру-спорт  кешендерінің,

мәдени-демалыс  орталықтарының,  ауыл  шаруашылығы  зертханалары  мен  шеберхана-

ларының қолда бар кадрлық, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік ресурстарын

интеграциялы-жұмылдыратын, сол арқылы ауылдық жерлерде білім алушылардың білім

беру процесінің дамуы мен сапасын қамтамасыз ететін, мақсаттары мен міндеттері ортақ

біртұтас білім беру жүйесі

85

.

Ресурстық  орталықтарды  құру  идеясы,  2011  жылғы  Қазақстандық  тұжырымдаманы 

енгізгенге дейін болған. Таяу және алыс шетелдерде бірнеше ондаған жылдар бойы белгілі-

бір  білім  беру  міндеттерін  шешетін  ресурстық  орталықтар  өз  қызметін  жүзеге  асырып 

келді. Мұндай орталықтардың бірнеше түрін бөліп қарастыруға болады: қызметі біліктілікті 

арттыруға,  кәсіптік  білім  беруге,  қосымша  білім  беру  аясында  білім  беру  технологияларын 

және  басқа  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  ресурстық  орталықтар.  Білім  беру 

саласындағы тәжірибе, орталықтардың тиімділігін көрсетеді.

Қазақстандағы  тірек  мектептерді  институттандыру  кезінде,  бұрыннан  қолданыстағы 

ресурстық  орталықтардың  жұмыс  істеу  тәжірибесі  айналымға  түсе  бастады.  Орта  оқу 

орындарын біріктіретін және өз қызметін мектеп-кешендер ретінде (балабақша-мектептер, 

мектеп  жасына  дейінгі  білім  беру  –  білім  беру  шағын  орталықтары,  мектеп  жанындағы 

интернат-мектептер,    шағын  орталық-мектептер),  әлеуметтік-мәдени  орталық-мектептер 

(ауылдық  кітапханалардан,  медициналық  пункттерден,  пошта,  клубтан  тұратын),  агро-

биолабораториялық-мектептер  (ауыл  шаруашылығы  бағыты  бойынша  тереңдетілген 

теориялық  және  практикалық  дайындықты  қамтамасыз  етуші),  оқытудың  сыныптан  тыс-

сабақтық  емес  (оқыту  процесін  ұйымдастырудағы  білім  алушылардың  әртүрлі  жас  құрамы 

қатысқан сабақтың ұжымдық оқу түрі) үлгісіндегі мектептер.

ШЖМ-ды  дамытудың  жоғарыда  көрсетілген  тұжырымдамасының  жобасы  негізіне, 

ресурстық  орталықтар  –  тірек  мектептердің  барлық  жүйесі  сияқты  Қарағанды  облысының 

ресурстық  орталықтарының  жұмыс  тәжірибесі  алынды.  Ауылда  білім  беру  сапасының 

маңыздылығын  ескере  отырып,  Қарағанды  облысы  қаржыландырудың  тиімді  тетіктері, 

ресурстық  орталықтар  моделі  шеңберінде  ШЖМ  қызметін  ұйымдастыру  үшін  локомотив 

және үлгі бола алды. Ауылдармен қатар, Қарағанды облысында жоғары оқу орындарымен 

83

  2010 жылғы 7 желтоқсандағы 2011–2020 жж. арналған ҚР БҒДМБ.



84

  Официальный сайт Национальной академии образования им. И. Алтынсарина // https://nao.kz/index/fromorg/13

85

  ҚР ШЖМ 2010–2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы (жоба).




38



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет