Диаграмма 12. Қазақстандағы тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) динамикасы
200
180
160
140
120
100
80
60
40
20
0
162
160
148
111
89
177
184
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Диаграмма ресурстық орталықтар, санының өсуі және ауылдық осал мектептерде
оқыту сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігі ретінде өзінің басты
миссиясын орындап отыр.
Отандық педагогтар және сарапшылардың еңбектері мен зерттеулері, ресурстық
орталықтар санының артуымен қатар, олардың ауыл мектептерімен өзара іс-қимыл
процесіндегі ерекше рөлін айғақтайды. 2015 жылы «ауылдық ресурстық орталықтар мен
дербес ШЖМ-ді бірыңғай білім беру-ақпараттық технопаркіне (ЖОО базасындағы тірек
мектебіне) интеграциялау» тақырыбында ғылыми жоба жүргізілді. Бұл жоба ауылдық
шағын жинақты мектептерді бірыңғай білім беру-қалыптастыру технопаркіне интеграциялау
арқылы сапалы білім беру туралы мәселені зерделеуге бағытталып, өңірлік Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің базасында тірек мектебі құрылды
88
.
Ресурстық орталықтардың инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау орындары болып
табылатыны белгілі. Бірақ, бұл әлеует ауылдық тірек мектептерде дамымаған. Мұндай
қозғалыстың елордада және аймақтық орталықтарда бастау алуы бар. «Дара» қоры мен
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің педагог-зерттеушілері, Samruk-Kazyna
Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен Нұр-сұлтан қаласында ресурстық
орталықтар елорданың жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беру үшін
жағдай жасауға қалай көмектесетінін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Осы әлеуметтік
жобаның арқасында 2020 жылдың басында ел өңірлерінде инклюзивті білім берудің 29
ресурстық орталығы құрылды
89
. Еліміздің қалалық мектептерінде ресурстық орталықтар
желісінің таралуы осындай инклюзивті білім беру ошақтарының және ауылдық мектептердің
пайда болуымен назар аудартады. Шындығында, ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балалар ауылдық жерлерде тұрады.
88
Шункеева О. А., Альмурзаева Б. К., Наурзалина Д. Г., Жайтапова А. А., Сатыбалдина К. Г., Тулегенова Ш. И. Интеграция
сельских ресурсных центров и самостоятельных МКШ в единый образовательно-информационный технопарк (опорная
базовая школа на базе вуза) // Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. – 2015. – № 3 (301). –
С. 264–270; Современная малокомплектная школа Казахстана – центр социокультурного развития и информационного
пространства села // Фундаментальные исследования. – 2015. – № 2 (часть 14) – С. 3175–3179.
89
29 ресурсных центров инклюзивного образования открыли в РК // Режим доступа: https://24.kz/ru/news/social/
item/358988-29-resursnykh-tsentrov-inklyuzivnogo-obrazovaniya-otkryli-v-rk
|