Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Республикасының  шағын  жинақты  мектептер  академиясы»  порталы  түрінде



Pdf көрінісі
бет59/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111
Республикасының  шағын  жинақты  мектептер  академиясы»  порталы  түрінде 

ақпараттық  білім  беру  жүйесін  дамыту»  ғылыми  жобасы  іске  асырылуда.  Осы  жоба 

аясында Алматы облысының Дзержинский және И. Лермонтов кенті мектептерінде, Кальпе 

online  режимінде  аудио  көрнекі  оқу  құралдарын,  ақпараттық  білім  беру  бағдарламаларын 

пайдалана  отырып,  бейне-конференциялар  өткізілді,  сондай-ақ  республиканың  ШЖМ 

мұғалімдерінің  өздігінен  білім  алу  және  біліктілігін  арттыру  курстары  ұйымдастырылды. 

«Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Қазақстан  Республикасының  шағын  жинақты  мектептер 

академиясы»  порталы  арқылы  ШЖМ  педагогтарының  өздігінен  білім  алуы,  оқушылармен 

шеберлік  сабақтарын  өткізу,  мұғалімдер  арасында  тәжірибе  алмасу  мақсатында  сабақтар 

ұйымдастыру жүзеге асырды

99



«ШЖМ академиясы» порталының контентін зерттеп, біз 2015 жылғы ШЖМ-ға ғылыми-

әдістемелік  көмекті  жүзеге  асыру  бойынша  соңғы  жылғы  қорытындыларға  тоқталдық. 

Мұны 2015 жылғы күнтізбелік жұмыс жоспары дәлелдейді, ал «жаңалықтар мен оқиғалар» 

бөлімінде іс-шаралар  2010 жылдан  бастап 2015 жылға  дейін онлайн режимінде өткізілген. 

2014 жылдың 24-25 сәуірінде ҚазҰПУ базасында өткізілген «Мәңгілік халыққа – ақпараттық 

мектеп  –  шығармашылық  педагог  –  бәсекеге  қабілетті  оқушы»  атты  ШЖМ  директорлары 

мен  мұғалімдерінің  Республикалық  слеті  ең  ірі  іс-шара  болды.  Абай  «Онлайн  сабақ» 

бөлімінде  2013  жылға  дейін  құрылған  түрлі  пәндер  бойынша  22  сабақ  және  2013  жылғы 

12  сабақ  сақталды.  ШЖМ  академиясы  республиканың  15  мектебіне:  Алматы  облысының 

бес  орта  мектебіне,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс  қазақстан  екі  мектебіне  және  Қостанай, 

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының бір мектебіне 

тәлімгерлікті жүзеге асырды.

2012  жылы  Қазақстанда  байланыс  және  ақпарат  министрлігі  Білім  министрлігімен 

бірлесіп әзірлеген «Білім» білім беру телеарнасы пайда болды. 2014 жылы ол «Мәдениет» 

арнасымен біріктіріліп, «Білім және Мәдениет» деп атала бастады, ал Kazakh TV және «Білім 

және  Мәдениет»  арналарының  бірігуі  нәтижесінде,  2016  жылдың  25  қазанында  эфирге 

Kazakh TV атты бірыңғай арнамен шықты.

Әлемдік  педагогикалық  практикада  білім  беру  бағдарламаларына  сәйкес  әзірленген 

цифрлық  ресурстардың  үлесі  артты.  Эстониядағы  мектеп  оқу  бағдарламаларының  70%-дан  

астам,  ал  Голландияда  90%-ға  цифрлық  ресурстармен  қамтамасыз  етілген.  Қазақстанда 

мектеп  оқушылары  үшін  цифрлық  ресурстар  белсенді  әзірленуде,  бірақ  олармен  облыстар 

бойынша  мектептерді  жарақтандыру  5%-дан  36%-ға  дейінгі  диапазонда  тұр.  Техникалық 

және  кәсіптік  білім  берудің  оқу  бағдарламалары  мазмұнының  10%-ы  цифрлық  форматқа 

көшірілді

100



Қазақстанда  білім  берудің  ақпараттық  инфрақұрылымын  қалыптастыруға  көп 



көңіл  бөлінеді.  Білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасының  мақсаттарының  біріне  сәйкес,  білім  беру  процесінің  барлық 

99

  Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайты // http://www.kaznpu.kz/ru/1017



100

  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясы.




48



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет