Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет60/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

қатысушыларының  үздік  білім  беру  ресурстары  мен  технологияларына  тең  қол  жеткізуін 

қамтамасыз ету үшін елімізде көптеген ақпараттық ресурстар пайда болды.

2011 жылдан бастап E-learning электрондық білім беру бағдарламасын құру бойынша 

жұмыс  басталды.  Бағдарлама  күрделі  инфрақұрылымға  ие  болды,  осы  ауқымды  жобаның 

құрамдас  бөліктері  білім  беру  ұйымын  басқару  (Электрондық  құжат  айналымы),  оқытуды 

басқару (электрондық журнал), электрондық кітапхана, тестілеу жүйесі, ұлттық білім берудің 

деректер  базасы,  вебинарлар,  сыныпты  басқару  жүйесі,  оқу  материалдарын  әзірлеу, 

әкімшілендіру жүйесі және т.б. болды. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін 1159 білім беру 

объектілерінде,  оның  ішінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  E-learning 

енгізу  жүзеге  асырылды.  2020  жылға  дейін  орта  білім  беру  ұйымдарының  90%-ында 

электрондық оқытуды пайдалану жоспарланды

101


Алайда,  қазіргі  уақытта  білім  беру  мекемелері  тарапынан  бағдарламаға  деген 

қызығушылықтың  азаюын,  ал  компоненттердің  басқа  электрондық  ресурстар  арасында 

қайта  бөлінуі  сынды  кері  көріністі  байқауға  болады.  2017  жылы  Бағдарламаны  іске  асыру 

көптеген  талаптарды  бұзушылықтарға  байланысты  тоқтатылды.  Мемлекеттік  аудит  жалпы 

сомасы  43  млрд  теңгеден  асатын  қаржылық  бұзушылықтарды  анықтады.  Айта  кету  керек, 

егер  ауыл  мектептерінде  сапалы  интернетке  қолжетімділік  болмаса,  онда  E-learning 

пайдалану мүмкін болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет