Bilim Land Онлайн-платформасы 2013 жылы пайда болды, оны құру үшін 3 жыл
қажет болды. Компания сайт мазмұнына сараптама жүргізу үшін «Оқулық» республикалық
орталығына өтінім берді, ол қазақстандық мектептерде пайдаланылатын барлық білім беру
бағдарламаларын сертификаттауды және байқаудан өткізуді жүргізді. Алғашқы Bilim Land
жүйесіне НЗМ қызығушылық танытты, содан кейін басқа оқу орындары жобаға назар аудара
бастады. 2016–2017 оқу жылында платформаға 4 мыңнан астам мектеп қосылды. Сайтты
әзірлеуші инновациялық компания Bilim Media Group Қазақстан үшін жаңа электрондық
оқыту нарығын қалыптастыратын оқыту контентін, сондай-ақ онымен байланысты
технологиялар мен қызметтерді әзірлеуде, оқшаулауда және таратуда өз миссиясын
танытты
102
.
ШЖМ басшылығымен болған сұхбатында көптеген ақпарат берушілер, мұғалімдердің
барлығы дерлік өздерінің дербес компьютерлерін, ноутбуктерін пайдаланады және
жеке модемдерді пайдаланатындығын жеткізеді, себебі ескі модификациядағы мектеп
компьютерлері мен сапасы төмен интернет-байланысы онлайн-платформаларымен жұмыс
істеуге мүмкіндік бермейді.
Осылайша, білім беруді ақпараттандыру көп жағдайда мұғалімдердің жұмысын
жеңілдетудің орнына, жаңа жүктемелерге және уақыт пен жеке қаражаттың қосымша
шығындарына әкелді.
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде жаңа бірыңғай ақпараттық
білім беру ортасы
Достарыңызбен бөлісу: |