Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
жарақтандыруға жұмсалады. Мұғалімдер мен ШЖМ директорларының педагогикалық
әлеуетін күшейту үшін арнайы бағдарламалар дайындалады, олармен 200 мыңнан астам
мұғалімдер мен ауыл мектептерінің басшыларын қамту жоспарлануда. Жоба алдын-ала
2020 жылдың соңына дейін есептелген, бірақ осы жылдың басында ол 2023 жылға дейін
ұзартылды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша оқулықтар сапасын сараптау, бағалау жүйесін
күшейту, мектептерді тексеру, инклюзивті білім беру моделін әзірлеу бойынша техникалық
тапсырмалар әзірленді. Білім беру ұйымдарын қажетті техникамен қамтамасыз етуге
қатысты, өткен жылы 16 педагогикалық ЖОО робототехника зертханаларымен жабдықталды,
педагогикалық ЖОО-лардың педагогтар құрамы мектептердегі STEM оқыту әдістемелеріне
оқытылды
105
.
Осылайша, жоба әлі күнге дейін қазақстандық орта білім беру жүйесіндегі
қалыптасқан жағдайды зерделеудің сатысында тұр, ауыл мектептерінің қажеттіліктерін
айқындау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді, әртүрлі техникалық тапсырмалар әзірленді
және мектептерді жарақтандырудың әдістемелері мен жиынтықталуы айқындалды.
Бүгінгі таңда барлық бөлінген қаражаттың 0,83% игерілді, онда несие бойынша
пайыздар, комиссиялық алымдар 1,12% құрайды. ДБ-ға 825000 АҚШ доллары несие
қаражаты бөлінді, комиссиялық алымдар мен олардың проценттері 561200,9 құрайды.
Дүниежүзілік банктен 67 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі несие резервте тұр. Ал елдің
бюджетінен Дүниежүзілік банкке күніне 458 доллар мөлшерінде өсімпұл мен айыппұл
төленеді, бұл жинақтар жинақтап алғанда бір жыл ішінде 150 мың АҚШ долларын құрайды.
Сонымен қатар, БҒМ шенеуніктері үкіметтен ауыл мектептеріне компьютер сатып алуға тағы
74 миллиард теңгеге өтініш түсірді
106
.
Жалпы алғанда, өте перспективалы жобалар, әрі оларды жүзеге асыру COVID-19
пандемиясын ашқан үлкен олқылықтар мен мәселелерді шешуге бағытталар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |