Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет67/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

жылдамдығы  512  Кбит/с-тан  10  Мбит/с-қа  дейін  түрленді.  Мектеп  мұғалімдеріне  Kundelik 

электрондық  журналын  толтыру  үшін  2-3  Мбит/с  жылдамдық  қажет,  Bilim  Land  онлайн-

платформасының  сабақтарында  бейне  контентті  пайдалану  4-5  Мбит/с  және  одан  жоғары 

жылдамдықты  талап  етеді.  Веб-беттерді  қарау  үшін  1  Мбит/с  жылдамдықпен  интернет 

байланысы  қажет,  HD  форматындағы  бейне  ағыны  үшін  –  5  Мбит/с  яғни,  бейне  жазбаны 

көру,  онлайн  трансляцияға  қатысу,  вебинарлар,  бір  реттік  ағын  немесе  онлайн  трансляция 

үшін 5 Мбит/с-тан астам интернет байланысының жылдамдығы қажет.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  қарқынды  дамуымен,  болашақта 

мұндай жылдамдық жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік 

бағдарламасында  жылдамдығы  20  Мбит/с  дейінгі  кең  жолақты  қосылыстың  талшықты-

оптикалық  түрін  жүргізу  көзделген

112


.  Алайда,  2019–2020  оқу  жылының  IV  тоқсанында 

қашықтықтан  оқыту  тәжірибесі  көрсеткендей,  «әлсіз»  интернет  онлайн-оқытудан  бас 

тартудың  басты  себебі  болды.  Еліміздің  диджитализациясы  бойынша  республикалық 

бағдарламаның  нәтижелерін  біз  әлі  көрген  жоқпыз.  Оның  басталғанына  4  жылға  жуық 

уақыт  өтті,  Қазақстанның  цифрлық  даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  вице-

министрі А. Оспановтың өтініші бойынша іске асырылған екі жыл ішінде 40 млрд теңгеден 

астам қаражат жұмсалды

113


. Егер жылдар бойынша қарайтын болсақ, 2018 жылы «цифрлық 

Қазақстанға»  21,5  млрд  теңге

114

,  2019  жылы  –  16,9  млрд  теңге  жұмсалды  (оның  ішінде 



шығыстардың  75%-ы  әкімшілік  шығыстарға  және  тек  4,1  млрд-ы  цифрландырудың  өзіне 

тиесілі)


115

.  2020  жылға  нақтыланған  республикалық  бюджетте  электрондық  үкіметке, 

инфокоммуникациялық инфрақұрылымға және ақпараттық қауіпсіздікке арналған шығыстар 

70 миллиард теңгеден астам шығынды құрады

116

.

Әлеуметтанушы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет