Б. Боқаев пен З. Төребекова 30 мыңнан астам респонденттер іріктемесі
бар социологиялық сауалнама негізіндегі өз мақалаларында пандемия кезеңінде білім
алушылардың ата-аналары тап болған ең күрделі проблемалар: әлсіз интернет – 34,4%,
балалармен айналысуға уақыттың болмауы – 13,9%, балаларды оқыту үшін жеткілікті
білімнің болмауы – 9,9%, компьютердің немесе ноутбуктің болмауы – 8,2% екенін
анықтады
110
.
Әрине, «цифрлық теңсіздік» ұғымы кеңірек мағынаға ие, ал интернетке қол жеткізу
жылдамдығы оның негізгі сипаттамасы ғана. Қазақстан мектептері үшін интернетке қосылу
жылдамдығы неліктен соншалықты маңызды?
Кең жолақты немесе жоғары жылдамдықты байланыс термині телефон, кабель
(талшықты-оптикалық байланыс), сымсыз (кең жолақты ұялы байланыс), спутниктік, WI-FI
желісін қолдана отырып, коммутациялық қол жетімділікті пайдалану кезінде дерек терді беру
жылдамдығы мүмкін интернетке қол жеткізуді білдіреді. Алғаш рет кең жолақты интернетке
қол жеткізу 2000 жылдардың басында жүзеге асырылды. Бұл режимдегі деректерді берудің
ең төменгі жылдамдығы 56 Кбит/с болды.
111
Қазақстанда интернетке-қолжетімділік жылдамдығының маңыздылығы туралы 2010
жылдан бастап атап өтіле бастады, ал 2014 жылдан бастап интернет жылдамдығы туралы
ақпарат Ұлттық жинақтарда, есептерде, баяндамаларда және т. б. пайда бола бастады,
осылайша, ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының құжаттарында кең жолақты интернет
109
Клеменкова К. Испытание для образования: карантинный опыт Центральной Азии // https://factcheck.kz/mneniya/
ispytanie-dlya-obrazovaniya-karantinnyj-opyt-centralnoj-azii/?fbclid=IwAR3wiQxDg_BZzxQt_oz_0M51t8aTGJG3MsUZD5FJXdnUl
L3RWaXd-EoldrY
110
Бокаев Б. и Торебекова З. Оценка вовлеченности родителей в учебный процесс в период Covid-19: анализ
социологического опроса (кейс Казахстана) // Казахстан-Спектр. – 2020. – № 2 (94). – С. 97–106.
111
Широкополосный доступ // https://www.speedcheck.org/ru/wiki/broadband/
|