Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет17/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111
1.3  Қаржыландыру мәселелері

PISA  зерттеулері  қаржыландыру  мен  білім  беру  сапасының  өзара  байланысына 

назар  аудартады.  2019  жылы  Қазақстанда  білім  беру  шығындары  өсті  және  пайыздық 

көрсеткішпен  алғанда  19,4%  жетті.  Номиналды  түрде  шығындар  көлемі  2,33  трлн  теңгені 

құрады

16

. Білім беру шығындары бірнеше жыл қатарынан әлеуметтік көмек пен әлеуметтік 



қамсыздандырудан кейінгі ең жоғарғы мемлекеттік қаржыландыруға ие екінші сала болып 

келеді. 


Тұрақты  даму  мақсатының  4-ші  нәтижесіне  қол  жеткізу  міндеттері  аясында,  БҰҰ-

ның  ұстанымы  білім  беруді  қаржыландыруды  ұлғайтуға  және  осы  қажеттіліктерге  ЖІӨ-ден 

кемінде  4–6%  бөлуге  бағытталған.  Әлем  елдері  білім  беруге  ЖІӨ  көлемінің  орта  есеппен 

4,7%  жұмсайды

17

.  Дегенмен,  Қазақстандағы  білім  беруге  ЖІӨ-ден  бөлінетін  шығыстар 



әлі  ұсынысты  деңгейден  төмен  болып  қалуда.  2019  жылы  ол  3,62%  болды,  бұл  бұған 

дейінгі  екі  жыл  көрсеткіштерінен  жоғары  (2018  ж.  3,15%  және  2017  ж.  3,39%  болды).  2018 

жылғы  Дүниежүзілік  банктің  «Жаһандық  экономикалық  перспективалар:  Күңгірт  аспан» 

(Global  Economic  Prospects:  Darkening  Skies)  баяндамасында  Қазақстанның  2019–2021  жж.  

16

  Аульбекова А. Расходы госбюджета Казахстана на образование бьют рекорды // https://forbes.kz/process/education/



zakaznoy_pirog_1588226252/

17

  Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2016 год. С. Ирсалиев, 



А. Култуманова, Э. Тулеков, Т. Булдыбаев, Г. Кусиденова, Б. Искаков, Л. Забара, Л. Барон, Е. Коротких – Астана: АО 

«Информационно-аналитический центр», 2017. – Б. 24.




14

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет