Қ. Ақсақалов кейбір шалғай ауылдарда бір баланы оқытуға 800 мың теңге, ал
қалада – 250-300 мың теңге жұмсалатынын атап өтеді
22
. Мемлекет үшін ШЖМ қамтамасыз
ету бірнеше себептер бойынша қымбатқа түседі. ШЖМ-де сыныптардың жинақталуы аз, ал
штат пен оқытушылық құрам, қарапайым мектептегі сияқты. ШЖМ аудандық және облыстық
орталықтардан жырақ орналасқан, көбіне оқушыларды жеткізіп салу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда интернаттар құрылысын көтеру, салу өткір мәселелер қатарында тұр.
2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымдарында жан басына
шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізу басталды. Апробацияға еліміздің 5 өңіріндегі
(Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63
пилоттық мектептер қатысты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан қосымша астаналық 5 мектеп
және Алматы қ. 5 мектеп қосылды
23
. Өткен 2019–2020 оқу жылдары апробациядан 73
мектеп өтті. 2020–2021 оқу жылдары жан басына шаққандағы қаржыландыруды барлық
ірі қалаларда – облыс орталықтарының мектептерінде енгізу жоспарланған. Бұдан ары
қарай, ШЖМ және өзге мамандандырылған мектептерден басқа, республиканың барлық
мектептерінде енгізілетін болады
24
.
Қаржыландырудың жаңа схемасы қаражатты мектептерді дамытуға бөлуге,
бюджетті бөлудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Білім беруге арналған шығыстар ҚР
БжҒМ-де анықталады және орталықтандырылып, жергілікті білім басқармалары арқылы
тікелей мектептерге бөлінеді. Орта мектептердегі пилоттық жан басына шаққандағы
қаржыландыруды сүйемелдеуді және мониторингілеуді «Қаржылық орталық» АҚ жүзеге
асырады. 2018 жылы бағдарламаны іске асыруға 4,8 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, 2019
20
Перспективы образовательной политики. Казахстан. ОБСЕ, 2018. – С. 25; Ашимбаев назвал получателей госзаданий
на сумму более $1 млрд в обход тендеров и конкурсов // https://kaztag.kz/ru/news/ashimbaev-nazval-poluchateley-
goszadaniy-na-summu-bolee-1-mlrd-v-obkhod-tenderov-i-konkursov?fbclid=IwAR2euFpn4b4zcVJawN_eiSTxF0dWSe6g7Zz9yaH
UxjNOoQpLI82DRJqdwG4
21
В фокусе развития сельских школ. Круглый стол // https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2397881283614676&
id=100001784833433
22
Школьников из отдаленных сел отдают во «временные семьи» на севере Казахстана // https://ru.sputnik.kz/
regions/20190603/10369139/shkolniki-sela-vremennye-semi-north-kazakhstan.html
23
Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики Казахстан
в 2017–2018 учебном году: Инструктивно-методическое письмо. Астана: Национальная академия образования им.
И. Алтынсарина, 2017. – Б. 359–360.
24
Перспективы образовательной политики. Казахстан. ОБСЕ, 2018. – Б. 26.
16
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |