«Еселі жаңғырту» немесе ШЖМ педагогтерінің жүктемесін екі есе арттыратын
реформалар
2020–2021 оқу жылында еліміздің барлық мектептері мен сыныптары жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша оқитын болады. 4-5 жыл ішінде мектептегі әр мұғалімге
қатысты ауқымды реформалар өтті. «Жаңарту» қағидаттары мен тәсілдері ШЖМ-ның
талаптарына жақсы сәйкес келеді (сынып-жинақтардың болуы, білім алушылардың
шағындылығы, аралас мамандықтар бойынша біліктілігі бар педагогтар). Алайда, алғыс
айтудың орнына біз мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының жаңа
реформаға қатысты шағымдарын жиі естиміз.
Жаңа жағдайда сабақ өткізу үшін көп қаражат пен технологиялық шешімдер қажет,
бұл ауылдық ШЖМ-де жоқ. Көптеген ауылдық мектептерде параллель сыныптар жоқ,
сәйкесінше толық педагогикалық жүктемені алу үшін мұғалім бірнеше пәндер мен көптеген
сабақ жоспарларын қабылдауы керек. Осы жерден «жаңарту» сабақтарына дайындықтың
салмағы ауырлай бастайды.
НЗМ-нің озық тәжірибесін қарапайым мектептерге тарату басталған сәттен бастап
орта білім беру мазмұнын жаңарту жөніндегі оператор ретінде әрекет ететін «жетекші
мектептер» желісі құрыла бастады. Жетекші мектептер тірек мектептер негізінде құрылды.
Алайда, әдеттегідей, тараптардың келісімінсіз бұл жаңалық «жоғарыдан» төмендетілді.
Қызметті ұйымдастыру принципі тірек мектептердегідей, бірақ басқару орталығы бөлек,
жұмыс мазмұны бірдей. Осылайша, ШЖМ және тірек мектептер, жетекші мектептер,
локализацияланған мектептер ақы төленбейтін бірнеше есе артық жүктемелерге ие болды.
Білім беруді цифрландыру көбінесе мұғалімнің жұмысын жеңілдетудің орнына жаңа
жүктемелерге және уақыт пен жеке қаражаттың қосымша шығындарына әкелді.
Отандық орта білім беру жүйесіне қатысу және ҚР БҒМ тарапынан Bilim Land
интерактивті білім беру онлайн-платформасын қолдану әрбір нақты мектептің оқу
процессінде тиімсіз шараларға алып келді. Әр сабақта мұғалім онлайн-платформаның
мазмұнын пайдалануға міндетті, ал қажетті материалды табу үшін интернеттің төмен
жылдамдығына байланысты көп уақыт жоғалтады. Көптеген ШЖМ мұғалімдері бос
формальдылық үшін Bilim Land-қа жүгінеді, сондықтан бұл ресурс көбінесе оқу процессінің
сапасын арттыру үшін емес, талап етілетін бақылау саны үшін пайдаланылады (өтініштер
саны-мектептер мен білім бөлімдерінің рейтинг индикаторларының бірі).
Kundelik электронды журналын енгізу арқылы, ауыл мұғалімдеріне қосымша ақы
төленбейтін жұмыс қосылды. Белгілі болғандай, мұғалімдерді қағазбастылықтан босататын
бұл жоба, керісінше, ақы төленбейтін жұмыстың өсуіне әкелді. Сонымен, сынып жетекшісі
мен пән мұғалімі бұл журналды оқушы үшін де, ата-ана үшін де толтыруы керек, өйткені
көптеген ауыл тұрғындарының интернетке шығу мүмкіндігі жоқ. Bilim Land-қа уақтылы
жүгіну және Kundelik-ті толтыру бойынша талаптарды орындау үшін ШЖМ мұғалімдері квест-
ойынмен салыстыруға болатын қиындықтарды жеңуге: қол жетпейтін жерлерде, төбелерде,
үйлердің шатырларында, ауылдардағы интернет-байланысқа қол жеткізудің басқа да
нүктелерінің ізіне түсуге мәжбүр.
|