Альтернатива 2. Мектептерді толықтай оңтайландыру
Екінші сценарий ШЖМ желісін оңтайландыруды, оларды жабу және қаражатты
қала мектептерін ресурстармен қамтамасыз етуге бөлу, сондай-ақ мектептер жанынан
интернаттар салу, жақын маңдағы ауылдардан білім алушыларды тасымалдаумен
қамтамасыз ету бағытын көздейді.
Әрине, мемлекет үшін ШЖМ-ды жабдықтап ұстау аса қымбатқа түседі: зерттеулер
көрсеткеніндей ШЖМ-дағы бір оқушыға жұмсалатын үлестік шығыстар, қалаға қарағанда
орта есеппен 2,5 есе жоғары. Ауылдық мектептерге талшықты-оптикалық интернет жүргізу
де шығынды болып табылады, кем дегенде 1 км үшін жарты миллионға жуық теңге
шығындалады. Сондықтан, мысалы бұқаралық ақпарат құралдарында ШЖМ-ды жабу туралы
үндеулер жиі естіледі. Бірақ, сонымен бірге ШЖМ жою ел бюджетін үнемдеудің тек бірсәттік
151
Копеева А. Взяться за ум: почему важны результаты последних исследований в сфере образования? // https://ekonomist.
kz/kopeyeva/vziatsia-za-um/
152
«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы» ұлттық жинағы – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ:
Нұр-Сұлтан, 2020. – Б. 180, 182.
|