Білім беру сапасындағы халықаралық және қазақстандық зерттеулердің
нәтижелерін елемеу, байқамау қиын, ал оның себептерін түсіндіру тіпті қиын. Сондықтан,
өткен жылдарға қарағанда, ҚР БҒМ орта білім беру жүйесінде кешенді проблемалардың бар
екенін мойындауда.
Проблемаларды мойындауға қарамастан, статистика өз ережесіне сәйкес қалыптасты.
Мәселен, бүгінгі таңда интернет желісіне қолжетімділігі бар мектептердің үлесі 100%-ды
құрайды, оның 55%-ы жылдамдығы 4 Мбит/с-тан асатын Интернетке ие
152
. Алайда, пандемия
мен 2019–2020 оқу жылының 4-ші тоқсанында қашықтықтан оқытуға көшу жағдайды
нақтылады. Әлсіз интернет онлайн-оқудан бас тартуға себеп болды.
Жаңа 2020–2021 оқу жылының қарсаңында мұғалімдер мен оқушыларды
компьютерлік жабдықпен қамтамасыз етуде қосымша проблемалар туындады. Мәселені
шешудің: оқушыларға мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру, республикалық
және жергілікті бюджет есебінен жаңа жабдық сатып алу, Дүниежүзілік банктен қажетті
жабдықты сатып алуға қосымша қаражат алу, демеушілік көмек және азаматтық
бастамаларды қолдау, мұғалімдерге жеңілдетілген тариф және несие беру сынды бірнеше
нұсқалары айтылды.
Яғни қашықтықтан оқытуға мәжбүрлі көшу, билікті білім беру саласын
цифрландырудың барлық саясаты сияқты, 2020 жылға дейінгі ҚР Білім беру жүйесін
ақпараттандыру Стратегиясының сәтсіздігін алдыға тартты.
Достарыңызбен бөлісу: |