Альтернатива 3. Білім берудің институционалды инклюзивтілігі
ШЖМ-ге қарасты мемлекет саясаты мен қатынасының айқындалуы, өсуге және білім
беру сапасындағы жағдайды теңестіруге әлеуеті бар осал мектептер типіне қатысты болып
табылады.
Аталған контекстегі инклюзивтілік белгілі бір әлеуметтік топтар аясында ғана емес,
әлдеқайда кеңірек, қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени немесе өзге де
сұраныстарын қанағаттандыру қажеттілігінен туындаған әлеуметтік институттардың өзара
үйлесімді әрекеті ретінде қарастырылады.
Бұл вариантты іске асыру, орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты,
сондай-ақ ШЖМ-де білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұлттық бағдарламаларды,
реформалау саясаттары және тұжырымдамаларымен ауылдық территорияларды және
экономиканың агроөнеркәсіптік секторын корректировкалау / синхронизациялау болып
табылады.
ШЖМ-де білім беру сапасын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде,
қандай да бір ауыл мектебіне қатысты барлық өзгерістерді ескеру қажеттілігі, бұл аталған
саясаттың басты мәні болып табылады. Оларды салалық, салааралық және ШЖМ-ға
тікелей қатысы бар деп бөлуге болады. Бүгінде салалыққа, білім берудің жаңартылған
мазмұны бағдарламасын, «Орта білімді жаңғырту» жобасын, әкімшілік қайта құру, жан
басына шаққандағы қаржыландыруды жатқызуға болады. Сыртқы факторларға «Цифрлық
Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы, өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі
Бағдарламасы, салааралық «Ауыл – Ел бесiгi», «Дипломмен – ауылға» және т.б. жобалар
кіреді. ШЖМ-де жүзеге асатын реформалар қатарында, ресурстық орталықтар желісі – тірек
мектептер, «мобильді мұғалім», «уақытша отбасы» сынды жобаларды атауға болады.
Үшінші сценарийдің ерекшелігі жүйелі және комплексті тәсілдердің қолданылуында.
Ауыл территориялары барлық реформаларының өзара-байланысы мен өзара-
ықпалдастығынан басқа, қандай да бір себептермен өз мақсаттарына қол жеткізбеген
мемлекеттік бағдарламалардың тармақтарын талдауға баса назар аударылатын болады.
Тиісінше, бұл ағымдағы жобаларды іске асыруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда ресми және бейресми білімге қол жеткізу мәселесінде территориялық
айырмашылықтарды ескеру маңызды. Ауыл тұрғындарының қосымша білім алуға
сұранысы жоғары болатыны айқын. Мысалы, қала тұрғындарының репетиторлар қызметіне
155
Нурбаев Ж. Е. Казахстан: неравная борьба за равенство в школе // https://cabar.asia/ru/kazahstan-neravnaya-borba-za-
ravenstvo-v-shkole/
|