Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
эффектісі болатынына назар аудару керек. Ұзақ мерзімді перспективада біз, мемлекет
кепілдік берген орта білім алу құқығын пайдалана алмаған жас адамдардың армиясын
қабылдауымыз мүмкін. Білімі төмен деңгейлі адамдардың жұмысқа орналасу қиындығы
орын алады, ал тұрақты жалақысы барлардың, көбінде денсаулықтарына байланысты
проблемалары шығады. Мұның бәрі әлеуметтік көмекке, денсаулық сақтауға және
пенитенциарлық жүйеге зор шығындар алып келеді. Болашақта білім берудегі теңсіздік елдің
тұрақтылығына қауіп төндіретін болады.
Кейбір сарапшы-эксперттер Қазақстанға Португалияның тәжірибесін игеру қажет деп
есептейді. Оларда 2005 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде шамамен 2500 мектеп,
негізінен ШЖМ жабылған. Кейін солардың орнына оқшауланған аудандардан келген
балаларға арнап, тегін тасымалды мектеп кластерлері салынды. Бұл жағдай Португалияға
2015 жылы ЭЫДҰ-ның орташа деңгейінен жоғары сатысына шығуына мүмкіндік берді.
Білім беруде осындай «масштаб эффектісімен» отандық мектептерді де ұйымдастыру:
ШЖМ мазмұнына, оларды АКТ-мен қамтамасыз етуге шығын жұмсамай, барлық ресурстарды
қалалық мектептерде шоғырландыру, тек оқушыларды тасымалдауды немесе интернаттар
салуды қамтамасыз ету ұсынылады. Айта кету керек, Португалия географиялық, табиғи-
климаттық, сондай-ақ инфрақұрылымдық, әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларымен,
бізден көп ерекшеленеді. Сонымен қатар, португалдықтар білім беру сапасын жақстартуға
ең алдымен, мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру арқылы қол жеткізгенін атап
өткен маңызды. Ал білім берудегі «масштаб эффектісі» керісінше, теріс әсер етуі мүмкін.
Білім алушылардың шағын топтардағы үлгерімі жоғары. Мысалы, АҚШ-та жасөспірімдер
агрессиясының толқынымен күресу үшін, үлкен мектептерді шағын мектептерге
реконстукциялау бағдарламасы енгізілген
153
.
Жеделдетілген урбанизация мәселесі және барлық мектеп-интернаттарды
қалалық жерде шоғырландыру курсы, қазақстандық даму жағдайында тұйыққа тіреледі.
Қазақстанда 2018 жылы білім берудің 560 интернаттық ұйымдары қызмет жасады. Оның
257 интернаттары жалпы білім беретін мектептерге қарасты болды
154
. Елімізде 2020 жылы
7340 мектеп, оның ішінде 2833 ШЖМ болғандығын ескерсек, онда болашақта сансыз көп
интернаттар салу қажеттілігі туындайды.
Әрине, бұл таңсық тәжірибе емес. Кеңес заманында интернаттар білім беру
мәселесін шешуге көмектесті. Бүгінгі таңдағы ең озық тәжірибе – бұл НЗМ және ҚТЛ (қазір
– «Білім инновациялық лицей»). Алайда мұндай мектептердің бюджетін, қарапайым
аймақтық мектеп-интернаттардың қаржыландыруымен салыстырудың мағынасы
жоқ. Сонымен қатар, ақпараттық дәуірде, өкінішке орай, үлкен санды мектептерде де,
интернат түріндегі мекемелерде де зорлық-зомбылық орын алатыны жасырын емес.
Бұл құбылыстар ата-аналарды алаңдатады және олар балаларын отбасыларынан жырақ
интернаттарға жіберуге сақтықпен қарайды. Солтүстік Қазақстан облысында «Уақытша
отбасы» жобасы апробациядан, сынақтан өтуде, оның республиканың барлық өңірлеріне
экстраполияциялану-тарқатуға толықтай мүмкіндіктері бар. Интернаттарға берілген
альтернативалық, балама қаншалықты табысты болатынын уақыт көрсетеді. Әзірге мәселе
ашық күйінде қалып отыр және балалар мен олардың ата-аналары үшін таңдау еркіндігі
153
Нурбаев Ж. Е. Оставить нельзя закрыть. Есть ли будущее у малокомплектных школ // https://vlast.kz/obsshestvo/31691-
ostavit-nelza-zakryt-est-li-budusee-u-malokomplektnyh-skol.html
154
«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы» ұлттық жинағы – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ:
Астана, 2019. – Б. 82.
69
Саясат опциялары мен нұсқалары
4-тарау
және сапалы білімге қол жеткізу құқығы проблемалары бар. Міндетті орта білім алмаған
балалар санының көбею қаупі пайда болуы мүмкін.
Барлық ШЖМ-дерді, яғни ауыл мектептерінің басым бөлігін жабу саясаты, еліміздің
ауыл тұрғындары үшін жағдайсыз болып табылады. Ауыл тұрғындары мұндай дамуға
моральдық жағынан да, материалдық жағынан да дайын емес. Мәжбүрлі миграция
«қараңғы урбанизация» сынды келеңсіз құбылыстың пайда болуына әкелуі мүмкін. Қала
айналасында мұндай аудандардың көбеюі, бейресми және қылмыстық ортаға тартылудың
көзі болып табылатын маргиналдар қатарын толықтырады
155
.
Достарыңызбен бөлісу: |