Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет94/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

және  «Цифрлық  Қазақстан»  жобалары  ауыл  мектептерін  сапалы  интернетпен  және 

техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ «Ауыл – Ел бесiгi» жобасы келешегі 

жоқ  ауылдарды  қысқартуға  бағытталған,  тиісінше  ШЖМ  саны  қысқартылады.  Демек, 

перспективалы  ауылдар  географиясы  мен  нақты  санын  анықтамай,  ауыл  мектептерін  АКТ-

мен қамтамасыз етуді жоспарлау қиын. 

Функциялардың  қабаттасуын,  қарама-қайшылығын  және  қайталануын  «тірек 

мектептер – магниттік мектептер» мен «жетекші мектептер – серіктес мектептер» жүйесінен 

көруге  болады,  бұл  ауыл  мектептері  педагогтарының  көтерер  жүгін  ауырлатып,  қосымша 

жүктемесін ұлғайтуға әкеледі.  

Ресурстардың  шектеулілігі  және  Қазақстанның  ағымдық  жағдайдағы  айтарлықтай 

артта  қалушылығы  ұдайы  «қуып  жетуші»  ел  күйінде  қалып  қою  қаупін  ұлғайтады. 

Қазақстандық  мектептердің  дамыған  елдерден  және  өтпелі  экономикалы  басқа  елдерден 

артта  қалуы  тереңдей  беретін  болады,  өйткені  олар  техника  мен  технологияларды 

жаңғыртуды, педагогтардың біліктілігін арттыруды және оқу материалын жаңартуды жедел, 

қарқынды түрде жүргізуде. 

Сондықтан  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  саясаттағы  әр  елді-мекендегі  мектептерді 

кепілдендіру  мен  қолдаудан  гөрі,  келешегі  жоқ  ауылдарды  қысқарту,  ауыл  мектептерін 

біріктіру және ірілендіруге дейінгі қайта бағдарлау жүріп жатыр. Қазірдің өзінде оларды іске 

асыру бойынша Бағдарламалар мен жоспарлар қабылданылып қойылған.

Көтеріліп отырған тақырып ауыл өмірінің көптеген салаларын, яғни жалпы мемлекетті 

де  қамтитын  күрделі  және  кешенді  болып  табылады.  Сондықтан  ШЖМ  проблемаларын 

жүйелі  тұрғыда  шешу  тәсілдері,  ауыл  тұрғындарының  бірқатар  толғақты  мәселелерін 

қарастыруға бағытталады. 

1.  «Инфрақұрылым адамдар үшін». Яғни, ауылдық елді-мекендерді оңтайландыру 

және  ірілендіру  кезінде,  осы  тірек  пунктерге  көшетін  адамдардың  жұмыс  табуы,  оқуын 

жалғастыруы, өздерін толық қанағаттандырарлық іспен қамтуы үшін барлық инфрақұрылым 

құрылуы  қажет.  Болмаған  жағдайда,  олар  экстермистік  ұйымдардың  қатарын  толықтыру 

көзі болуы мүмкін. Сарапшылардың террористік топтың типтік өкілдері жұмыс жоқ, болашақ 

перспективалары  бұлыңғыр  ауылдардан,  шағын  немесе  моноқалалардан  шығатындығы 

туралы пікір беруі тегін емес. 

2.  Білім  күші  экономика  үшін.  «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы 

көп  жағдайда  экономикалық  міндеттерді  шешеуге  бағытталған.  Барлық  төрт  бағыт  (Жібек 

жолының  цифрлық  жүзеге  асырылуы,  креативті  қоғам  дамуы,  экономика  салаларындағы 

цифрлық  қайта  құрулар,  серпінді  мемлекет)  орта  білім  беруге  жанама  қатынасты  болып 

келеді.  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасын  іске  асыру,  Эстонияда  жүзеге  асырылғандай 

білім  беру  саласына  көбірек  икемделгенін  қалар  едік.  Белгілі  болғанындай,  Эстония 

Еуропада,  тіпті  бүкіл  әлемде  интернет-сегмент  саласындағы  ең  дамыған  елдердің 

біріне  жатады.  Эстония  ақпараттық  технологияларды  дамыту  рейтингінде  әлемнің  142 

елінің  арасында  24-ші  орында  тұр.  Өткен  ғасырдың  90-шы  жылдарынан  бастап  мұнда 

«Жолбарыстың секіруі» және «Жолбарыс секіруі плюс» бағдарламалары жүзеге асырылуда. 

Эстониядағы  компьютерлік  және  желілік  инфрақұрылым  мұндай  жетістікке,  соңғы 

ақпараттық  технологияларды  ең  алдымен  орта  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  қол 

жеткізді. 



73

Қорытындылар және ұсыныстар

3.  Мемлекеттік  бағдарлама  ашықтық  пен  есептілікте.  Мемлекеттік  бағдар ла-

малардың  әзірлігі  мен  іске  асыру  кезеңдерін  кеңінен  жариялап,  қоғамдық  талқылауларды 

ашық  жүргізіп  отыру  қажет.  Бағдарламаны  орындау  барысындағы  барлық  қателіктер 

мен  қиындықтарды  ортақ  анықтау  және  сараптап  отыру  маңызды.  Мысалы,  e-Learning 

электрондық  білім  беру  бағдарламасын  әзірлеу  кезеңінде  эксперттік  сараптамалық 

жүргізу  қажет  болды.  ЦБР  мен  нарықты  реттеу  тетіктерін  құруды  республикалық  мақсатты 

бағдарламалар  шеңберінде  емес,  нарықтық  тетіктердің  өз  есебінен  іске  асыруға  болар 

еді.  Мұғалімдер  мен  оқушылардың  инициативалық  әлеуеті  мен  энергетикасын  қолдану 

орынды.  Ғылым  үнемі  даму  үстінде  болғандықтан,  бір  орнында  тұрмайды,  әрі  мектеп 

пәндерінің мазмұнына тікелей әсер беріп отырады. Бұл тұрғыдан алғанда ЦБР-ды жаңарту 

жақын  болашақтың  мәселесі.  Осыған  орай,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  ЦБР-ді  өздері 

құрарлықтай  қаржылық  қолдау  арқылы  ынталандыру  мен  көтермелеу  және  оны  жалпы 

оқу  орнын,  әрі  жекелеп  алғандағы  әр  мұғалімді  рейтингтік  бағалаудың  маңызды  факторы 

ретінде енгізу қажет. Тағы да әкімшілік тетік ретінде емес, мұғалімдер мен мектептер үшін 

ашылатын жаңа мүмкіндіктер ретінде қаралуы тиіс. 

4.  Ауыл  мектептерін,  ШЖМ-ді  сақтап  қалу.  Ауыл  мектептерінің  жабылуы  ауыл 

баласының  білім  алу  құқығын  бұзады.  Балаларды  қалай  Конституциялық  құқықтарынан 

айырмауға  болады?  Мектептерді  реформалау  процессінде,  бүгінгі  біз  сияқты  проблемалар 

кешеніне тап болған елдердің тәжірибесіне жүгінуді ұсынамыз. 

АҚШ  пен  Финляндия  сияқты  елдер  кез-келген,  тіпті  ең  кішкентай  мектепті  де  сақтап 

қалуға тырысады. Бұл елдерде мектеп-интернаттар жоқ. АҚШ-та бір бөлмелі мектеп сынды 

мектептер бар. Атаулы мектепте әр түрлі жастағы балаларды бір мұғалім оқытады, әрі көп 

жағдайда  бірнеше  пәндерден  сабақ  береді.  Әр  бала  жеке  бағдарлама  бойынша  оқиды. 

Мұндағы  мектептердің  басты  айырмашылығы  –  ауыл  мұғалімдерінің  жалақысы  қалалық 

әріптестерінен екі есе көп болуында. 

Финдік жалпыға білім берудің маңызды ерекшеліктерін атап өтейік. Оларға мыналар 

жатады:  мектептің  өзін-өзі  бағалау  мәдениеті  (болашақ  ұзақ  даму  векторын  анықтау  үшін 

мектептің ішкі жүйесіндегі процесстерді талдау және бағалау), тәжірибеге бағытталған білім 

беру,  оқушыларға  жеке  көмек  көрсету  жүйесі  және  сынып  саны.  Фин  мұғалімдері  шағын 

топтармен  жұмыс  жасайды.  Егер  қалалық  мектептерде  сыныптағы  оқушылар  саны  20-дан 

асса, онда мұғалімге ассистент көмек көрсетеді. 

Австралия  мен  Швеция  мектептерінде  кластерлік  механизм  қолданылады:  ірі 

мектептер  хаб  ретінде  қызмет  етеді,  ал  ШЖМ  «жеткізушілер»  немесе  «спутниктер»  болып 

табылады. ШЖМ оқушыларын белгіленген кесте бойынша үлкен мектептерге дейін көлікпен 

жеткізу қамтамасыз етіледі. Объектілерді бірлесіп пайдалану, ШЖМ оқушыларына неғұрлым 

кең бағдарламалар бойынша білім алуға мүмкіндік береді. 

Канада және Австралия сияқты бірқатар елдердің ауылдық жерлерінде қашықтықтан 

оқыту  кеңінен  қолданылады.  ШЖМ  оқушылары  веб-сабақтарға  қатыса  алады,  бұл  ретте 

мұғалімнің  функциясы  процессті  ұйымдастыру  және  оқушыларға  қолдау  көрсету  болып 

табылады. 

Дамыған  елдердің  мектеп  жүйесінің  жетістіктері  мен  артықшылықтарына 

жасалған  қысқаша  шолу,  ой  түюге  және  кейбір  ұсыныстар  жасауға  ықпалдасады.  Базалық 

жағдайлардан,  қаржыландыруды  ұлғайтудан,  материалдық  негізді  нығайтудан  және 

мұғалімдерді  даярлау  мен  қайта  даярлауға  баса  назар  аударудан  басқа,  кластерлік  тәсілді 

пайдалануға  болады.  Бұл  әдіс  көрші  мектептер  арасындағы  ынтымақтастықты  дамыту 



74



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет