ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі бола отырып, әлеуметтік теңсіздікті
күшейтетін фактор бола алады. Экономист
Томаc Пикетти өзінің танымал «XXI ғасырдағы
капитал» еңбегінде білім деңгейінің өсуіне қарамастан, мүліктік теңсіздік қысқармауда
деп жазды
157
. Тағы бір зерттеуші
Пол Колльер білімнің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу,
қоғамды жаңа қалалық орта тап пен ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы төмен
білімді тұрғындарға бөлетін суайырық деп санайды. Білім алу мүмкіндігі тең болмаған
жағдайда, табыс пен кіріс те тең болмайды, бұл өз кезегінде мемлекетке деген сенімділікті
күйретеді. Популистер, ультраоңшыл, ультрасолшыл әсіре, ұлтшылдар мен басқалар үлкен
танымалдыққа ие болады. Наразылыққа толы ахуал күшейеді
158
.
Еуропалық зерттеушілер қоғамдық дамудың анағұрлым пессимистік тенденция-
ларына назар аудартады. Олар біздің шындыққа қаншалықты сәйкес келеді?
Қазақстанда ШЖМ-де білім беру сапасын арттыру үшін институционалдық жағдайлар
жасалғанына, ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми орталықтар құрылғанына,
қазақстандық білім беруді сапалы бәсекеге қабілетті дамытуды қамтамасыз етуге
бағытталған ірі мемлекеттік жобалар іске асырылып жатқанына қарамастан, ШЖМ-ға
қатысты ағымдағы жағдайдың деңгейі бірқатар трендтердің болуымен сипатталады:
– республиканың тарихи және географиялық ерекшеліктері ауыл мектептерінің
көптеп бой көтеруіне мүмкіндік туғызды, олардың жартысынан көбін ШЖМ құрайды.
Дегенмен, соңғы онжылдықта олардың саны шамамен 2 есеге азайды. Оның себептері
әлеуметтік-экономикалық және көші-қон факторлары болып табылады. ҚР БҒДМБ және
басқа да нормативтік-құқықтық актілерге талдау, бүгінгі таңда білім беру саясатындағы
ШЖМ-ді қысқарту үрдісін аңғартады. Егер бұрын мұндай процесстер әлеуметтік-
экономикалық факторлардың салдары болса, бүгінде бұл – саяси ерік, оның тұтастай
жобалары жасалған:
– ауыл мектебіндегі оқу сапасының жылдан-жылға төмендеуі байқалады. Ауыл
мектептерін материалды-техникалық жабдықтандыру, барлық параметрлері жағынан қала
мектептерінен төмен;
– «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы, еңбекақының артуы, «мұғалімге
бет бұру» бүгінгі толғақты міндеттерді ғана емес, сонымен қатар мұғалім мамандығының
әсіресе табысты, әрі талантты жастар үшін тартымды болуы мүмкін оң өзгерістер туралы
болмақ;
– қаржылық қамтамасыз етусіз ШЖМ-де білім беру сапасын арттыруға ұмтылыс.
ШЖМ жүйесінде шамамен 10 жыл көлемінде ШЖМ-ге әдістемелік көмек көрсететін тірек
мектеп-ресурстық орталықтар желісі жұмыс істейді. Биылғы жылы ШЖМ білім алушыларын
сапалы қол жетімді білім қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған «мобильді мұғалім»
жобасын енгізу жоспарлануда. Алайда, осы жобаларды жүзеге асырушы мамандар жалаң
энтузиазммен жұмыс істеуде, олар үшін ешбір ынталандырушы материалдық кеңшіліктер
қарастырылмаған;
– бір-біріне қабаттаса келген реформалар, олардың қарама-қайшылығы, бір жобаны
жүзеге асырмай келесісін аяқтаудың мүмкін болмауы. Мысалы, «Орта білімді жаңғырту»
157
Томас Пикетти. Капитал в XXI веке. Москва, 2015. – Б. 1259–1263.
158
Paul Collier. The Future of Capitalism: Facing the New Anxieties. NY, 2018. – P. 25–47.
|