Орта ғасыр философиясы: орта ғасыр христиан философиясы


ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет10/13
Дата18.04.2022
өлшемі159,82 Kb.
#31311
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • XII-XIII ғасырларда схоластика «классикалық» деп аталатын өзінің кемелденген шағына жетті. Тарихи дәуірде Платон идеяларының орнын «христиандық аристотельшілдік» басады. Ол Оксфорд, Кембридж, Падун, Тулузи т.б. қалалар университеттерінде оқытылады, жетілдіріледі, шыңдалады. Оқу орындары арасында 1200 жылы негізі қаланған Париж университеті маңызды орынға ие болып, оның дін факультеті католик шіркеуінің басты теориялық орталығына айналады. Осы кезде ірі дін иесі, философ Фома Аквинский шығармалары кең танылады.
  • XIII-XIV ғасырлардағы соңғы схоластиканың көрнекті өкілдері Д.Скот пен У.Оккам сенім мен парасатты құқық негізінде теңестірді. Осы арқылы олар сенім парасаттан жоғары қойылған кемелденген схоластика іліміне қарсы шығады.

Схоластика (латынша scholastika – мектеп деген сөз) адамның парасаты,

ақылы, ойлау тәсілдері мен сенім ретінде қабылдаған идеяларын тұжырымдап,

айтылған жеке қорытындыларды дәлелдеуге талпынатын философиялық ойдың

бір түрі. Орта ғасырда схоластика өз дамуында үш түрлі сатыдан өтті.

Оның ерте түрі XI-XII ғасырларда жаңа платоншылар мен Августин

ой-пікірлерінің айтарлықтай әсерімен қалыптасты және келесі философтар:



Эриуген, Абеляр, Росцелин, Ансельм Кентерберинский есімдері кең танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет