Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет10/11
Дата24.09.2024
өлшемі3,14 Mb.
#145481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

Қапаған
(691-716 жж.)
  • Құтлық қағанның інісі. Қағанаттың қуатын арттырып, әскерін күшейтті. Оның әскерінің саны 400 мың адамға жеткен.
  • 693-706 жылдары Қапаған әскері Хуанхе өзенінен алты рет өтіп Солтүстік Қытай аумағына дендей енді. Орталық Азияны бағындырады.
  • Қапаған қаған кезінде қағандық өзінің ең жоғарғы күш-қуатына қол жеткізді.
  • 710 -жылы түргештерді жеңіп, 711 жылы Жоңғарияда түргеш қағаны Сақал қағанды өлтіреді.
  • Болашақ Білге қаған мен оның інісі Күлтегін бастаған шығыс түркілер шегінген Сұлу бастаған түргеш әскерлерін қуа отырып, Соғдыға дейін жетті. Бұл жерде олар арабтармен болған шайқастарға қатысты. Бірақ жеңіліске ұшырап Өтікенге қайтып оралды.
  • Құтлық қағанның баласы.Құтылық қағанның кенже баласы Күлтегін ағасы Мойынчорды таққа отырғызады. Мойынчор Білге қаған деген ат иеленді.
  • Білге қаған Күлтегінді әскердің қолбасшысы, Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші қызметіне тағайындады.

Білге(Мойынчор)
(716-734 жж.)
  • 723 жылы Білге қаған мен Күлтегін Қытаймен соғыста жеңіске жеткізді. Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді.Сауда кеңейтіліп, Қытай императоры Түрік ордасына үлкен көлемде жібек жібереді.Бұл Қытайдың солтүстік шекарадағы бейбіт өмір үшін төлемі еді.
  • Бауыры, түркі дүниесінің әйгілі қолбасшысы Күлтегіннің 731 жылы дүниеден қайтуы оған аса ауыр тиді.
  • 734 жылы Білге қағанды өзінің сенімді уәзірі у беріп өлтірді. 

Білге қаған мұрагерлері оның саяси бағытын өзгертті. Сондықтан ашина руының аймақтардағы билеушілері биліктен тәуелсіз бола бастады.
744 жылы біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын құлатты. Ашина әулеті өмір сүруін тоқтатты.
Моңғолиядағы Орхон өзені маңында Білге мен Күлтегінге арналып құлыптастар орнатылды. Бұл құлыптастар Түрік қағанаты тарихының жылнамасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет