Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


VІ ғасырдағы түркілердің Қытай және басқа мемлекеттерден басымдығы



бет5/11
Дата24.09.2024
өлшемі3,14 Mb.
#145481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

VІ ғасырдағы түркілердің Қытай және басқа мемлекеттерден басымдығы
Саяси бірлік
Жетілдірілген қару-жарақ
Көшпелі ұйым, жылдам қимылдау
Қарсыластарының әлсіздігі және бытыраңқылығы
Қағанаттың ыдырауы
  • VІ ғ. соңы- VІІ ғ. басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Қағанат дағдарысқа ұшырады. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
  • VI ғасырдың 60–90-жылдарында Түрiк қағанаты iштей қуатты және көршiлер үшiн қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерiнiң кiрiс көзi деп бiлді. Қытайлар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы күрес олардың басты мiндетiне айналды.
  • 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлінді:
  • Батыс Түрік

  • «он оқ елі»
  • Шығыс Түрік

  • «көк түріктер»

Қоғамдық құрылымы
  • Қаған

  • Мемлекетті басқарды, жоғарғы сот, абыз, бас қолбасшы. Ұлы қаған ордасы Алтайда орналасты. Қаған «Ашина» руынан шықты.
  • Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзi кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдiң қауiпсiздігін қамтамасыз етті. Билiк үнемi тәжiрибелi адамдардың қолында болды.
  • «Ер»

  • соғыста ерлік көрсеткен қатардағы жауынгерге немесе ақсүйекке берілген атақ.
  • «Бектер»

  • Ақсүйектер билік тобын құрады.Бектің жағдайы оған бағынышты жауынгерлер санымен ерекшеленді.
  • Ябғу, шад, елтебер

  • қаған руынан шыққандар. Әскери және азаматтық билікті басқарушылар.
  • «Будун»

  • Қарапайым халық.
  • Түркi рулары мен тайпаларын түркiлердiң шығу тегінің ортақтығымен барлық түркілердiң бiрлiгi идеясы байланыстырды. Ол ру жерiнiң ортақтығымен және әскери олжа мен салықтардан үлес алу құқығымен нығайтылды. Барлық ерлер, оның iшiнде бектер мен патшалар да жауынгерлер болып есептелді.
  • Қауым iшiндегi бiрлiк таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бұдундардың қаған билiгiне қарсы көтерiлген бiрде-бiр оқиғасын кездестiре алмаған.
  • Түрік қоғамында құл еңбегі, көбінесе күң еңбегі пайдаланылды.
  • Түрік қағанатында егiншiлiк пен қолөнер дамыды, түрлі дiндер бiр-бiрiмен үйлесiм тапты.
  • Қытайдан Византияға апарылатын жiбектiң бiр бөлiгi қалаларда қалдырылды.
  • Түркілер мемлекетте тәртiп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестiгі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды.
  • Түркі рулары мен тайпаларын түркілердің шығу тегінің ортақтығы мен барлық түркілердің бірлігі идеясы байланыстырды. Ол ру жерінің ортақтығымен және әскери олжа мен салықтардан үлес алу құқығымен нығайтылды. Барлық ерлер, оның ішінде бектер мен патшалар да жауынгерлер болып есептелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет