Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет6/11
Дата24.09.2024
өлшемі3,14 Mb.
#145481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
(603-704 жж)
  • Батыс түркілердің өз мемлекетін құруының саяси себебі-қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді. Ал экономикалық себебі әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады.

Жер аумағы
  • Қағанаттың негізі(он тайпа) Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жері.
  • Аумақтық өзегі Жетісуда қаланды. Себебі мұнда барлық керуен жолдары түйісті, бай қалалар орналасты. Қауіпсіз аумақ саналып, жергілікті тайпалармен тұрақты қарым-қатынас орнады.
  • Шығысында Алтай тауынан, солтүстік-батысында Каспий теңізіне дейінгі аумақты қамтыды.
  • Күшейген кезде қазіргі Батыс Қытайдан бастап Қара теңізге дейінгі дейінгі жерлер: Жоңғария, Жетісу,Шығыс Түркістан, Мәуереннахр, Қазақстан далалары, Еділ алқабы, Батыс Сібір далалары, Солтүстік Кавказ енді.
  • Қытайдың күшеюі, түркілердің билеуші топтары арасындағы шайқас 603 жылы Батыс Түрік қағандығының (Он оқ бұдын) бөлініп шығуына әкелді.
  • Қысқы орда –Суяб қаласы (Шу өзені бойында);
  • Жазғы ордасы-Испиджаб маңындағы Мыңбұлақ қаласы (Түркістан қаласына жақын).
  • Шығыс Түркістан, Жетісу аумағы мен Сырдария мен Аралға дейінгі бүкіл далалық аймағын қамтыды.
  • Еділ бойын, Жайық маңын, Орта Азияның бір бөлігін жаулап алды және Иранға екі рет жорық жасады.

Халқы
  • Он оқ будун- он оқ тайпа одағы. Батыс Түрік қағаны 10 тайпаның билеушісіне мемлекеттік биліктің белгісі ретінде алтын садақ оғын берген. Сондықтан «Он оқ елі» деп те атаған. 10 тайпа екі қанатқа бөлінген.
  • Шығыс «бес оқ»- 5 тайпа Дулу. Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан.Қытай деректерінде дулулар дулаттар атауымен аталады. Мемлекеттің негізін Дулулар одағы қалады. Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлерін алып жатты.
  • Батыс «бес оқ»-5 тайпа Нушеби (Нүшбе). Шу өзенінен батысқа қарай орналасқан.
  • Оларды Іле, Шу өзендері бөліп тұрды. Әр оқтың өз әскери жалауы болды.
  • Дулу және нушеби қағанаттың үстем тайпалары болды.
  • Батыс Түрік қағандығында Ұлы Жібек жолындағы сауда арқылы мемлекеттің экономикалық өмiрiн өз қолдарында ұстаған соғдылықтар ерекше жағдайды иеленді. Жетісуда соғдылықтардың бірнеше ондаған қаласы мен елді мекендері пайда болды. Соғдылықтар қағандықтағы ақша соғу ісін жүзеге асырды.
  • Батыс Түрік қағандығы тек көшпелі халықтан ғана құралған жоқ. Оған көптеген қалалар мен егіншілік аймақтар бағынды. Ортаазиялық мемлекеттердің (Хорезм, Ферғана, Шаш, Соғды т.б.) тәуелділігі алым төлеумен ғана шектелген жоқ.
  • Түркілер тағайындаған басшылар алым-салықты жинауды қамтамасыз етті. Жергілікті билеушілерге түрік атақтары беріліп, олар империяның әкімшілік иерархиясына енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет