«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Селжуктер билігіндегі Иран



бет26/81
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#45102
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
Азия

Селжуктер билігіндегі Иран. Түрікмен ұрпақтары оғыздар тайпасы орталық Азияның оңтүстік көшпелі ел еді. Олар X ғасырда феодалдардың қоғамда алғашқы қауымдық құрылыспен қалыптасу процесін бастан кешірді. Олар көшіп жүріп өздерден басқа елді эксплутациялау мақсатымен тұратын орынларын тартып лаып, әскери кірістер жасап жүрді.
XI ғасырдың 20 жылдары түркіменнің 4000 отбасы Хорасанға келіп қоныстанды. Махмуд сұлтан олар солтүстік Хорасанда тұрып, әскери қызмет істеуге рұқсат етті. Түркімендердің Хорасанда орналасуы Махмудтың өлімінен кейін келе түсті. 1038 жылы олар Нишапурға келді. Олардың басшысы Тоғрұл-бек Селжук Газневидтерден бөлініп түркімендердің егемендігін жариялады. 1040 жылы Дандекан – Газневид әскерлері түрік көшпенділерінен жеңілді. Сөйтіп газневидтер Хорасанда айырылды. Бірақ та Ауғаныстанның бір бөлігі мен Пенджабадағы билікті ұстап қалды.
1040-1050 жылдары Селжуктар Иранды жаулап алды. Олардың тайпалары Завказье мен Месопатамияға қарай жылжыды. 1050 жылы олар Бағдатты алды. Халиф басшысы Тоғұрл бек сұлтанға арыздануға мәжбүр болды. Тоғрұл бектің ұрпақтары жаулап жалғастыра берді. Селжуктер Кіші Азияның араб жарты аралын, Месопатамияны, Закавказье бөлігін, Иранды және Орталық Азияның ірі аумағын басып алды. Олардың мемлекетін селжук тұқымының мүшелері басқарып отырды.
Бұл ірі мемлекет көшпенділердің мықты қару-жарағымен қаруланды. Икта салығының иелері өз мақсаты үшін белгілі, арнайы қаулыда көрсетілген хараджа мен басқа салық түрлерін жүйелі түрде жинауға құқылы болды. ОНың мөлшері бұрынғыдан аспады. Ткталықтар мүлік пен шаруалардың жеке нәрсесінпайдалануға құқылы болды. Икталықтар көрсетіп бергендей түскен түсім әскердің бір бөлігіне тиесілі болды.селжуктар өздерінің туыстары мен әскери басшыларға сыйлық ретінде бүтін бір қаланы және аймақты кеңінен тартып беріп отырды, сондықтан олар аббасидтағы халифтар сияқты мемлекетті бір орталық жүйеге бағындыру қолдарынан келмеді. Соның нәтижесінде XI ғасырда «әйгілі селжуктар» мемлекеті толық жойылды. Осы әлсіздікті пайдаланып орталық билік әскери дүниені өзінің мирастық жеке меншікке айналдырды. Шаруаларды құлдыратудың әлеуметтік пайдасын, мұндай эвалюцияны феодалдар иктадан көре алмады. XI ғасырдағы деректерде көрсетілмегендіктен шариғаттың құқықтық мүдделерін заңды қарастырылып, бекітілуіне жол бермеді.
Соғыс кезінде ауыл шаруашылығы үлкен зардап шекті. Селжуктардың билікке бекуінен кейін үкімет әлеуметтік қорғауға көңіл бөле бастады. Азербайжанның солтүстік батысында және Иранның шекаралас аудандары Хорасанның солтүстік шығыс Иран арқылы көптеген түрік тайпалары өтті. Селжуктер жаулап алғанға дейінгі уақытта фарси-дари әдеби тіл пайда болды. Ол парсы халықтарының тілі болып сақталды. Түрік бағындырушылары бығындырып алған халықтың мәдениетінің ықпалымен жүрді.
Селжуктер түрік феодалдарының салығына ғана арызданбады, сонымен қоса жергілікті Иран биліктеріне арызданды. Иран шенеуліктері мен ірі мұсылман діндарлары, бағындарылғандармен тез тіл табысып кетті. Өйткені көшпенді түріктердің білімділері орталық билікке бағынбауға тырысты. Селжуктар Ирандық бюрократтардың феодалдық мемлекетті басқарудағы тәжербилерін пайдаланып, оларға арқа сүйеді. Орталықтанған мемлекетті басқарушының біреуі көрнекті Иран шенеунігі Низам-аль-Мульк болды. Оның қызмет ету кезінде Бағдатты оқу орындары қалпына келтірілді. Низамдық академия пайда болды.Иранның басты қалаларында мектептер ашылды. 1079 жылы 15 наурызда атақты ақын, ғалым Омар Хайамның жаңа күнтізбесі қабылданды. Бұл күнтізбе Еуропадағы VIII Григорий папаның айтуымен 1582 жылы ғана жүогізілді. Низам-аль Мульк «Сийасет-наме» деген саяси трактат жазды. Онда Сасанид, Аббасид және Газневид мемлекетінің тарихынан мысалдар келтіре отырып оны ерекшелік ретінде көрсетті. Бірақ бұл саясаттың өзі сәтсіздікке ұшырады. Себебі әскери жүйенің жұмысын таратқаны үшін алауыздық туды. Мелік шахтың (1082-1092 жж.) кезінде жер салығынан түскен қор өсті. Бірақ мелік шахтың өлімінен кейін бұл держава тарап кетті.
Иранның саясаты туралы тарихта екі феодалдық топтың күресімен сипатталады.Оның біреуі түрік тайпаларының феодалдары және Иранның аристократтық феодалдарының арасы. Ол екеу арасындағы соғыс негізі сепаратизм және таққа таласу. XI-XII ғасырларда қалаларда класстық күрестер күшейе түсті. Бұл суидтер мен шииттердің арасындағы діни күрес болды. Хорасанда әйгілі селжуктар сұлтанаты, ирақтық (1113-1194), кермандық (1041-1087) деген сұлтанаттар пайда болды. Сонымен бірге Хорезмде саси мағынадағы өзін-өзі басқару өсті. Хорезмде әскери қозғалыс өтетін жерлерден басқа ауыл шаруашылығы қолөнер шаруашылығымен қолөнер жолдары пайда болды.
Хорезм әскерлері 1186 жылы Селжуктардан жеңілісін пайдаланып мерв оазисін басып алды. Одан кейін олар Хорасанда (1187-1193) және селжуктардан басқа да бірнеше иеленген жерлерін басып плды. 1194 жылы Хорезм шахы Текеш бүкіл Хузистан, Ирандық Азербайжаннан басқа, барлық батыс Иранды жаулап алды. Бірақ 1219 жылы монғолдардың Орта Азияға жорығы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет