Орта ғасырлық индонезия. МҰсылмандардың келуі 6В01516 – География-тарих «Орта ғасырлар тарихы



бет4/11
Дата01.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#97675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 Матарамның дəуірлеуі. Шривиджайя

Матарам - Орталық Явадағы ерте орта ғасырлық мемлекет. Оның дəуірлеуі VIII ғасырдың бірінші ширегінің аяғында болды. Ол кездегі патшасы Санджайя болатын. Оның əскері Ява аралындағы бірнеше мемлекетті бағындырды. Тіпті ол Камбоджаға да жорық жасады, ондағы мемлекет басшылығына таласты. Себебі Санджайяның баласы Камбоджа королінің қызына үйленген болатын. Хроникалар Матарам əскерінің Бали, Суматраға, тіпті Үндістан мен Қытайға жорықтары туралы да хабарлайды. Шамамен 770 ж. Орталық Явада жаңа, Шайлендра əулетінің билігі орнады. Оның негізін Санджайяның немересі қалаған. Шайлендра билігі кезінде мемлекет дамып, гүлдене түсті. Əулеттің негізін қалаушы суматралық Шривиджайя мемлекетімен одақ құрды [2].


VII ғасырдың екінші жартысында Шығыс Суматрада буддистік Шривиджайя мемлекеті күшейе бастады. Ол туралы мəлімет 671 жылға жатады. Оны Қытай саяхатшысы, будда дінінің қажылыққа барушысы И Цзин қалдырған. Шривиджайяның орталығы Муси өзенінің бойындағы Палембанга ауданында болған. Өкімет билігі IX ғасырдың басында орталық Явадан келген Шайлендра əулетінің қолында болды. Шривиджайя суматрандық Малайю, Джамби, т.б. мемлекеттерді басып алды. Жаңадан басып алынған жерлерде көптеген сауда орталықтары болған қалалар салынды. 695 ж. қосып алынған Малайлық Кедах қаласы Шривиджайяның екінші астанасына айналды. Шривиджайяның негізгі табыс көзі сауда болды. Үкімет Малакка бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерінен салық жинап отырды. Шривиджайядан алтын, қалайы, піл сүйегі, тропиктік тоғай жемістері: специя, камфора, бағалы ағаш тұқымдары сыртқа шығарылды. 992 ж. Шривиджайяға Явадан Матарам əскері шабуыл жасады. Бұл қақтығыс архипелагтағы үстемдік үшін жəне Матарамдық əулеттің Шривиджайя тағын тартып алу үшін болды. Алғаш біраз сəтсіздікке ұшыраған Шривиджайя əскері 1016 ж. шешуші табысқа жетті. Шривиджайя тек өзінің бұрынғы жерлерін қайтарып алумен тынбай, Матарамның біраз жерін басып алды. Бұл табыс баянды болмады. 1025 ж. батыстан өте қауіпті жау-үнділік Чола мемлекетінің əскері шабуыл жасап, Шривиджайяның біраз жерін басып алды.
Шривиджайя Индонезия тарихындағы архипелагтың басым бөлігін саяси жəне мəдени қатынас жағынан біріктіріп, Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен — Цейлон, Филиппины, Бенгалияға дейін екіжақты сауда қатынасын орнатқан бірінші куатты мемлекет болды. VIII-X ғасырларда Шривиджайя оңтүстік теңіздердегі сауда мен суда жүзудегі үстемдік құрған мемлекет, Оңтүстік-Шығыс Азияның басты мəдени орталығы, сондай-ақ əлемдік буддизм орталығы болды.
Шривиджайя мемлекеті деша деп аталған облыстарға бөлінді. Оларды датулар басқарды. Олардан төмен тұрған басшылар хулу деп аталған ру, тайпа көсемдері болды. Вассалдық тəуелділіктегі мемлекет қадатуан деп аталды. Шривиджайяның экономикасы, жоғарыда айтылғандай, сыртқы саудаға байланысты болды. Дегенмен күріш егу де маңызды рөл атқарды. Бірақ Суматрада суармалы егістікпен айналысу мүмкіндігі шектеулі болды. Егіншілік жағдайының нашар болуы
Шривиджайяның құлдырауындағы фактордың бірі болды [2].
IX ғасырда архипелагтың батысында Шривиджайя мемлекеті дəуірлеп тұрған кезде оның шығысындағы көршісі Матарам дағдарысқа ұшырай бастады. Оған елдің ішіндегі билік үшін таластартыс, соғыстар барысындағы экономиканың күйзелісі, сарай шығындарының өсуі сияқты факторлар себеп болды. Оның үстіне стихиялық апат: жанартаудың оянып, атқылауы, оба ауруының асқынуы қосылды. 100 жылдай билік құрған будда дінін ұстанушы Шайлендра əулеті 870 ж. құлады. Шығыс Явада билікке қайтадан индуизм дініндегі Санджай əулеті келді. Мемлекет бұрынғысынша Матарам деп аталды, тек астана басқа қалаға (қазіргі Прамбанан) көшірілді. Бірақ ішкі қырқысулар тоқтамады. Ақыры 928 ж. билікті өкімет басындағы жоғары лауазым иесінің бірі Синдок басып алды. Ол өзін Матарам патшаларының мұрагері деп жариялады. X ғасырдың аяғы — XI ғасырдың басында заңдар жинағы жасалды. Осы кезде Матарам, жоғарыда айтылғандай, өзінің басты бақталасы Шривиджайяға шабуыл жасады.
1016 ж. Матарам Шривиджайядан жеңілді, патшасы қаза тапты. Біртұтас мемлекет бірнеше тəуелсіз князьдықтарға бөлініп кетті. Матарамның өзінде Синдоктың əулеті 1222 жылға дейін билік құрды.


Сурет 1 - Шривиджаяның максималды шекаралары шамамен VIII ғасырда






Сурет 2 - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы XII ғасырдағы сауда жолдары. Шривиджая патшалығы қызғылт сары түспен белгіленген






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет