Орта ғасырлық индонезия. МҰсылмандардың келуі 6В01516 – География-тарих «Орта ғасырлар тарихы


Маджаиахит империясы. Феодалдық бытыраңқылық



бет5/11
Дата01.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#97675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.3 Маджаиахит империясы. Феодалдық бытыраңқылық

Кертнагараның орталықтандыру саясаты Сингасари мемлекетінің құрамындағы князьдықтардың ақсүйектерін қанағанаттандырмады. 1292 ж. Кедери раджасы бүлік шығарып, Сингасари астанасын басып алды. Осы кезде Құбылай Индонезияға 20 мыңдық әскерін жіберді. 1292 ж. аяғында олар Яваға түсірілді. Тақтан тайдырылған Кертнагараның күйеу баласы Виджайя Кедеринің күшеюінен сақтанып, Мадура аралы князьдығының қолдауымен Брантас өзенінің төменгі ағысындағы Маджапахит деген жерге бекінді. Явага енгізілген монғол-қытай әскеріне сүйеніп, ол бірқатар қарсыластарын жеңді. 1293 ж. шетелдік әскерлерді талқандады. 20 мыңдық монғол әскерінен Қытайға 3 мыңға жуығы оралды.


Кертараджа есімімен Виджайя (1293-1309 жж.) Маджапахит аталған жаңа мемлекетті басқарды. Виджайя және оның ізбасарлары тұсында Маджапахит гүлденді. Ең алдымен явандық билеушілердің орталықтан қашу тенденциясына тосқауыл қойылды. Ортағасырлық «Раджалар кітабы» аталатын шығармада 1295-1328 жж аралығында Явада Маджапахит мемлекетіне қарсы тоғыз ірі көтерілістер болған. Маджапахиттің шарықтауы мен гүлденуі Гаджа Маде (1331-1364 жж.) тұсында байқалды. Ол 1331 ж. бастап махараджа Хайяма Вуррканың патихы бірінші министрі қызметін атақарды. Индонезияда оны ұлттық батыр- елді біріктіруші ретінде таниды. Өйткені, Гадже Маде қазіргі Индонезия мен Малайя жерлерін толық біріктірген. Ол кезде Маджапахит құрамында Бали, Мадура, Ява жерлері болган еді. Біріктіру саясаты елдің көптеген аудандарында явандық сауда отарларының қалыптасуына жол ашты. Маджапахит кемелерінің сауда жолы архипелагтың барлық жерлерін қамтыды. Маджапахит мемлекеті Сиам, Чампа, Камбоджа, Қытай елдерімен одақтасты. Маджапахит тұсында феодалдық қатынастар империя билеушісіне тікелей бағынған аудандарда өте жақсы дамыды, бірақ толық Империядағы барлық жерлердің иесі және жоғары билеуші Маджапахит махараджасы болды. Оган вассалды князьдар бағынды, олардың үлестік жерлері империяның провинциясы мен округтеріне айналды. Мемлекеттік қызметке билеуші әулеттің өкілдері тартылды. Әкімшілік, сот қызметтерін атқаратын наместниктер махараджаның жақын туыстары мен ағайындарынан тағайындалды. Селолық қауымға біріккен шаруалар үш жақты каналды: орталық билік, ірі феодалдар, прийки аталатын шенеуниктер мен ауыл ақсақалдары. Ақсақалдардың міндетіне шаруалардын феодалдық міндеткерліктерін өтеу және оның орындалуын қадағалау кірді. Ақсақалдар жиналған салықтың белгілі бір үлесін алып отырды, олар салық төлеуден босатылды [3].
Ява, Бали, Мадура қауымдары, Суматра мен Сулавесидін бірқатар аудандарында мүлік теңсіздігі белең алды. Шаруалар көбіне натуралды шаруашылықпен айналысты. Қауымдық-рулық дәстүрлер сақталды. Империя экономикасының негізі erinminik көтерілді; жана ирригациялық жүйелер іске қосылды; жана жерлер игерілді; өңделетін жерлер қатаң бақылауға алынды. Аралдар аралық экономикалық байланыстар қарқынды дамыды. Сауда орталыктарына жақын орналасқан жерлерде коленердің сгіншіліктен бөліну процесі күшейді. Қалалық қолөнершілер де мемлекет пен жергілікті билеушілерге міндеткерліктер өтеді. Гаджа Маде өлгеннен кейін Маджапахит империясы құлдырап кетті. Явада бұрынғы вассалдар дербестікке көшті. ХѴ ғ. аяғында архипелагтың батысында Малакка бөлінді. Шривиджайя империясы тарих сахнасынан кетті. Бірқата вассалдардың Маджапахиттен Ява шекарасынан кетуіне қытай жорықтарының (1405-1433 жж.) ықпалы болды. 1478 ж. Маджапахит астанасын қарсыластары басып алды. Маджанахиттің соңғы билеушілерінің бірі астанасын шығысқа көшірді. Жанталас басталды. Алайда, 1528 ж. жаңа астана талқандалады. Ислам дінінен бас тартқан ақсүейектер Яваның шығыс бөлігіне (Баламбанган, Бали) жылжыды. Маджапахит империясынын құлдырауының басты себебі экономикалық дагдарысқа ұшырауы болды. Ішкі Явадағы натуралды шаруашылық қарқынды дамыған сауда байланыстарын мемлекеттің экономикалық негізіне айналдыра алмады [3].

Сурет 3 - Маджапахит максималды билік кезеңінде (XIV ғасырдың аяғы). Қызғылт түс мемлекеттің өз аумағын, сары түс оның вассалдық иелігін білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет