Орта ғасырлық индонезия. МҰсылмандардың келуі 6В01516 – География-тарих «Орта ғасырлар тарихы



бет3/11
Дата01.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#97675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ИНДОНЕЗИЯ


1.1 Малай архипелагы мен Малакка түбегіндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер
Біздің заманымыздың 1 ғ. ортасында Малай архипелагінде ертеортағасырлық мемлекеттер пайда бола бастады. Қытайлық, үнділік, антикалық деректер бойынша архипелагта 7-10 мемлекет, ал шындығында 20-ға жуық мемлекеттер өмір сүрген. Алайда, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы көмескі, мәліметтері нақты емес. Материалдық және жазба деректердің көбінде Индонезия мемлекеттерінің кейінгі тарихы баяндалады. Суматра және Ява аралдары туралы мәліметтер беймәлім болған. Индонезиядағы алғашқы мемлекет архипелагтің жиынтық атауымен Етяо (Ява) аталды. Индонезиядан Қытайға елшілік (6.3.132 ж.) жіберілген. Ява мемлекеті үнділерге Явадвипа атауымен белгілі болып, антикалық дәуірге танылды. Бұл мемлекеттер теңіз сауда жолын өз бақылауында ұстады. III-IV ғасырларда бұл мемлекеттер кхмерлік Бапном империясының вассалы болды, ал ол ыдырағаннан кейін VІ-VІІ ғасырларда Қытаймен тығыз байланысты болды. Бұл мемлекеттердегі үстем дін буддизм болды.
Ежелгі Малайлық өркениеттің жоғары дəрежеде дамыған аудандары Шығыс жəне Оңтүстік Суматра болды. Джамби жəне Палембанга порттары орналасқан жерде III ғасырдың басына қарай Гэин, ал VI ғасырда — Малайю мемлекеттері құрылды. Олар Индиямен, Персиямен, Қытаймен сауда жүргізді. Гэиннің астанасы өте бай болған. Оны Птоломей Аргире «Күміс қала» деп атаған деген болжам бар. VI ғасырдың басында мұнда Малайю князьдігі құрылды. Алғашқы Индонезиялық мемлекеттердің əлеуметтік-экономикалық құрылысының, яғни өндірісінің негізі деса деп аталған қауым болды. Ол өзін-өзі басқарды. Қауым мүшелері жерді бірлесе отырып пайдаланды. Қолөнері егіншіліктен толық бөліне қойған жоқ. Құл иеленушілік əлеуметтікэкономикалық қатынастың негізі болған жоқ, бірақ жекелеген отбасылары үйлерінде күң-малай ретінде құлдар ұстады. Ру жəне тайпа басшылары өз жағдайларын пайдалана отырып біраз байлық жинап алып, бірте-бірте өкімет билігін өз қолдарында
шоғырландырды. Мүлік теңсіздігі ұлғайып, жер көлемі өсіп, қол астындағы бодан халықтың саны көбейген соң өкімет билігі əскери жасақтар құрып, халықтан бөлініп шыға бастады. Көсемдер раджаларға айналды. Олар өздерінің жақын достары мен туыстарын жергілікті жерлердің басшылары етіп тағайындап отырды. Бұл бастықтар халықтан қазынаға салық жинады. Ақсүйектер біртіндеп феодалдарға айнала бастады. Алғашқы мұндай мемлекеттер егіншілікпен айналысатын жерлерде құрылды [1].
Индонезиядағы мемлекеттердің қалыптасуына Малай архипелагының ішкі жəне сыртқы саудасы зор ықпал етті. Сауда негізінен теңіздік болды. Индонезия мемлекеттері сонау оңтүстік шығыс Африка, Кіші Азия, Жерорта теңізінің Шығысына дейінгі жерлермен, Қытаймен, Үндіқытай түбегі елдерімен сауда жүргізіп отырды. Мадагаскар аралының тұрғындары Индонезиядан көшіп барғандар еді дейді тарихшылар. Əсіресе Индонезияның Үндістанмен байланысы тығыз болды. Тіпті оқымыстылардың бір тобы Индонезиялық өркениет Үндістаннан келген деген пікірді жақтайды. Дегенмен ондағы мемлекеттер халықтардың ішкі дамуының нəтижесінде қалыптасты. Үнділік «Рамаяна» дастанында «жеті патшалықпен желкілдеген Явадвип» туралы айтылады. Бұл дастанның б.з.б. ІІІ ғасырда жазылғаны белгілі. Сыртқы ықпал архипелагтың теңіз жақтарына ғана тарады да, аралдардың орталықтарына жетпеді. Ол ықпалдың өзі де князьдардың сарайлары мен портты қалалардан аспады. Сөйтіп, Индонезиядағы таптар мен мемлекеттер сыртқы ықпалсыз-ақ қалыптасты. Дегенмен жоғары дəрежеде дамыған көрші мемлекеттермен қарым-қатынас із-түссіз кеткен жоқ. Елдің басын бірік-тіріп, адамгершілік ережелерін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын идеологиялық құралдін Индонезияға Үндістаннан келгені шындық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет