Орта ғасырлық индонезия. МҰсылмандардың келуі 6В01516 – География-тарих «Орта ғасырлар тарихы



бет7/11
Дата01.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#97675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ұзақбай А.Т., Баубекұлы Б., Жексенбаев А.А. Орта ғасырлар тарихы Жоба 3

1.5 Индонезияның мəдениеті

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының рухани мəдениетінің дамуына ерте ортағасырларда индонезиялық қоғам өзіндік үлес қосты. Ертеявалық жəне ертемалайлық əдеби тіл мен жергілікті жазу қалыптасты. Оған санскриттің элементтері енді. ІХ—Х ғасырларда Матарамда əдебиет жоғары дəрежеде дамыды. X ғасырдың басында үнділік «Рамаяна» дастанының явалық нұсқасы өмірге келді. Сондай-ақ үнділік «Махабхаратаның», буддалық трактаттардың жергілікті халық тіліндегі нұсқалары жасалды. Матарамдық патша сарайында көптеген ақындар, актерлер, музыканттар қызмет етті. Ваянга деп аталған қуыршақ көлеңке театрының ойын-сауықтары өткізіліп тұрды. Ол өнердің əр түрінен тұратын театр еді. Ерте орта ғасырлар дəуірі Индонезия мемлекеттеріндегі классикалық сəулет жəне бейнелеу өнерлерінің қалыптасу кезі болды. VIII—Х ғасырларда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы буддалық жəне индуистік ірі ансамбльдер — Боробудур мен Лара Джонггранг салынды. Буддалық Боробудур ғибадатханасының биіктігі 42 м., табанының ұзындығы 123 м. Оның сегіз галереясы Будданың 508 мүсінімен, 1460 барельефімен безендірілген. Боробудур — Будданың өмірі туралы, Явалықтардың тұрғын үйлері мен киім-кешек, тұрмыс жағдайы туралы баяндайтын буддалық микрокосм. Индонезиядағы ең биік 48 метрлік Шива ғибадатханасы Прамбанан ауылында салынған. Ол Лара Джонггранг, яғни «сымбатты бикеш» деп аталады. Шива, Брахма, Вишну ғибадатханаларының төңірегінде 156 қабірден тұратын ансамбль бар. Явалық, Малайлық шеберлер қоладан мүсін құюдың техникасын жоғары дəрежеде меңгерді. Дерекнамалар Тарумда 21 күннің ішінде ұзындығы 15 км. суару каналы қазылғандығын хабарлайды. Бұл ерте ортағасырлық Индонезияда техниканың жетілгендігін, өкімет билігінің орталықтандырылғанын дəлелдейді [4].






Сурет 5 - Боробудур храмдар кешені, IX ғасыр


Сурет 6 - Прамбанан - Индонезиядағы ең үлкен индуизм ғибадатханасы кешені, орталық Явада IX-X ғасырларда Матарам кезеңінде салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет