«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет106/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153
Литература:
1. Асмолов А.Г. Психология личности: культурно-историческое понимание развития человека. — М.: Смысл: Издательский центр «Академия», 2007. — 528 с.
2. Okami P., Goldberg A. Personality correlates of pedophilia: are they reliable indicators? // Journal of Sex Research. 1992. Vol. 29, № 3.P. 297-328.
3. Радченко Н.А., Дворянчиков Н.В. Противоправные сексуальные действия в отношении детей // Аномальное сексуальное поведение: коллективная монография / под ред. А.А. Ткаченко. СПб.: Юридический центр Пресс, 2006.
4. Дышлевой А.Ю. К вопросу о судебно-психиатрической характеристике мужчин с аномалиями психики, привлечённых к уголовной ответственности за совершение педофильных противоправных действий // Українськийвісникпсихоневрології. 2001. Т. 9, вип. 4.
5. Имелинский К. Сексология и сексопатология /пер. с польск. М.: Медицина, 1986.
6. [сайт]. http://psyjournals.ru/files/41819/ICJP_2011_ Yazykov.pdf (дата обращения: 03.05.2015).
7. [сайт]. Игорь Кон. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. Москва: Издательский центр «Академия».\\2004. web: http://www.neuro.net.ru/sexology/ book17.html(дата обращения: 03.05.2015).
8. [сайт]. http://psychology.net.ru/dictionaries/psy.html?word= 619 (дата обращения: 03.05.2015).
Нұрғалиева С.М.


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ІС- ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда жоғары оқу орныдарында білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер кезеңінде, болашақ мамандардың еңбек нарқындағы бәсекеге лайықтылығын қамтамасыз етуде студенттерді болашақ кәсіби іс- әрекетіне дайындау ерекше өзекті мәселе болып табылады. Жаңа қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзгеріске ұшырады, білім жүйесінің жаңартылуына байланысты жоғары деңгейдегі жаңа сапалы мамандарды талап етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде: «Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын [1].
Сонымен қатар, жыл сайынғы яғни, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударды. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру мен қатар ғылым саласын дамыту үшін кәсіби мамандарды даярлау қажеттігі әрдайым басты мәселелердің бірі екеніне тоқталып өтті [2].
Осы орайда қоғамның даму кезеңі өз ісінің іскер мамандарына, кәсіби қалыптасқан тұлғаларларға жұмыс ұсына отырып, жоғары оқу орындарына, олардың кәсіби дайындау жұмысына арнайы жаңа талаптар қойылады.
Мамандарды дайындау жүйесі мемлекет аясында, нақты кәсіби салада анықталған. Жоғары оқу орындарымен бітірушілердің іс-әрекеті саласында әрқашан сенімді байланыс орнаған. Жас маманға жоғары оқу орныны бітіргеннен кейін кәсіби іс-әрекет жағдайына бейімделуге біраз уақыт қажет болады. Мамандардың жұмыс жағдайына бейімделуі жоғары оқу орындарында алған негізгі білімдерімен, игерген іскерлік дағдылар қорымен байланысты және де жас маманның кәсіби іс-әрекетке дайындығының атқаратын ролі маңызды болып табылады.
Кәсіби іс-әрекетке дайындықтың жетекші құрамы болып табылатын психологиялық дайындық кешенді психикалық білім, операциялық, және тұлғалық компоненттер динамикалық құрылымымен өзара әрекеттестік-функциональдық тәуелділікке ие. (А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин, В.Д. Шадриков), осыған байланысты студенттердің кәсіби іс-әрекетке дайындығын қарастыру маңызды мәселе қатарынан орын алады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында қазіргі уақытта оқытудың әр түрлі тиімді тәсілдері қолданылады, ол студенттердің іс-әрекетін бағдарлайтын келесі бағыттар: ақпаратты қабылдау, қайта жасау, оны меңгеудің дәрежесін қарастырады. Жақынға дейін маманның біліктілік деңгейі оқу үрдісі барысында алған білімдеңгейімен анықталып келді. Алайда білімді меңгеру дәрежесінің өзі студенттердің дара ерекшеліктерімен байланысты екендігі белгілі. Бұл үрдісте маңызды ролді тек танымдық үрдістің сипаттары ғана емес, адамның тұлғалық жеке типологиялық ерекшеліктері, оның мотивациясы, кәсіптік бейнені елестете алуы, болашақ кәсіби іс-әрекетінің бейнесін шынайы түсінуі, студенттің кәсіпке, іскер маман ретінде тұлғалық талаптарды қабылдауы және түсінуі жатады. Сонымен И.А. Зимняя студенттердің таңдаған мамандығы туралы түсініктерінің шынайылығы, толықтығы оның оқу әрекетіне оң қатынасы деңгейінің қалыптасуына әсер етеді, яғни студент қаншалықты болашақ кәсібі туралы аз білсе, соғұрлым оның оқу әрекетіне деген жағымды қатынасы төмен болып табылады деп атап көрсетті [3].
Осы тұрғыда кәсіби білім беруде, психологиялық тәжірибеде, кәсіби білім беруде, оқу үрдісі барысында дайындықтың тұлғалық аспектілері оқу үрдісін технологизациялау оған баса назар аудару қажеттілігі мәселесі өзекті болып отыр. Кәсіби іс-әрекетті орындауға тұлғалық дайындық элементтерінң дамуы және қалыптасуы, тұлғалық дайындықты диагностикалаудың кешенді әдістерін жасау қажеттілігі туады.
Қазіргі кезде мамандармен оларға қойылатын талаптардың сәйкес келмеуі бір жағынан жоғары оқу орындарындағы кәсіби білім беру жүйесінің тиімділігінің төмендігінен, ал келесі жағынан кәсіпке қойылатын талаптармен маман тұлғасының сәйкес келуі, осы қайшылықтар біздің зерттеуіміздің тақырыбын анықтайды. Көрсетіліп отырған қарама-қайшылықтар біздің көзқарасымыз бойынша студенттерді болашақ кәсіби іс- әрекетке дайындауда тиімділігін дамытуға орай мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу нәтижесінде кездесіп отырған қайшылықтарды шешудің негізі болып табылады. Бұл үшін біздің пікірімізше студенттерді кәсіби іс-әрекетке психологиялық дайындығын қалыптастыруды зерттеу жұмысы жүргізілуі керек. Сонымен білім беру жүйесінде студенттерді кәсіби іс-әрекетке дайындау барысында тиісті деңгейді қалыптастыру басты мәселелердің бірі.Жоғары оқу орындарында кәсіби іс-әрекетке дайындаудың психологиялық ерекшеліктері мәселесіне байланысты зерттеулерде студенттердің психологиялық дайындығы іс-әрекеттің нәтижелі, игілікті орындалуына, маңызды мәселелерді мақсат-бағдарлы іздестіруге, «шұғыл» жағдайды алдын ала аңғаруға, мәселелік жағдайдан тиімді, әлеуметтік ортада құнды тәсілмен шыға алуға, жаңа мәселелерді және олардың салдарын болжауға мүмкіндік беретін түрлі моральдік-еріктік сипаттар, бағыттылық, қабылдау, зейінділік, еске сақтаудың жоғарылығы, ақыл-ой тереңдігі, зерделік, зияттылық, асқақ эмоциялық тұрақтылық, стреске шыдамдылық, бейімделуге икемдік, қарым-қатынастағы құзіреттілік, креативтілік және т. с. с көптеген тұлғалық қасиеттер мен қабілеттердің, танымдық процестердің, психикалық жай-күй сипаттарының жекелей жоталануы немесе тұтас құрылымы ретінде талданады, сондай-ақ маңызды орын алады. Дегенмен, жоғары оқу орындарында кәсіби білім берудің басты бір құраушысы болатын студенттерді дайындаудың теориялық және тәжірибелік жақтарына арналған зерттеулердің жеткіліксіздігі қазіргі кезде ерекше сезілуде. Үнемі өзгеріп отырған осы заманда болашақ мамандардың маман ретінде оқу-кәсіби іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруі үшін дайындықты таныту мен дамытуы аса көкейтесті мәселеге айналып отыр
Сондықтан психологиялық дайындау мәселесіне қатысты ұстанымдарды қарастыру қажеттігі шығады. Осы орайда психологиялық дайындау бойынша идеялар мен тұрғылардың жалпылығы, айырмашылықтары, зерттеушілердің еңбектеріндегі әрқалай шығармашылықпен ашылады. Сонымен қатар, психологиялық дайындау мәселесіндегі әр түрлі ұстанымдарды жүйелеу арқылы оңтайлы практикалық межелі іс пен келешек ғылыми ізденістердің бағытын тағайындауға жағдай жасалынады.
Психологиялық дайындау нәтижесі келісті қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекетте, ресми емес формадағы достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, демеуі, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде күнделікті сан рет көрініс береді. Кезінде осы мәселенің тарихына зер салған К.К. Платонов [4].
Мәселен, Л.Н. Захарова психологиялық дайындауды «тұлғаны қалыптастырудың бір түрі, ал оның мақсаты жеке-дара психологиялық ерекшеліктерді анықтау және нақтылы бір іс-әрекетке деген қабілетті дамыту, мотивацияны қалыптастыру» ретінде анықтайды. Демек, психология­лық дайындау іс-әрекетке мотивациялық, операциялық және өзін-өзі реттеу тұрғысынан даяр болуды қамтамасыз етуі тиіс.Әдебиеттерге жасаған талдау психологиялық дайындау мазмұнына тым абстрактілі тұрғыдан қарау дәстүрлі екендігін көрсетеді. Көбінесе психология­лық дайындау мен оқыту-тәрбиелеу процесінің өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктері аңғарылмай қала береді де, нәтижесінде олар бір процестің әр нұсқасы ретінде қарастырылады. Аталмыш процестердің қисыны бойынша арасындағы байланыстың тым тығыз, үйлесімділік негізде екендігі белгілі. Дегенмен, олардың әрқайсысы нақтылы бір мақсатқа бағытталған; әрқайсысының өзіндік шешетін міндеттері бар; әрқайсысының дербес мазмұны мен іске асыру технологиясы болмақ. Психологиялық дайындауды кәсіби білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыратын қажетті және оңтайлы ахуал ретінде анықтайтын зерттеушілермен келіспеу мүмкін емес. Жалпы кәсіби дайындау жүйесіндегі оқыту, тәрбиелеу және психологиялық дайындау процестерінің өзара байланысы мен қатыстарын бағалау психоло­гиялық дайындаудың мәнісін түсінуге мүмкіндік беретін бір аспект болып табылады. Психологиялық дайындау мамандарды оқыту-тәрбиелеу процесінің бөлінбейтін құрамы, сонымен қатар оның салыстырмалы түрде дербестікте болатындай өзіндік ерекшеліктері де бар[5].
Х.Т. Шерьязданова зерттеулері психологиялық дайындауды өз алдына дербес процесс ретінде ұйымдастырылуына, мазмұнына және әдістемелеріне байланысты анықтайды. Х.Т. Шерьязданова пікірінше, студенттерге психологиялық білім беруде психология пәндері бойынша білімнің топтас­тырылған сипаттағы дәрістері тиімді болады. Ал студенттерді меңгерілген психологиялық академиялық білімді тәжірибеде қолдана алуға бағыттауды ғалым кәсіби дайындаудың басты шарты ретінде қарастырады [6].
Студенттерді психологиялық дайындау негізін М.Қ. Бапаева психологиялық пәндер бойынша білім беруді жетілдіру деп қарастырады. Мұнда психология пәндерінің мазмұнына қарым-қатынас психологиясының тиісті мәселелерін енгізу студенттің білікті маман, тұлға ретінде қалыптасуының шарты ретінде тағайындалған. Сонымен қатар автордың психологиялық білім­дерді қалыптастырудың этнопсихологиялық тұрғыға байланысты әдістері мен механизмдерін жасауы қазақ студенттерін психологиялық дайындау мәселесін шешудегі теориялық және практикалық мәні бар тұңғыш қадам болып табылады. [7]
Сондай-ақ психологиялық дайындау тұлғаның нақты бір қасиеттерін дамытуға немесе тұлға үшін аса мәнді кейбір проблемаларды шешуге орай өзекті болады. Осы орайда психологиялық дайындауды О.А. Винокурова студенттердің кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін өзекті етудің.
Психологиялық дайындаудың ғылымда анықталуын, мән-мағынасын, алатын орны мен рөлін, сипаттамасын және нәтижесін айқындау мақсатымен психоло­гиялық-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау негізінде оның процессуалдық жақтарын бөліп көрсету мүмкін болады:
– тұлғаның эмоциялық-еріктік компоненттерімен байланысты және іс-әреке­тіне түрткі болып, бағыттайтын, жауапкершілікке, басқалардың «Менін» құрметтеуге, тұлғааралық қатынастардың гуманистік табиғатын түсінуге мүмкіндік беретін ішкі бағдары ретінде когнитивтік құрылымдарының жүйесін, құндылық бағдарының жүйесін дамыту, жетілдіру;
– тұлғаның өзін, өзінің мінез-құлқы мен қылықтарын рефлексиялау қабілетін, өзін-өзі реттеу, сезімі мен жай-күйін бақылай алу қабілетін дамыту, жетілдіру;
– тұлғаның бүкіл тіршілік әрекеті мен кәсіби іс-әрекетіне ықпал ететін адамзаттың психология, психологиялық және психофизиологиялық процестер жайлы жинақтаған ақпараттар негізінде психологиялық білімдер жүйесін меңгеру;
– тұлғаның іс-әрекет процесінде өзін іс жүзінде көрсетуі, өзін-өзі актуалдан­дыруы, қарым-қатынас тәсілдері мен амалдарын қолдану, іс-әрекет стилі, өзара қатынас жасау процесінде рефлексиялық позицияны жүзеге асыруы бойынша технологиялық деңгейді жоғарылату;
– тұлғаның басқа адамдарды қабылдауына, өзінің жеке-дара екендігін түсінуіне, іс-әрекетті шығармашылықпен жүзеге асыруына, Мен-тұжырымдама­сының тұтас болуына, өзін-өзі бағалаудың дәлме-дәлдігіне, кәсіби тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіби шеберлікті меңгеруге мотивация мен ұмтылысын қолдауға мүмкіндік беретін қасиеттер мен сапаларын дамыту, жетілдіру. [8]
Демек, психологиялық дайындау арқылы тұлғаның көптеген қасиеттері мен сапаларын дамытып, жетілдіру мүмкін болады. Осы қасиеттер мен сапалардың қалыптасу деңгейі психологиялық дайындаудың өлшемдері мен диагностикалық белгілері болып табылады. Сонда психологиялық дайындау нәтижесінде тұлға­лық ықпалдасқан құрылым дамиды. Психологиялық дайындау іс-әрекетті шығармашылықпен жүзеге асыру мүмкіндігі, кәсіби іс-әрекеттің алғышарты әрі оны жетілдіру құралы, осы іс-әрекеттің тиімділігін талдауға негіз және оның өлшемі болады.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдау психологиялық дайындаудың дәстүрлі түрде психология пәні бойынша білім, дағды және біліктіліктің белгілі бір ауқымымен байланысты қарастырылатынын көрсетті.
Дегенмен психологиялық дайындауды еңбек етуге немесе нақты бір, атап айтқанда, төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке қатысты қарастыру әлдеқайда жиі кездеседі. Бұл тұрғыдан кәсіби міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін психикалық қасиеттерді қалыптастыру, жетілдіру психологиялық дайындаудың басты мақсаты болып табылады.
Тәжірибе жүзінде талайлардың психологиялық даярлығы нақты бір мақсат-бағдарлы психологиялық әсер ету процесінен тыс, бытыраңқы қалыпта көрінеді; іс-әрекеттерді орындау барысында, эпизодты құбылыс ретінде болады. Тек аса жинақылықты, психологиялық шыңдалуды, ерекше жоғары біліктілікті қажет ететін іс-әрекет түрлеріне қатысты кейбір адамнан байқалатын психологиялық дайындық іс-әрекетті меңгеру процесінде және оның барысында ғана жүзеге асырылады. Ал зерттеушілер психологиялық дайындық кәсіби іс-әрекеттің жетістігін, межелілігін анықтайтындықтан, психологиялық дайындауды маманды оқыту-тәрбиелеу процесінің негізгі құраушысы деген байламға келеді. Алайда психологиялық дайындаудың анықтамасына, мақсаттарына, қағидаларына, мән-мазмұны мен әдіс-тәсілдеріне бірегей көзқарас жоқ.
Сондықтан психологиялық дайындау мәселесіне қатысты ұстанымдарды қарастыру қажеттігі шығады. Осы орайда психологиялық дайындау бойынша идеялар мен тұрғылардың жалпылығы, айырмашылықтары, зерттеушілердің еңбектеріндегі әрқалай шығармашылық ашылады. Сонымен қатар, психология­лық дайындау мәселесіндегі әр түрлі ұстанымдарды жүйелеу арқылы оңтайлы практикалық межелі іс пен келешек ғылыми ізденістердің бағытын тағайындауға жағдай жасалынады.
Дайындық түсінігі мамандарға кәсіби мобилизация және психологиялық мүмкіндіктерден өтуді ұсынады деп түсіндіреді В.Д. Шадриков. Іс- әрекетке дайындықтың қалыптасуын іс- әрекетің индивидуалдылығын сипатайтын обьективті заңдылықтар оқытудың психологиялық мәнімен байланыстырады, «кәсіпті меңгерудің ішкі, интимді жағы субьектінің индивидуалды сапаларының негізінде іс- әрекет мотивтерінің, мақсатын және жағдайына орай оны қайта құрастыруды шынайы ұйымдастыру» болып табылады адамның қажеттіліктері, қызығушылықтары, көзқарастары, нанымы мен бағдары, өмірлік тәжірибесі психикалық функцияларының жеке ерекшеліктері, нейродинамикалық сапалары, тұлғалық қасиеттері кәсіби іс- әрекетке психологиялық дайындық үшін қажетті қайнар көздер» болып табылады. Зертеуші оқу әрекетін іс- әрекеттің жүйелік негізінде жалпы заңдылықтар позициясында қарастырады, (арнайы кәсіби) және жалпы қабілеттердің функционалды жүйенің қасиеті ретінде қабілеттердің мәнін ашады, өзара байланысын орнатады.
Психолоиялық дайындықты нақты іс- әрекет түріне байланысты зерттей отырып , В.Н. Кузнецов мемлекеттік қызметтегі мамандардың психологиялық дайындық сипатын қарастырды, онда функционалды тәуелді динамикалық құрылымды элементтері арасындағы күрделі психикалық білім, функционалдық, операциялық, тұлғалық компоненттердің ағымы сипатында қарастырады. Кәсіби іс- әрекетке психологиялық дайындық құрылымына М.И. Дьяченко и Л.А. Кандыбович, В.Н. Кузнецов еңбектерінде іс-әрекет мотивтері, қалыптасатын бағдарлар, білім, іскерлік, дағдылар, белгілі тұлғалық сапалар енеді. [35].
М.И. Дьяченко және Л.А. Кандыбович, піріклері бойынша дайындық жағдайы күрделі динамикалық құрылымға ие және келесі комоненттерді қамтиды:
- мотивациялық (қатынас, пәнге қызығушылық, өзге де тұрақты мотивтер);
- бағдарлық (болашақ мамандық ерекшеліктері туралы елстер мен білімдер);
- операциялық (білім, іскерлік, дағды, талдау,жинақтау, салыстыру, жалпылау);
- еріктік (өзін –өзі бақылау, іскерлік, өз әрекеттерін басқару);
- бағалау (өзінің дайындығын өзіндік бағалау ) деп қарастырады. [5].
Кәсіби іс- әрекетке дайындық мәселесін біз қарастырған тұрғыдағы құрылымдық компоненттерден басқа да компоненттер бар.
Дайындық құрылымы келесілерге бөлінеді: шығармашылықта еңбек ету іскерлігі және қажетті білімге қол жеткізу, біліуге құштарлық және инициативалық, жеке сапаларды сезіну, еңбектегі қуанышты сезіну. Жастардың педагогикалық іс-әрекетке психологиялық дайындықтың компоненттері , бұл компоненттерге кәсіби бағыттылық, кәсіби-құндылық бағдар, тұлғалық маңызды сапалар, бірінші үш комоненттерге сәйкес келеді.Сонымен психологиялық әдебиеттерде іс- әрекетке психологиялық дайындық оның құрылымын қарастыру үлкен қызығушылық туғызады. Әр түрлі іс- әркекет түрлеріне психологиялық дайындықтың құрылымын қарастыру зерттеушілерге бір мағынада түсінілмейді. Бірақ олар бірауыздан дайындықты көп компонентті және көпөлшемді білім беру ретінде қарастыру қажет деп есептейді. Іс-әрекетке дайындық мағынасына қарай әр түрлі деңгейде және әр түрлі компоненті болуы мүмкін.
Ол тұлғалық жүйені динамикалық дамытатын және іс-әрекеттік нормативті ретейнгісі , ұдайы өзін-өзі дамытуға және өзін- өзі жетілдіруге мақсатты, әлеуметтің позитивті мәнге ие тұлғалық және профессионалды жетістік негізінде жоғары профессионалды статус алады [9].
Шын мәнініде, профессионализм кәсіби іс-әрекертке дайындық түсінігіне қарағанда кең ауқымды түсінік сонымен профессионализм тек қана дайындық емес сол кәсіби іс-әрекетің жоғары дәрежесі сондай ақ іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Осыған байланысты кәсіби іс-әрекетке психолоогиялық дайындық бұл профессионализмнің құрылымдық компененті деп қарастыруға болады. Авторлардың пікірлері бойынша кәсіби іс–әрекетке тұлғалық дайындық компоненті профессинализмнің маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі таңдағы психологияда кәсіби іс- әрекетке психологиялық дайындық түсінігіне түйіндеме жасай отырып аталған зерттеу тақырыбын қарыструда әр түрлі авторлардың дайындық тақырыбындағы түсініктерін қоладуда келсідей «іс-әрекетке психологиялық дайындық», «кәсіби іс-әрекетке дайындық», « кәсіби дайындық» , «профессионализм» «түлғалық сапа» мағыналас жақын мәндегі түсініктердің қолданылуын атап көрсету маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет