«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет114/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Абилов Д.К., Баймуканова М.Т.


Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс


Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік – педагог жұмысының даму тарихы бір – бірімен тығыз байланысты. Біріншіден оларды ерекше көңіл мен қамқорлықты қажет ететін адамдарға деген мәдени – тарихи дәстүрдегі қатынас біріктіреді: «мейірімділік», «қайырымдылық», «көмек» және тағы басқа түсініктер әлеуметтік педагогикада, әлеуметтік жұмыста бірдей қолданыла береді. Сонымен әлеуметтік жұмыс халықты әлеуметтік қорғау сферасында дами бастады да, әлеуметтік педагогика білім беру жүйесінде және жастардың жұмысы жөніндегі комитет мекемелерінде дами бастады.
Уақыт өте келе әлеуметтік пеадагогтар әлеуметтік жұмысшылардың қызмет сферасында бір –бірін толықтыра, нақтылай бастады. Көптеген мекемелерде, балалар үйінде, мектептерде қазіргі күнде әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік пеадгогтар қатарласа қызмет атқарады, бірақ та олардың әрқайсысының өзінің мақсаттары мен міндеттері бар.
Практикалық қызмет жүйесінде әлеуметтік пеадгогика мен әлеуметтік жұмыстың шығу тегі анық көрінеді: әлеуметтік педагогтар өз жұмыстарында негізінен пеадгогикалық қызметтің теоретикалық және әдістемелік негізіне сүйенсек, әлеуметтік жұмысшылар көбіне зерттеудің әлеуметтік әдістерін және технологияларын әлеуметтік теорияларын қолданылады.
Әр адамның өмір бойында әр түрлі мәселелер кездеседі. Олар: психологиялық, медициналық, құқықтық, материалдық және басқа тұрғыда көрініс табады, сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (экологиялық, әлеуметтік, техногендік, ұлтаралық және т.б) немесе ішкі тұлғалық мәселелер (денсауылықтың жоқтығы, психикалық немесе физикалық дамудағы ауытқулар).
Адам мұндай мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетсіз болғандықтан, олар біреуден қолдау көмек күтуі – әлеуметтік педагог үшін маңызды. Осылайша әлеуметтік педагог объектісін, әлеуметтік дамуда көмекті қажет ететін адамдар деп айтуға болады, яғни адам әлеуметтік – субъект ретінде, жас ерекшелігіне қарамастан жұмыс істейді. Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесінде арнайы оқу – тәрбиелеуде қажеттіліктері бар, дезадаптацияланған балалар және жасөпірімдерімен, тоық емес және көпбалалы отбасылармен, әлеуметтік жағымсыз жүріс – тұрысты, адамдар және түрмеден енді шыққан адамдармен, ішімдік және нашақоролықпен айналысатын адамдармен, зорлық–зомбылық құрбандарымен және суицидке жақын, физикалық, психикалық кеміс адамдармен арнаулы әлеуметтік педагогикалық жұмыс қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйлерінде немесе коррекциялық қызмет көрсететін реаблитациялық мекемеде оқытылады және тәрбиеленеді. Реаблитациялық мекемелердегі балалармен психологтар, психоневрологтар, педиатрлар, психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер жұмыс жасайды. Бұл реаблитациялық мекемелердің негізгі міндеттері:

  • кешенді тұрғыдан диогностика жасау, әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп оқыту, тәрбиелеуде олардың потенциялдық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру;

  • әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу;

  • балалардың бұзылған психофизиологиялық функцияларын коррекциялау;

  • балалардың танымдық қызығушылығын дамыту;

  • оқыту, тәрбие беру процестерінде түрлі әдіс – тәсілдерді ендіру жұмыстары кіреді;

Реаблитациялық мекемелер диогностикалық, психокоррекциялық, сауықтыру, оқыту – тәрбиелеу, консультациялық, ғылыми – әдістемелік бағыттар бойынша қызмет етуі тиіс. Коррекциялық қызмет көрсететін реаблитациялық мекемелер мүгедек балалармен жұмысты тәрбиеші, педиатр, психолог, психиатр, неврологтармен қатар әлеуметтік педагог мамандарының қызметі.
Әлеуметтік педагогтың қызметтік міндеттері:

  1. Әлеуметтік ақпараттық көмек – әлеуметтік көмек пен қамқорлық жөніндегі сұрақтар бойынша балаларды ақпараттандыру, сонымен қатар әлеуметтік мекеме, олардың қызметі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

  2. Әлеуметтік құқықтық көмек – адамның, баланың, құқығын қорғауға бағытталған, балаларды тұрғындық, некелік, еңбектік, азаматтық сұрақтар бойынша құқықтық тәрбиелеу.

  3. Әлеуметтік – реаблитациялық көмек – психологиялық, эмоционалдық, моральдық күйді, денсаулықты қажет ететін балаларға реаблитациялық мекемелерде, орталықтарда, кешендерде т.б. мекемелерде сауықтыру көмегін көрсету.

  4. Әлеуметтік – экономикалық көмек – жетім және балалар үйінің түлектеріне материалдық көмекті, пособияны, компенсациялауды, өз уақытында алуға көмектесуге бағытталған.

  5. Медико – әлеуметтік көмек – ауру балалардың денсаулығына қажетті түрлі дәрілер мен құралдарды жеңілдіктермен алуға көмек.

  6. Әлеуметтік – психологиялық көмек – бала дамып жатқан отбасында, микроқоғамда қолайлы микроклимат жасауға бағытталған, үйде, мектепте жағымсыз әсерлерді жоюға, қоршаған ортамен қарым – қатынас барысындағы қиындықтарда өзін – өзі табуға бағытталған жұмыстар.

  7. Әлеуметтік – пеадгогикалық көмек – қараусыздық пен қаңғыбастықты тудыратын конфликтілі ситуацияларды, педагогикалық қажеттіліктерді жеңуге, бала тәрбиелеудегі ата – аналардың құқығын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауға, отбасында балалардың дұрыс тәрбиеленуі мен дамуын қамтамассыз етуге бағытталған.

Мүгедектілік – маңызды әлеуметтік мәселе, оны әрбір қоғам шешуіне тура келеді. Мүгедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік – экономикалық, экологиялық саяси, оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік – саясатының қалыптасуы үшін негіз болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 8% құрайды екен. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік – саясаттың приоритеті – адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады.
Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл адамдардың негізгі құқықтарының мәселесі және де заң. Ол құқықтарды әрбір азаматтыққа кепілдеуі қажет.
Мүгедектерге әлеуметтік көмек беру жәрдемақы протезді – ортопедиялық бұйымдарымен және аяқ киімдерімен қамту, арнайы шрифтпен жазылған баспа бұйымдармен, даусын күшейту аппараттарымен және сигнализаторлармен компенсаторлық техника – құралдарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектері мүгедектілік бойынша мемлекетпен жәрдем ақылар алады. Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады Бұлардан басқа ақыл – есі, түсіну, сезінулері дамымай қалған, не болмаса іштен осындай кемтарлықпен туғандар психикалық ауытқулары бар адамдар қатарына жатады.
Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың достарымен араласуының пайдасы да шаш етектен. Ата-аналар тағдырдың осынау бақытсыз сыйына қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжірбие көрсеткендей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналармен мамандардың бірге байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы мүгедек баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуі жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүгедек бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені, мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды қорқыныш билейді. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Ауру бала отбасындағы ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау жарымжанның әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда патологиялық дерттердің бастауына жол ашады.
Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады.
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым – қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Мұндай жағдайда, әсіресе балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалалардың көптеген мәселелері шешілетін сипатқа ие болды, мұндай балаларға жедел көмек және қолдау қажет екендігін әлеуметтік педагогтар арнайы құрылған комиссиямен бірлікте шешіп, оны жүзеге асуына ат салысады.
Мемлекеттік стандарт бойынша әрбір бала мектепте білім алуы, оны 9 – сыныпқа дейін жалғастырылуы немесе мүмкіндігіне қарай 11 – 12 сыныпқа дейін оқуы тиіс. Әлеуметтік мәселелер туындауының өмірн сүру жағдайының болмауы, қоршаған ортаға теріс әсері, жүріс – тұрыс ережелерін бұзылуынан қоғамда және табиғатта болып тұратын теріс көріністер мен құбылыстардың әсерін тигізетіні белгілі. Әлеуметтік педог пен әлеуметтік қызмет көрсетуге алу үшін мынадай құжаттар негіз болады:
- баланы қызмет көрсетуге қабылдау туралы ата-анасының немесе баланың өзге де заңды өкілдерінің өтініші;

  • басқа адамның күтімі қажеттілігі туралы психолого-медико-педагогикалық комиссия қорытындысы;

  • денсаулығының жағдайы туралы емдеу профилактикалық медициналық картасы;

  • мүгедектігі туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің анықтамасы және оңалтудың жеке бағдарламасының анықтамасы қажет.

Ата-анасының өтінішінен кейін, әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкер көмек бөлімшесімен ата-анасының арасында келісім-шарт бекітіледі. Қызмет көрсетуден шығарып алу ата-анасының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің дербес өтініші бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды тексеру, оның мүддесі мен мұқтажын білу мақсатымен баланың қоршаған микроортны зерттеп, оны баланың және оның отбасының әлеуметтік паспортына тіркеледі.
Әлеуметтік педгог пен әлеуметтік қызметкер көмектің нақты түрі мен нысанын белгілеу, психолого-медико-педагогикалық мамандары жасайтын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке жұмыс істеп көсретудің картасын құрамыз. Бұл қызметтер мүгедек баланың жан-жақты дамуын қамтиды. Ата-аналарға ауру баланы күтудің практикалық машықтарын, әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерді үйрету, балаларды жүріп-тұру мен әлеуметтік машықтарға, мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге көмектеседі. Оңалту іс-шараларын іске асыру және баланы отбасына бейімдеу мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Мүгедек баланың бос уақытын ұйымдастыру, ата-анаға психологиялық жәрдем көрсету, олармен жеке және топтық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстар жүргізу, шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету әлеуметтік педог пен әлеуметтік қызметкердің міндетіне кіреді. Медициналық көрсеткіштер бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет