«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет12/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Әдебиеттер:
1. Қазақ ұлтынан – қазақ еліне / Ұжымдық монография. – Алматы: Атамұра, 2010. – 80 б.
2. Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және ислам. -Алматы, 2002. -191 б.
3. Серiқалұлы З. Дүниетану даналығы. -Алматы, 1994. -39 б


Джакупбекова Б.Г.


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі таңда қазіргі қоғам әрбір дамды оқыту мен тәрбиелеуге оның білім алуына жоғары талаптар қоюда. Осыған орай барлық адамдардың еңбекте, оқуға, жұмысқа белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға шығармашылық тұрғыда келу ерекше өзекті болып отыр. Білім берудің жаңа парадигмасы өз бетінше үздіксіз білім алуды қалыптастыруға және шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған сипат алады. Әлемнің жылдам өзгеру және ақпараттардың ағымы күшейген жағдайда фундаментальды пәндік білімдер міндетті сипат алады, бірақ білім мақсатына жеткіліксіз болып табылады.


Оқушылардың Қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған білім қорын тек меңгеріп қана қоймай шығармашылық іскерлік дағдыларды игеруі шарт.
Оқушының жаңа материалды мегеруге қатысты тілегінің ұзақтығы бірінші жоспарға қойылса онда оқу әрекетінде анағұрлым табысты нәтижеге қол жеткізуге болады. Анағұрлым мәнді табысты нәтижеге қол жеткізуде бірінші жоспарда оқушылардың жаңа материалды меңгеруге деген қарым- қатынасының ұзақтығы болған жағдайда мүмкіндік болады.
Оқу әрекетінің нәтижелілігі көбінесе оқушылардың іс- әрекетінің белсенділік дәрежесіне байланысты.
Оқушыларды дайындауда олардың интелектуалды даму потенциалына екекше көп назар аударылады, мамандардың кәсіби деңгейі мен білім беруі тек қана меңгеру ғана емес сонымен қатар ғылыми –техникалық прогересс жетістіктерін шығармашылықпен қолдану, сондай-ақ тәрбиеленушіні табысты іс-әрекетке қабілеттілігімен тұлғалық сапаларын қалыптастыруды көздейді]. Әлемде білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы қоғамдық мәнмәтінде білім беру кеңістігінде әрекет етуге қабілетті, интектіллілікті игерген, өз-өзіне жеткілікті және тәуелсіз тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі кезеңде мектепте білім берудің өзекті және негізгі міндеттерінің бірі ерекше деп танылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру 2020 бағдарламасына орай қазіргі әлемдік қарқынды даму жағдайын орай оқушыларды шынайы дайындау қажетті деп танылған.
Қазіргі кезеңдегі орта білім және кәсіби мектептердің ортылық міндеттерінің бірі – балалардың керемет сезімін ояту, көркемдік талғамын, түсіне білу және өнер туындыларын және әдебиетті, қоршаған ортаның байлығы мен әдемілігін бағалау яғни эстетикалық, тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, өз отанының рухани материалдық отарының рухани және материалдық құндылықтарын өмірлік ұстанымдарын мұра ретінде байыту және келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыруға атсалысуды қалыптастыру.
Тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптасуы практикалық оқыту мен шындықты және эстетикалық оптималды тұрғыда өнер мен шындықтағы құбылыстарды шынайы қабылдаудыға өзара байланысы арқылы қалыптасады. Осындай оқыту мен шығармашылық іс- әрекеттің арасындағы байланыс түрі тұлғаның өзін-өзі бекітуін, өзіндік іс- әрекетті арқару дайындығын бекітеді, сонадай-ақ өз тәжірибесін шығармашылықпен пайдалануға мүмкіндік береді[1].
Шығармашылық күштердің дамуы оқушылардың қабілеттері жәнеикемділігі күрделі үрдіс, ұдайы толықтырылып отыратын іс- әрекеттің алуан түрінде танымдық мағыналы және қоғамдық мәнді талап етеді.
Оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасуы екі негізгі арна арқылы жүзеге асады, бір жағынан оқу пәндерінің мазмұнының өзі осы мүмкіндікті құрайды, ал келесі жағынан оқушылардың танымдық іс- әрекетін анықталған жолмен ұйымдастыру.
Аталған бірінші немесе екінші арнада ерекшеленбейді, танымдық қызығушылықтарды қалыптастыра отырып олардың әрқайсысы анық мағыналы спецификалық сипатқа ие болып табылады.
Оқытудың мазмұны, оқу материалы – бұл оқушының өз көзқарастарын кеңейтуінің, әлемді ашуының, көптеген өзіне белгісіз құбылыстармен заңдарды тануының негізі. Оқушылар үшін танымдық қызығушылық пәні -бұл әлем туралы жаңа білімдер жүйесі болады. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде біздің зерттеуіміздің аясында оқушылардың танымдық іс- әрекеті, танымдық қызығушылықтар жүйесінде шындықты тануы ретінде анықталады.
Біздің зерттеуіміздің аясында біз қызығушылықты оқу пәніне деген таңдаулы қатынас ретіндет қарастырамыз. Леонтьев А.Н. белігі бір нәрсені қызықты ету дегеніміз бұл –оны әрекетті ету немесе анықталған жаңа мотив құру және ізену мақсатына сәйкестендіру деп көрсетеді. Осымен қатар автор қызығушылықты зерттей отырып іс- әрекетке формалды, құрылымдық қатынаспен шектелмейді және мотивациялық сфераны қызығушылықты сапалы анықтаушы ішкі мағынаға жақындауды талап етеді[38].
Қызығушылықтар – бұл адамның танымдық қажеттіліктерінің эмоционалды көрінуі [3]. Қызығушылықтар ролі іс- әрекет ұрдісінде анағұрлық үлкен, яғни қызығушылықтар іс- әркет үшін мәнді обьектілерді ояту күшіне ие, сондай- ақ тұлғаны білім мен түсінуге деген құмарлығын қанағаттандыру тәсілдерін белсенді атқаруға мәжбүрлейді. Обьектіге деген тұрақты мәнге ие қызығушылықтардың қанағаттандырылуы қызығушылықтардың сөнуін жүзеге асырмайды, керісінше іштей реттеп, байытып тереңдетіп танымдық іс- әрекеттің жоғары деңгейіне жауап беретін жаңа қызығушылықтардың пайда болуын туғызады[4]. Тұрақты қызығушылық адамның қабілеттерін оятудың негізі, осы қатынас анықталған диагностикалық құндылыққа ие.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабылеттерін жетілдіруде алатын орны ерекше. Шығармашылық сөзінің мағынасы философиялық сөздікте – «қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғарғы сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» - деп түсіндіріледі.
Шығармашылық қабылет, елес, қиял, ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, бейімділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Жеке адамды оқыту мен тәрбиелеу негізінде шығармашылық тұрғыда ойлау білу – оқу үрдісінің негізгі міндеті. Осы міндетті орындағанда сын тұрғысынан ойлау технологиясы толық мүмкіндік алады.
Мұғалім сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізінде өткізсе, сабақ үрдісі мына нәтижеге жетеді:

  1. Оқыту мақсаты орындалады.

  2. Оқушылар жаңа ақпараттармен қамтамасыз етіледі.

  3. Оқыту үрдісіне оқушылар толық белсенді қатысып, араласады.

  4. Пікір алмасу жүзеге асады.

  5. Оқуға белсенділігі жоғарылайды.

  6. Қорытынды жасай алады.

  7. Өздігінен ойлай білу әрекеті дамиды да, шығармашылықта қолдана біледі.

Осы міндеттерді орындауда ұстаз өзінің тақырыбымен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды қолданып, оқушылар арасында жеке, жұппен, топтық іс-әрекеттерді ұйымдастырады.
Л.С. Выготскиидің ойынша; «Тәрбиелеу оқушыны емес, оқушы өзін тәрбиелейтіндеи етіп ұйымдастыру керек». Осы турғыдан оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқушының іс-әрекетінің тиімділігін жоғары дәрежеге жетуіне сенімділік қалыптастырады[2].
Сабақ үрдісінде пайдаланған стратегиялар көмегімен жеке тұлғаның шығармашылықәрекеті жан-жақты дамиды. Оқушылар бірін-бірі тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге тиімді жолдарын табады.
Осындай сабақтар барысында өзінің белсенділігін көрсету мүмкіндігі беріліп, шығармашылықта ойлауы дамиды.
«Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз едәуір дәрежеде оқыту мен тәрбиенің обьективті заңдарына сәйкес әрекет етеді. Бұл жағдайда ол ішінара қазірдің өзінде белгілі теориялық қағидаларға сүйенеді, ішінара интуитивтік жолмен ғана әлі ашпаған заңдарын барлап, байқап көреді» - деп жазады Л.В. Занков [3]. Шығармашылық іс- әрекеттің дамуында бастауыш мектеп маңызды роль атқарады. Осы жылдары іс- әрекет түрлерінің психологиялық негізі қаланады, баланың қиялы мен фантазиясы дамиды, шығармашылық ойлауы, білімше құштарлығы, бақылау алу іскерлігі және талдау жасау, салыстыру, жалпылау, қортынды жасауға қызығушылығы оянады. Балалардың еңбек әрекетін араласуы олардың техникалық және шығармашылық дамуына және тәжірибелік жұмысты жүзеге асыра алуына қолайлы жағдай жасайды. Өкінішке орай бұл мүмкіндіктер олардың қабілетін және шығармашылық еңбек қажетіліктерін тәрбиелеуде өте аз дәрежеде қолданылады. Шығармашылық қабілеттердің табысты жүзеге асуы балалар шығармашылығының ерекшеліктерін және адамның шығрамашылық қабілеттерінің дамуының орталық міндеттерін шешуді ескерген жағдайда жүзеге асады.
Шығармашылық ойлауды қалыптастыру үшін алдымен бәрінен бұрын балалардың көзқарастарын дамытуға жағдай жасау керек, табиғи және көркем өнер обьектілерімен танысуға жағдай жасау қиял үшін шынайы сезімдік негіздерді қалыптастыру, халықтың қол өнер бұйымдарымен қажетті құралдармен, оларды қалай жасайды, және қандай қызметте қолданады т.б. түсініктерін қалыптастыру қажет. Балалардың қиял жолымен жаңа мотивтер құратын олардың санасында жасалатын бұйымдардың бейнесін жасау керек [3].
Кіші мектеп оқушыларының танымдық іс- әрекетін белсендендіру балалардың заттарға тұлғалық бағыттылығы және шындықтағы қоршаған ортадағы құбылыстар эстетикалық тәрбиенің арқасында жүзеге асады. Бұл бағыттылық баланың анағұрлым толық және тереңбілімге деген ұдайы танымдық ұмтылысы яғни танымдық қызығушылығы құрылады. Танымдық қызығушылық жүйелі дамып және беріктенуіне орай оқуға деген ұнамды қарым- қатынас қалыптасады, және олардың оқу үлгерімі жақсарады.Оқушыға әсер ету барысында түрлі сұрақтар туындайды, соған байланысты ол ұдайы жауап іздейді. Осыған орай оқушының ізденушілік іс- әрекеті білім алумен жалғасады.
Осы мақсатта әрбір оқушыны шығармашылық ойлау білу дағдыларын қалыптастыру сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы шыңдалған ойлаудың кезеңінде оқушылардың санасы білім негіздерімен толығып, болашақты болжауға құлшыныс алады да, өз ойларын ашық айтып, өзгелердің ойын тыңдауға үйренеді. Өз білімін толықтыра білуге өзін-өзі бағалауға тәрбиелеиді.
оқушының шығармашылығын, әрбір жастың белсенділігін анықтау, оны қалыптастыру, ақыл-ойын жетілдіре түсу – қазіргі күннің басты талабы.
Шығармашылық белсенділіктерін дамыту барысында мынадай жагдай жасалынады:

  • Тақырыптың мағынасын ашып жан-жақты түсіндіріп, ынтасын арттырады.

  • Тақырыптың мазмұнын терең сезініп, ішкі ойдың астарына үңіліп, барлауға бағыт береді.

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін ойлау әрекеттерін бағалайды.

Осыдан кейін Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзі еріксіз ойға оралады: «Тұлға білімді тәжірибе» арқылы өздігінен алуы керек[4].
Қазақ тілі сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан шығармашылық қабылетті дамыту кезінде өзіндік белсенділіктің болуы білімге құлшыныс жасауға, жаңалық ашуға, ізденуге үйретеді.
Оқушының алған білімін талдап жинақтап, салыстырып, жүйелеп, қорытындылап талдайды. Бұл жоба стратегиялары оқу үрдісінде көп өзгерістер енгізе алады.
Сабақта оқушыларға қойылатын талап туындайды:

  • Әрқайсымыз өз ойымызды айтуымыз керек.

  • Бір – бірімізді тыңдап айтылған ойды қайталаймыз.

  • Әрқайсымыздың ойымыз құнды, сыйлаймыз.

  • Ойымызды ашық айтып, қорытынды жасап, қағаз бетіне түсіреміз.

  • Тыныштық сақтаймыз.

  • Уақытты үнемдеуге тырысамыз.

Осыдан оқушылар өзін еркін ұстап, өз ойын ашық айтып, басқаның ойын тыңдауға үиренеді.
Өз білімін өзі толықтырып, көпшілік пікіріне келісіп, өзіне жол таба білуге, бағалауға сыйлауға тәрбиелейді. Танымдық белсенділік деңгейі (Шаламова Т.И. 1982г.)
Бірінші деңгей – жүзеге асыру.
Оқушының түсінугше ынталануы,білімді жүзеге асру және есте сақтау, үлгіге қарап оны қолданудың тәсілдерін меңгеру.
Оқушының түсінуге, есте сақтауға, және білімді қолдануға талпынуы үлгілерді қолдана алу қабілеттерін меңгеруімен байланысты. Бұл деңгей оқушылардың оқушылардың білімге терең бойлауға қызығушылығының болмауынан, «неліктен» деген сұрақтарының туындамауынан,еріктік тұрақсыздығынан ерекшеленеді.
Екінші деңгей –ынталану
Оқушының оқығандарының мазмұнымен мағынсын, өзгерген жағдайдағы құбылыстар және үрдістер арасындағы байланысты тануға деген ынтасын сипаттайды. Ерікті тұрақтандыруға үлкен күш салу, оқушының бастаған іс-әрекетін аяғына дейін жеткізу, тапсырмаларды орындауда қиындықтарды жеңу орындаудан бас тартпау, шешудің өзге де жолдарын іздеуді сипттау көрсеткіштері болады.
Үшінші деңгей –шығармашылық.
Қызығушылық және ынталану тек құбылыстардың мәнін терең қарасттырып қоймай олардың өзара байланысын, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін табумен сипатталады. Ерекшелік сипаттары –оқушының жоғары ерік сапаларының көрінуі мақсатқа жету жолындағы бірбеткейлік және тұрақтылық кең және берік танымдық қызығушылықтар болып табылады. Белсенділіктің осындай деңгейі оқушының бұрын белгендірі мен таныс болған жайттармен жаңа ақпараттармен жаңа құбылыстар арасындағы қарама- қайшылықтардың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Белсенділік тұлғаның іс- әрекетінің сапасы ретінде оқу принципінің кез -келгенін жүзеге асырудың таптырмас жағдайы және көрсеткіші.
Шығармашылық қабілеттердің табысты жүзеге асуы балалар шығармашылығының ерекшеліктерін және адамның шығрамашылық қабілеттерінің дамуының орталық міндеттерін шешуді ескерген жағдайда жүзеге асады.
Стратегияларды тиімді қолдану арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелей отырып, ұжыммен бірге жұмыс істеу арқылы ортақ ойға, мақсатқа жетуге болады. Өйткені, бастауыш білім беруде оқушылардың белгілі бір іс-әрекеттерін, білімін жоғары деңгейде әрі қарай жалғастыру үшін ғана емес, болашаққа дайын жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлаудың құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың қызығушылығын, іздемпаздығын, шығырмашылығын дамытатынына көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет