«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет81/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   153
Акмухамбетова Б.А.


БІЛІМГЕ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚНЕГІЗДЕРІ

Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, танымдық іс – әрекеті мен санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алу көзделіп отыр. Қазақстан қоғамындағы бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Он екі жылдық мектепте психологтың жұмыстары мен тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту жұмыстарына бағытталуға тиісті қызметінезор көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес психолог психодиагностикалаудың, кеңес берудің, түзету мен түсіндірудің қажетті әдістерін білуі тиіс. Мектеп кезеңіндегі психикалық дамудың маңызды қорытындыларының бірі – баланың мектептегі оқуға баланың ынтасы және баланың психологиялық дайындығы. И.Ю. Кулашна психологиялық дайындықтың екі аспектісін бөліп көрсетеді:


1. Тұлғалық, түрткілік дайындығы.
2. Интеллектуалдық дайындығы.
Психологиялық дайындықтың құрамынан мынандай компоненттерді ажыратуға болады:
Жеке тұлғалық дайындық.
Интеллектуалдық дайындық.
Әлеуметтік –психологиялық дайындықпен ерекшеленеді.
Баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті баланың ой өрісінің, нақты білім қорын қарастырады. Балалардың қоршаған ортамен тұрмыстық білім қорындағы мынадай мәліметтерді түсіндіруге болады:
А)Баланың өзі туралы.
B)Баланың туысқандары туралы.
C) Қоршаған табиғи ортада тұратындығы туралы.
D) Үй тұрмысындағы мүліктер туралы.
E) Кеңістіктер туралы туралы тағы да көптеген мағлұламаттар болуы.
Бала өскен сайын қоршаған ортасын танып, әлемге деген көзқарасы қалыптаса бастайды, оңынжәне солын айыра білуі бірте – бірте кеңейе түседі. Мектепке келген баланың оқу бағдарламасын жақсы меңгеруі үшін оның есте сақтауы ырықты жақсы болуы керек, соның нәтижесінде алған білім өнімдірек болады. Еспен қатар ойлау оқуды игерудегі өте қажетті, әрі басты маңызды үрдіс. Оқуға түскенде ойлаудың міндетті түрде үш негізгі түрі қамтылады:
1. Көрнекі – бейнелік ойлау.
2. Сөздік – логикалық ойлау.
3. Көрнекі – әрекеттік ойлау.
Ойлаудың міндетті үш негізгі түрі сабақ барысында жүзеге асады. Оқушы берілген тақырыпты игеріп қана қоймай, сонымен қатар сараптап, талдап, анализ, синтез жасау қабілеті де болуы өте қажет, әрі ол қабілетті шыңдау біздердің атқаратын міндеттеріміз болып табылады. Негізінде баланың ойлауы бейнелік түрде қалады. Бала заттың бейнесін көргенде сөздің мағынасын түсінеді. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдері көрнекі құралдарды тақырыпты түсіндіруде жиі қолданамыз. Балалар нақты заттарға, нақты іс – әрекетке сүйене отырып жұмыс жасайды.
Балалардың оқуға жеке тұлғалық психологиялық дайындығы да аса маңызды. Ол, яғни танымдық және интеллектуалдық баланың оқуға немесе жетістіктерге жету ықыласына байланысты болады. Бұл психологиялық дайындық баланың жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауына дайындығы, әрі оқушының атқаратын міндеттері мен құқықтарын иемдену жағдайлары басты болып табылады.Жеке тұлғалық психологиялық дайындық ерекшелігі баланың мектепке, оқу әрекетіне, ұстаздарға, өзіне қатынасын көрсетеді. Мектепте оқуға дайын балаға тек оқу құралдары, дәптер, кітап, парта немесе сөмке сияқты оқу құралдары ғана қызықты болып қана қоймауы керек, ең бастысы оқушы жаңа білім алуға, өзін дамыту, ой - өрісін ұлғайтуға даяр болуы қажет.
Психологиялық дайындық ерекшелігі балалардың басқа балалармен, мұғалімдермен қарым – қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік ерекше мінезін көрсетеді.
Мысалы: балалардың бір – біріне қайырымдылығы, мінезінің жұмсақтығы, көпшілділігі, осылармен қатар жеке баланың жігерінің ерекшелігі: бірбеткейлілігі, табандылығы, қайраттылығы және т.б. қасиеттерді оқудағы жетістікке жетуінде белгілі бір орын алады [1,257].
Бастауыш мектеп баланың денесі, психикалық дамуы, ой – өрісі бір қалыпқа қарай бейімділік көрсету кезіне сәйкес келеді.
Ресей ғалымы, психологы Ш.А.Амоношвилидің алты жастағы оқу мен білім беру, тәрбиелеу жайлы еңбегінің маңызы зор. Осы негізге сүйене отырып он екі жылдық оқу жүйесіне көшу мәселесі күн тәртібінде тұр. Мұндағы негізгі қағида мейірімділік, оның жеке тұлғалық бейнесін бағалай білу болып табылады. Сонымен қатар ғалым қыңыр, қырсық, ерке, шолжаң, сүйкімді, сергек, өнерлі, еңбек сүйгіш, барлығын шын жүрегімен тәрбиелей, құрметтей білу идеясын ұсынған. Алты жасар және жеті жасарларды бірге оқытып, тәрбиелеу қиындық тудырады. Сол себептен де жеті жас оқу жасы болып таңдалып алынған. В.Чуковскийдің «Екі жастан бес жасқа дейін » деген еңбегінде осы жаста баланың алпыс пайызын игеретінін дәлелдеп көрсеткен. Олай болса, кіші мектеп жасына дейін жас өспірімнің ой - өрісі, дене тәрбиес, мінез құлқы белгілі бір жүйеде қалыптасады екен.
Жеті жастағы балалар алтын ұя мектепке жүздері жайнап, көздері күлімдеп, сүйкімділік танытып келеді. Ақиық ақын Мұқағали Мұқатаев жырлағандай:
Мектебің, мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
Мектеп қабырғасында тұлғалық, адамдық қалыптасудың жаңа кезеңі басталады.
Білім негізі –бастауышта деп бекерге айтылмаған. Бастауыш сыныпта үздік оқыған оқушылардың басым көпшілігі жоғарғы сыныпта да үздік оқиды. Ал бастауыш сыныпта дұрыс бастамағандардың басым көпшілігі сол дәрежеде оқиды. Баланың бұл кезеңде психикалық дамуында көптеген өзгерістер болады. Олардың дене бітімдерінде өзгерістер болады, бойлары өсіп, қарым қатынас саласы қалыптасып, өзара жолдастық сезімі оянып, жауапкершілік мінез –құлқы пайда болады. Оқу, тәрбие арқылы балалардың танымдылығы дамиды. Қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, болжау секілді іс – әрекеті, психологияялық өзгеріс қалпы күн сайын жаңа бір сатыға көтеріліп отырады. Әр баланың өсу, даму, ақыл ойының жетілуі, еңбек сүйгіштігі әр түрлі болады. Ұстаз өзіне деген сенім мен жауапкершілікті ешқашан естен шығармай, оқушыларды бір ұжымға біріктіре отырып, әрбір жеке оқушыға психологиялық танымы болуы қажет[2.3,4].
Менің сыныбымдағы оқушылармен мақал – мәтелдер жаттап, жұмбақтар шешуден жарыстар ұйымдастырамын. Мысал ретінде, жұмбақтардың шешуін қарастырайық:
Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай ауылының,
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін-
Көп аңдардың дүрімін.
(Жол – барыс – Жолбарыс)
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрамын елге нұр төгіп.
(Түн–Күн)[3,18].
Сынып оқушыларын мақал – мәтелдер айтқызып жарымтырамын. Мұндай жарыстар балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытады және сөздік қорларын молайтады.
Сабақ барысында халқымыздың ірі тұлғалары туралы және олардың өмірлерінен мысал келтіруді, балалар жазушыларының тілге және оқуға жеңіл әңгімелерін оқып келуге тапсырма беремін. Кейде оқушылардың сабаққа дайын немесе сабаққа дайын емес екенін бір қарағаннан - ақ білемін. Сабаққа дайын бала басын жоғары көтеріп, жан – жағына қарап, көңілді отырады. Ал сабаққа дайын емес оқушы басын төмен салып, тіке қарамауға тырысады.
Ал математиканы оқытуда көбейту кестесін жетік білу керек, себебі тапсырманы орындағанда көбейту кестесін жатқа білмесе көп уақытын ойланып, еске түсіруге кетіріп алады. Сабаққа әрқашан дайын оқушының психикасында тек қуаныш, ризалық орын алады, ол үнемі көңілденіп жүреді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқушыға ең ауыр тиетін жұмыс ол жазу болып есептеледі. Дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау, жарықтың сол жақтан түсуі осының бәрін сақтау оқушыға қиындық туғызады. Мен оқушыларды орындарынан жиі ауыстырып отырамын. Оның басты психологиялық жағдайы оқушы тақтаға бір жақты қарамау керек, егер ол тоқсан бойы немесе жыл бойы шеткі жақта отыратын болса, баланың көзіне зақым келуі мүмкін. Әртүрлі іс – әрекет оқушы психологиясына өзіндік ықпал етіп, ынта –ықыласын оятады[2, 4]. Оқушыларға жан – жақты оқу – тәрбие жұмысын жүргізу олардың білімге деген ынтасын арттыратынына сенімдімін.

Әдебиеттер:



  1. Нүркенова Г.К. Он екі жылдық білімге көшу...- Қ.:2008. – б.257

  2. Қобдалиева Г. Бастауыш сыныпта оқыту А.: - 2004 – б.3,4

  3. Жұмбақтар жинағы // Ғылыми әдістемелік журнал -А.:2004 №2. –б.18





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет