«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет83/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153
Әдебиеттер:
1 Психология здоровья/ Под ред. Г. С. Никифорова. - СПб., 1998.
2 Руководство практического психолога; психического здоровье детей и подросков в контексте психологической службы /Под ред. И.В.Дубровиной/. -М.: «Академия», 1995. - 170 с.
3 Энциклопедический словарь медицинских терминов. - М.: Т.1. - С.391
4.Унарбекова Н.Д.Тұлғаның психологиялық денсаулығы: Монография. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 156 б.
5 Каган В.Е. Внутренняя картина здоровья – термин или концепция// Вопр. психол. - 1993. - №1. - С. 86-88.


Әмірова Б.Ә.


ЭТНОПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТТЕНУ (ИНКУЛЬТУРАЦИЯЛАНУ) МӘСЕЛЕЛЕРІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына ұсынып отырған жолдауларына сай, тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастастыру үшін оның ұлттық сана-сезімі қалыптасуының психологиялық механизмдерін анықтау бүгінгі күннің талабынан шығады.


Этнопсихологияда осы ұлттық құндылықтадың тұлғаның сана-сезімінің қалыптасуындағы маңыздылығын көрсетудің мәні зор. Бүгінгі ұлттық тәрбиенің мақсаты да қалыптасып келе жатқан тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қорғауға үйрету болып отыр.
Тұлғаның өзіндік дамуына белгілі бір әлеуметтік топ әсер ететіндігі бізге мәлім. Американ психологы Тодд Нельсон былай дейді: «біздің әрқайсысымыз белгілі топтың мүшесіміз. Сол топқа қатысымыздың барлығы өзіміздің даралық белгілерімізді, өзімізді-өзіміз бағалауымызды сезінуімізге байланысты. Сонымен қатар басқа топ мүшелеріне де біздің дұрыс көзқараста болуымызды туғызады»[1,77]. Бұл құбылыстар тұлғаның әлеуметтену процесінде жүзеге асады.
Эриксонның психоәлеуметтік біртектілену теориясын талдау [2] мінез-құлықтың көптеген механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Соның ішінде, адамның ұлттық негізде біртектіленуі оның өз ұлтының әдет-дағдыларын, қимыл-әрекеттерін, коммуникациялық ерекшеліктерін бойына сіңіруі менталдылық негізі болып табылады.
Менталдылық кез келген әлеуметтік ортаның мәдени қатынас өзгешеліктерінен байқалады. Мәдени қатынастар әр халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары - мәдениетті қалыптастырады.
Мәдениет ұлттық, діни, кәсіптік факторлармен де араласып жатады. Ол өзінің рухани – психологиялық ауқымының кеңдігімен ерекшеленеді, бірақ оны мифологияға да, дінге де теңеуге болмайды. Ол ұлттық дүниетанымды, еңбек тәжірибесін, салтын, адамгершілік ережелерді көркемдік талғамды, осы құндылықтарды жарым - жартылай сіңірген діни сенімдерді де қамтитыны белгілі. Мәдениет қоғамдық сана, дүниетаным астарлары, әлеуметтік болмыстың дамуы мен жаңаруы сияқты мәселелеріне байланысты. Олар өнер мен әдебиетте, моральдық көзқарастарда, білім салаларында байқалады.
Сонымен, мәдениет әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер етіп, тұлғаның әлеуметтік-психикалық жүріс-тұрысын негіздейді. Бұл жүріс-тұрыс осы мәдениеттің типтік бағдарламаларын анықтап және осы қауымдастықтыққа тән жағдайлардағы мінез-құлықты реттей отырып, индивидті өзіндік дара шешімдерді қабылдаудан босатады.
Мәдениеттің типтік бағдарламалары салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда және басқа рухани құндылықтарда өз көрінісін табады. Әр мәдениеттің салт - дәстүрі - ұлттық сана-сезімді қалыптастыру механизмдері болып табылатын бір-бірімен тығыз байланысатын элементтерден, әдет-ғұрыптардан, құндылықтардан, нормалардан, пірлерден, наным-сенімдерден тұратын тұтас күрделі жүйе.
Тұлғалық немесе даралық адамның әлеуметтілігі, әлеуметтік дамуы және нәтижелі саналы іс-әрекетке дайындығы деп анықталады. Тұлғаның мазмұнын осылай түсінуге, оның қалыптасуына қоғамның барлық әлеуметтік қатынастар жүйелері және әлеуметтік өндірістік бүкіл түрлері үлкен әсер етеді. Әрбір индивид өзінің дамуында мәдени-объективті және мәдени-психологиялық детерминацияға ұшырайды.
Көптеген этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен жеке даралық қасиеттердің арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған. Америка мәдениеттанушысы М.Херсковиц былай дейді: «Мәдениет – адамның қолдан жасаған ортасының бір бөлігі, яғни табиғи еместің барлығы соған жатады»[3].
Ендеше, тұлғаның өзіндік қалыптасуы әлеуметтену ғана емес мәдениеттену, яғни этноәлеуметтену процесінен де өтеді. Басқаша айтқанда, тұлға өз бойына ұлттық мәдени құндылықтардан (тілді, салттардан, ғұрыптардан, әдеби құндылықтардан, өнерден) туындайтын этноқоғамдық ережелерді де меңгереді.
Тұлға бұл кезеңдерде инкультурация үзілмелі сипатқа ие болып, мәдениеттің сырттан келетін кейбір үзінділерінен ерекше жаңалықтарын алып, өз шығармашылығымен, қалауымен, талқыға түсіп қолдауымен ерекшеленеді. Тұлғаның осылайша мәдениеттену (инкультурациялану) процесі бір жерде тоқырап қалмай, өзгерістерге түсіп, дамып жетілуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол мәдениеттену (инкультурация) немесе этноәлеуметтенуі және әлеуметтену процестерінің ұрпақтан–ұрпаққа үш тұрғыдан беріледі (трансмиссияланады) [2].
Белгілі ресей философы және мәдениеттанушысы М.С. Каган мәдениетке байланысты көзқарастардың жиырмадан асатындығын көрсеткен [5]. Тұлғаның әлеуметтенуіндегі мәдениеттің ерекше феномендігін Ресей, Польша, Чехословакия, Болгария, сол сияқты Қазақстандық ғалымдардың (С.Бердібаева, Б.Әмірова) да еңбектерінен көруге болады. Бұл көзқарастарды топтастыра отырып, мәдениетті ерекше феномен және фактор деп дәлелдейтін қазіргі заманғы көзқарастарды төмендегідей топтастыруға болады:
- адамның әлеуметтену жүйесі ;әлеуметтік қатынастар жиынтығы;
- ережелер мен құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа берілу жүйесі;
- табиғатқа қарағанда «екінші дүние» ретіндегі жасандылық (артефакт):
- дүниедегі адамның болмысының тәсілі;
- белгілер жүйесі;
- адам мен адам, табиғат пен адам, адам мен космос арасындағы қатынастардың үйлесімділік жүйесі[4,70].
Осы және басқа тұжырымдауларға (К.Леви-Строс А. Тойниби, Шпенглер, К. Юнг т.б.) сүйене отырып, мәдениеттің, ұлттық мәдениеттің ұлт өкілінің әлеуметтену барысындағы өзіндік санасының негізі ретінде көрініс беретін этностық жаңсақ нанымдардың қалыптасу факторы екендігін нақтылы айта аламыз. Жаңсақ нанымдар деп отырғанымыз, адамның белгілі бір іс-әрекет, немесе қарым-қатынас негізінде қабылдаған ақпараттардан туындаған алғашқы танымдық ұғымы, түсінігі. Ол өзіне беймәлім жағдайлардың барлығын өмір жолында тани келіп жалпы оған деген сана-сезімін қалыптастырады. Сол себептен біз жаңсақ нанымдарды тұлғаның сана-сезімінің бастапқы көрінісі дей аламыз. Сонымен қатар, жоғарыда көрсеткендей, мәдени құндылықтар тұлғаға тікелей әсер ете отырып, танымдық іс-әрекет барысында және тұлғааралық өзара қарым-қатынас барысында өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың өзгерістерге ұшырауы ұлттың дамуы мен жетілуіне байланысты. Танымдық іс-әрекет ұлттық мәдениеттің реттеушілік қызметі негізінде жүзеге асады. Бұл өзгерістер ұлттық сананың дамуына әсерін тигізеді.
Біздің зерттеулерімізге арқау болған отбасы қарым-қатынасындағы, салт-дәстүрлердегі және ауыз әдебиеті мен ұлттық ойындар арқылы адамның даму этнографиясындағы инкультурациялануында ұлттық психологиялық ерекшеліктердің көрінінуі сана-сезімнің қалыптасу негізі болатындығы анықталды [8,40]. Бұл зерттеулерді «Ата мұра», «Ақылдың көзі...» атты авторлық әдістемелер арқылы жүзеге асырдық [5,112].
«Отбасы» - қандай да болмасын ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік жағдайларын анықтатаын ерекше ұйымдасқан топ. Оның қалыптасу негізі, адамның отбасында ұлттық сана-сезімінің атадан балаға мұрас болатын ұлттық мәдени құндылықтарымызды, халқымыздың өзіндік қарым-қатынас, тектік белгілерді сақтауымыздың мәні өте жоғары екендігін аңғарамыз.
Қазақ психологиясындағы қарым-қатынас күрделі процесс. Себебі, қазақтың үш жұрттық туыстық қарым-қатынас жүйесінен туындайтын психологиялық механизмдер олардың этностық жаңсақ нанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу әдістемесінің нәтижесі анаға, әкеге деген қатынастың ер балалар мен қыз балалар арасындағы айырмашылықты нақтылы көрсетті:
Біріншіден, ер бала әкесімен тікелей және жанама қатынаста және қыз бала тек жанама қатынаста болады.
Екіншіден, отбасындағы отырыстарда орналасуында, қыз бала төрде, әкесінің жанында орналасады. Себебі, қазақ ұғымында (психологиясында) қыз бала «қонақ » деген түсінікке ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет