«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет38/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Литература:

  1. Бубер М. Два образа веры. – М.: Республика, 1995. – 464с.

  2. Ницше Ф. Сумерки идолов или как философствовать молотом // Сочинения. В 2-х т. – М.: «Рипол Классик», 1997. – С. 559-634.

  3. Шопенгауэр А. Афоризмы и максимы. – Л.: Изд-во Ленинградского университета, 1990. – 288с.

  4. Мамардашвили М.К. Очерк современной европейской философии. – М.:

  5. Ильянков Э.В. Философия и культура. – М.: Республика, 1990. – 462 c.

  6. Мамардашвили М.К. Эстетика мышления. – М.: Московская школа политических исследований, 2000. – 416 с.



Сейдигазым Н.О.


ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ


Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Өркениетті қоғамда жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан.
Жеке тұлғаның үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары болып отыр. [1].
Жаңа әлеуметтік сұраныстар мен қоғамның талаптары дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құруды қажет етуде. Еліміздің болашақ тұтқасын ұстар жас ұрпақтың білімді де білікті болуы ұстаз алдындағы міндет. Олай болса, болашақ педагогтың шығармашылық бағыттылығына қажеттілік өлшеусіз өсіп отырғаны даусыз.
Өткен ғасыр басындағы кемеңгер А.Байтұрсынұлының: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы.... Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастаумыз керек. Неге десек, болмыстық та, билік те, халыктық та оқумен түзеледі. Қазақ ішінде неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі білім ордалары старатегиясының тұғыры ретінде қабылдануда[2].
Кәсіби тәлім, тәрбиелік қызмет, іс-әрекет әрдайым шығармашыл сипатымен ерекшеленеді. Кез-келген педагог-мұғалім өз шәкірттеріне ықпал жасаудың тиімді жолдарын тауып, құрал-жабдықтарын жасайды, жинақтайды, жаңашыл педагогикалық технологиялар арқылы алдыңғы қатарлы тәжірибені оқу қызметіне ендіруге қабілетті. Алайда, мұғалімдердің шығармашылық еңбегі өзінің теориялық негіздемесі мен ғылыми түсініктемесін таппаса, ол педагогикалық құндылықтар арасында өзіне сай орнын иелей алмайды.
Осы орайда өз мүмкіндіктеріне орай кемелденуші балаларды тәлім, тәрбие үдерісінің белсенді, саналы, тең құқықты қатысушылары ретінде танытатын ғылыми теориялар жүйесі ізгілікті педагогика - әрбір тәрбиеленушіні іс-әрекеттің, таным мен қатынастың толыкқанды субъекті деңгейіне көтеріп, еркін, өзіндік басқарымға ие тұлға дәрежесіне жеткізуді мақсат етеді[3].
Үзіліссіз көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесінде педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытудың теориясы мен практикасы мәселесін қозғаған ғалым Е.И.Бурдинаның [4] зерттеуі көңіл аударарлық дүние. Зерттеуші өз еңбегінде білім берудің жаңа парадигмасы контексінде педагогтың шығармашылық әлеуетін дамытудың консептуалдық негізі, оның мәні мен құрылымын негіздейді, педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытуда аймақтық университеттің жетекші рөлі мен кәсібиге дейінгі даярлау деңгейінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы мектеп пен жоғары оқу орындарының өзара іс-әрекетінің тиімділігін дәлелдеп, үздіксіз білім берудің аймақтық жүйесінде шығармашылық әлеуеттің даму стратегиясын ұсынады.
Зерттеулерді талдау «шығармашылық» ұғымының ауқымы кең екендігін аңғартады:
- шығармашылық – мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті; қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәнге ие, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет;
- шығармашылық әлеует – тұлғаның жаңа жағдайға сәйкес әрекет тәсілін өзгерте алуға негіз болатын білім, білік, дағдылары; әрекеттің нәтижесін айқындайтын жаңалық, сонылық, қайталанбастық; тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға әкелетін өнертапқыштық, елес, сыни ойлау, жаңалыққа деген ашықтық сияқты жеке қасиеттерінің жүйесі;
- шығармашылық ойлау – ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі;
- шығармашылық іс-әрекет – білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білу, нысанның жаңа қызметін көре білу, жаңа шешімін табу;
- шығармашылық қабілет – бұл оқушының белгілі бір мақсатқа ұмтылған, оқыту мазмұнын, көлемін қамтитын және қызығушылығын тудыратын, білімді меңгерудегі өзіндік әрекеті бар, дағдылар мен біліктердің бірлігі;
- шығармашылық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән тұлға.
Дегенмен, әдебиеттерді талдау болашақ педагогтың шығармашылық бағыттылығын қалыптастырудың бүгінгі таңдағы көкейкестілігін аңғартқанымен, бірыңғай ғылыми ұғым қалыптаспағандығына көз жеткіздік. «Болашақ педагогтың шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру» ұғымының мәнін анықтау, бірінші кезекте, «шығармашылық», «шығармашылық бағыттылық» ұғымдарының мәнін ұғынуды, сол сияқты шығармашылық бағыттылықты қалыптастырудың маңыздылығын айқындауды талап етеді.
С.И. Ожегов және Н.Ю. Шведова [5] сөздігінде «бағыттылық» ұғымына «ойлардың, қызығушылықтардың қандай да болмасын бір нәрсеге мақсатты түрде шоғырлануы» деген түсінік беріледі. Және осы сөздікте шығармашылық жаңа мәдени және материалдық құндылықтарды жасау деп түсіндіріледі.
Шығармашылық, шығармашылық бағыттылық мәселесі ұлы ойшылдар мен педагогтардың құнды идеяларынан бастау алған.
Адамзат шығармашылықтың құпиясын ашуға, сәтті шешімдер мен табыстардың жұмбақ әлемінің кілтін табуға ертеден әрекет етуде. Сондай-ақ шығармашылықты таңдаулылардың атағы ретінде емес, әрбір шебердің іскерлігі деп қарастырған.
Мектеп тәрбиесінің ұланғайыр қызметі - мәдениетті сақтау, ұсыну және оны қайта жасап, дамыту. Екінші кызметі – ұрпақтардың тарихи ауысып бару үдерісін қамтамасыз ету, яғни тұлғаны әлеуметтендіру, балаға өмір кеңістігіне енуге жол ашу. Әлбетте, бұл үдеріс қайшылықты да, қиын да. Мектептен қоғам игілігіне жарамсыз, тіпті зиянды, мәңгүрт адамдардың шығып жататыны баршаға аян. Тәрбиенің үшінші қызметі - тұлғаның шығармашыл мүмкіндіктерінің көзін ашып, дамыту. Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті тәлім-тәрбиеге болған жаңа көзқарастарды, жаңа әдістемелерді, жаңа тәрбиелік жүйелерді іздестіре білуінен көрінеді. Әдіснамалық мәдениет мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі. Педагогикалық мәдениет - бұл педагог тұлғасының, оның педагогикалық қызметі әдіс-тәсілдердің және ол басшылыққа алған құндылықтардың өз ара сабақтас мән-мағыналық сапасы[3].
Олай болса, жоғары мектеп жас ұрпаққа өз халқының жүрек лүпілін сезінуге, ұлттық асылдарды көздің қарашығындай сақтауға, руханилыққа, ой-сана мен адамгершілікке, даралық қасиеттерін дамытуға бағытталған әдістері мен құралдарының тың жолдарын тере білуі керек. Осы орайда жеке тұлғаның даралық қасиеттері жайлы ой толғаған ұлы ойшылдардың еңбектері қашанда құнды екендігі даусыз.
Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы, ең маңызды белгісі – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлға өз бойына игерген сапалары мен қасиеттерін неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне шығармашылық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан жеке тұлға түсінігінің сипаттамасы даралық түсінігімен толықтырылады. Жеке адамның даралығы басқаға ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Мәселен, мінез ерекшеліктері (байсалды, күйгелек), шығармашылығы (іс-әрекеттері, бағыттылығы), талғамы т.с.с. Сондай-ақ, болашақ мамандарды даярлайтын педагогтарымыздың даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, кәсіби біліктілігінде, әрине, шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі жеке тұлғаға өзіндік қайталанбас сән беретін айырықша қасиеттерін білдіреді.
Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді. Ұлы ойшылдар толғанымдарынан жалпы адамгершілік, имандылық қасиеттердің терең орнығып, адамдар рухани және психологиялық жағынан байи түсуі үшін ерік жігер, дарын мен ақыл-ой, тапқырлық пен батырлық, шыдамдылық, сабырлылық, байқампаздық керектігін ұғынамыз.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын Абай[6] өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу - жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Бүгінгі таңда қоғамның өркениеттілік бағытына сай жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Бірімен бірі ұласып жатқан өмір ағымындағы жағдайларда жастардың мәдениеттілік талаптары деңгейінен төмендеу болатыны сезіледі. Ол әрине көп жағдайларға: мәдениеттіліктің жастан бойға сіңбегендігінде. Адам мәдениеті неғұрлым жоғары болса, айналасындағыларға қарым-қатынасы қарапайым, әрі сыпайы бола түседі. Ал жеке адамның мінезі, көзқарасы, мәдени құндылықтары қалыптасуында тағылым алатын халықтық мұраның орны ерекше.
Ұлы ойшыл, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», «Ақыл – деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Жан мен дене һәм көңіл», «Анық пен танық» атты т.б. еңбектері адам мәселесі туралы философиялық пайымдауларға толы. Адам өзінің осы өмірге адам болып келгендігін және сол пәк қалпын өмірден өтер алдында сақтай алмай қалатын өкінішін Шәкәрім: «Адам болып туып ем, адам боп өту – арманым» деп ағынан жарылады. Адам ішкі әлемін тәрбиелеп, өзінің жақсы қаситеттерін таныта білу керек[7].
Ұлы ойшылдардың еңбектері арқылы болашақ мамандардың айрықша икем, айрықша ықылас, айрықша қабілет, айрықша дағдыларын қалыптастыру арқылы біз тұлғаның даналығын, даралық қырларын жетілдіреміз. Белгілі ғалым Кант: «...адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол – даналық философиясы»,- деген. Оны біз Сократтан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз. Сократтың пайымдауынша, даналық деген дүниені, өзіңді, басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау.
Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі – аудиториядан тыс жұмыстар аудиториялық сабақтардың жалғасы, толықтырушысы бола отырып, студенттердің педагогикалық біліктіліктері мен дағдыларын дамытып, білім мазмұнын кеңейтеді. Осы орайда, біз ұлы ойшылдардың тұлғаның даралық қасиеттері жайлы ой-толғанымдарын саралап, аудиториядан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалануды жөн көрдік. Мәселен, «Тірі адамға керек ізгі қасиет, Саған келіп барлық нәрсе бас иед» (Ж. Баласағұн), «Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып, тәртіп болса, өсер бала сомдалып» (Ж. Баласағұн), «Жас кезінде білім берсең қалайда – өсе келе қолы жетер талайға» (Ж. Баласағұн), «Балаларға өнер-білім берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін» (Ж. Баласағұн), «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді» (Фирдоуси), «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» (Ы. Алтынсарин), «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (А. Құнанбаев), «Ғылымға терең бойлауды ойлап талаптан, тағылымынан соның түнде де саған таң атқан» (Фердоуси), «Адам планетаның тұрғыны екендігін түсінді, ол планетарлық деңгейде ...ойлап, әрі әрекет ете алады – ойлауы және әрекет етуі қажет» (В.И.Вернадский), «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқалардан оздым демектің бәрі де ақымақшылдық» (Абай) т.с.с.
Жүргізілген дөңгелек үстел жұмыстарының тиімділігі зор екендігін аңғардық. Өйткені, болашақ маманның жағымды қасиеттерін арттыра түсуіне көңіл бөлуі, оның қашанда даралығының, даналығының, тектілігінің, көрегендігінің айнасы.
Бүгінгі таңда тұлғаның даралық қасиеттері оған сын: өмір мен дүние таным терең­дігі, жауап­кер­шілігі, адамзат құндылық­та­рын баға­лау, жетілдіру, адамжан­дылығы, адамгер­шілігі пен кісілігі, ой аңғарым­дылығы, сыр ұққыштығы. Жақ­сы­­лықты жандандыру, жол­дас­қа кеңпейілдігі, досқа адалдығы, қоғамдағы орнын және өз бағасын білуі. Пейілі мен ниет пәктігі, абы­рой­ға дақ түсірмеу, ар-ұятты күйбең тіршілік қамына айырбастамау, намысшылдығы. Сыр сандықты сырбаздығы, кемел салиқалығы, кішілігімен іріленуі, кісілігімен тұлғалануы. Жаңа­шылдығы, ойшылдығы, тұйықтан шығар жол тапқыштығы, шешімділігі, белсенділігі, ешкімнің әдетін, мінез-құлқын қайталамайтын өзіндік даралығы. Ата-бабаларымыз мұндай қасиеттерді дәріптеп, құрметтеп арнайы атау берген: дана, зиялы, білімді, өнегелі, өз ісінің асқан шебері, сегіз қырлы, бір сырлы.
Жаһандану жағдайында әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру үшін болашақ педагогтардың шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіруге ұмтылатын маман даярлау жоғары мектеп алдындағы міндет. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда ұлы ойшылдардың еңбектері, ой-толғанымдары кәусар бұлақ іспеттес. «Кімнің ақылы көп болса, сол ақылды басқару үшін одан да көп ақыл қажет» деген ағылшын халқының мақалы, қандай білікті маман болса да, «аз білемін» деп көп ізденсе, өзіндік дамуға, даралыққа ұмтылса, болашақ ұрпақ үшін де көңіліміз орнықты болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет