«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет41/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Шартты түрдегі шектеулер - адамдар расында "конвенция" болған жағдайда пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала қалыңдығын қамқорына алу керек, қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т.б.
Жағдайлық шектеулермен - біз толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа тұлғалардың серіктес ретінде қатысуы жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.
Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас атмосферасының құрылуында анықталады. Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау үшін олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса, онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда әркім өзінің серіктесіне қуаныш сыйлауы өте сирек болады.
Н.И. Шевандрин біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді көрсетіп берді:
Жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі. Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады. Ал мұның алдын алу үшін гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.
Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы кедергімен кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан, артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.
Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.
Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады. Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты үзетін кездері аз емес. Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар да бар. Соңғылары өзінде психологиялық қорған құрып алған. Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары кінәні сезіну адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты бұзады.
Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің біреуі тұлғааралық қарым-қатынасқа дайын болса, басқасы қандай да бір себептер арқылы бұдан өтіп кетіп, вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып, өзінің серіктесін тура соны істеуге мәжбүрлеуінен көреміз. Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның Капулетти әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады [5].
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы.

Әдебиеттер:
1. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика методология теория практика. – Алматы: Ғылым,1998. - 284 с.
2. Баубекова Г.Д. Этнопедагогика. – Астана: АртprintХХІ, 2009. – 192 с.
3. Ильина Т.А. Предмет педагогики и методы научно-педагогических исследований. – М., 1983.
4. Келли Д. Когнитивная теория личности // Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – Спб.: Питер, 2007.-С.
5. Байденко В.И. Компетенции: к освоению компетентностного подхода. Лекция в слайдах. Авторская версия. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004. Userfiles/ 20100311083502.paf




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет