«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет77/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Хасанаева Л.М.


АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ МҰРАҒАТТА САҚТАЛУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-ШЫ ЖЫЛДАРЫ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Мұрағаттарда сақталатын құжаттар – халық мұрасын, бабалар өсиетін ұрпаққа жеткізетін рухани маңызды категориясы болып табылады. Мұрағат қорларын құру мен дамыту арқылы қоғамдағы тәжірбиелік-танымдық саланың рухани және материалдық бөлімі қалыптасады, ұрпақтар арасындағы коммуникативті байланысты орнатуға мүмкіндіктер жасалынады. Дифференцациялық ерекшеліктері айқын, мұрағаттардың жаңа түрлерінің пайда болуы ретроспективті ақпаратармен қызмет жасаудың әдіс-тәсілдерін анықтайды,сонымен бірге, оны зерттеудің арнайы объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да аудиовизуалды құжаттардың мұрағатта сақталу мәселесін қарастыра келе мұрағат құжаттарының, олардың сақталу ерекшелігін, маңызын, дерек ретінде беретін ақпараттарының ерекшелігінен шыға отырып, мұрағаттық құжаттарға талдау жасадық.


1960 жылығы жоспар бойынша 9195 жеке сақталу ісі (ед.хр.)3 кешенделуі тиіс болса, олардан мұрағаттарда сақталған фондтарға - 5184 жеке сақталу ісі бекітілген. Сонымен қатар 4011 сақтау ісі 25 қорда бекітілді [1].
Кино-фото – фоноқұжаттарды комплектілеуді жақсарту мақсатында бұл бөлім қызметкерлері тарапынан 1960 ж. 8 қыркүйекте «Ленинская смена» газетінде «Өткен күндер куәгерлері» (Свидетели минувших дней) атты мақала жарияланады. Бұл мақалада кино-фото – фоноқұжаттардың үлкен маңыздылығына тоқтала келіп, бұларды ұйымдар мен зауыттардағы, сонымен қатар әуесқой фотографтарға бұл құжаттарды сақтауда мұқияттылықты талап ететініне тоқтала келе, осы құжаттарды мемлекет сақтауына, яғни қорына өткізу керектігі туралы айтылған. Дәл осы мақсаттарда бөлім басшысы радиода (1960 ж. тамызда) «Туған өлкеміз бойынша кино-фотожазбаларды құрайық» тақырыбында сөз сөйледі. Бұдан басқа, Алматыдағы 35 мекемелер мен ұйымдарда кино-фото фоноқұжаттардың жағдайы тексеріліп, соның нәтижесінде кино-фото фоноқұжаттар мұрағат қоры ашылады. Мұрағат қорын толықтыру, комплектілеу және пайдалану мақсатында мемлекет көлемінде Ақмола, Қарағанды, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарына іссапарлар ұйымдастырылады.
Адамдардың жеке қолдануындағы мұрағат құжаттарын және фотоқұжаттарды мұрағатта шоғырландыру мақсатында «Казахстанская Правда» газетінің 1960 ж. 18 қарашадағы және «Социалистік Қазақстан» газетінің 1960 ж. 20 қарашадағы нөмірлерінде халықтан сирек кездесетін және бағалы мұрағат материалдарын, фотоқұжаттар сатып алу туралы хабарландыру жарияланады.
Осы істер нәтижесінде мұрағатқа 3192 жеке іс, яғни фотоқұжаттар жинақталды (ол жылдық жоспардың 106 пайызын құрады) [2].
Мемлекеттік сақтауға 300-дің орнына 247 киноқұжаттар комплектісі келіп түсті. Алайда киноқұжаттардың бір бөлігі тіпті жинақталмай қалса, бір данадан 3 киноқұжат қабылданған. Олар: Лениннің «Кеңестік билік дегеніміз не?», «Еңбеккерлерді капиталист және помещиктерден қалай біржола құтқару» атты сөйлеген сөздері және Қазақстандағы Қазан революциясы және Азамат соғысына қатысқан ардагерлердің сөзі.
Мұрағаттағы фоноқұжаттарды комплектілеуді жоспарлы ұйымдастыру үшін ҚазССР СМ басшылығындағы радио және телевидениемен фоноқұжаттарды өткізу туралы келісім жасалды. Алайда бұл құжаттарды қабылдау тек жаңа мұрағат ғимаратында ғана жүзеге асыру мүмкін еді.
Әдебиет және өнер бөліміне жазушы Ғ. Мұстафиннің, ақын Омар Шипиннің, КСРО халық артисі К. Қуанышбаеваның, суретші В.В. Теляковскийдің, композиторлар С.И. Шабельский және И.В. Коцыктың жеке мұрағаттары жинақталып, барлығы 211 жеке іс топтастырылды. Композиторлар Шабельский және Коцыктың мұрағат материалдарын, осы саланың мамандар – КазКСР өнер қайраткері Л.А. Хамидидің және Алматы консерваториясының аға оқытушысы Л.И. Гончарованың берген қорытынды пікірлеріне негізделе отырып сатып алынған. Осылайша жеке мұрағаттарды толықтыруда, ұсынылған материалдар толық игеріледі, яғни мұрағат қорына қабылданады.
Осы уақытта мұрағат бағытын сай келмейтін құжаттарды, сондай-ақ одақтың басқа республикаларына, мысалға Қазақстанға және оның облыстарының мемлекеттік мұрағаттарына жіберілетін құжаттарды зерттеуге көбірек көңіл бөлген. Зерттеу нәтижесінде барлық профильді емес 71 қордың 5422 жеке ісі тексеріліп, микрофильмге түсіріліп жіберілді. Есепке енгізілген өзгерістер жөніндегі мәліметтер тіркелді. Бұл жағдайда жұмыс негізінен мұрағат бастамасымен жасалып, мұрағат өзінің мұрағат органдарынан профильді емес құжаттарды беруге рұқсат алған.
Құжаттардың дұрыс қорларға тіркеуге байланысты жұмыстар да жүргізілген. Бұл жұмыс барысында 28 анықтама жасалып, 80 қор зерттелді. Кеңестік кезеңдегі құжаттар қорының тізімі қайта жасалып, анықталды. [3]
Барлық тіркеулік жазбаларды анықтау және ол жазбалардағы қорлардың сан және сапа жағдайының шындығын тексеру мақсатында қор істері мен мағлұмат парақтары салыстырылған. Осыған байланысты қор парақтары қайта жасалды. Оның ішінде Кеңестік кезеңге байланысты қорларда 85 парақ қайтадан жасалынған. Ол 1961 жылда да жасалады. (Кеңестік қорлар аяқталғаннан кейін, революцияға дейінгі кезең құжаттарын топтастыру басталды). Бұл жұмыс сондай-ақ жаңа ғимаратқа көшу үшін де қажет болған еді.
Енді қысқаша құжаттардың есебіндегі мәліметтерге шолу жасасақ:

  1. Есепке 9195 жеке іс алынды.

  2. 34 таңдамалы тізімдердің және 34 қордың белгілері жасалды.

  3. Құпияланған құжаттар материалдарына есеп жүргізілді. Барлығы 33 құпия істер болды (9187 жеке іс).

  4. Жіберілетін құжаттарды түгендеп, есепке керекті өзгерістер енгізілді.

Есепке алынған қызметкерлер жүйелі түрде қор қызметкерлеріне, құжаттардың құрамы және мазмұны туралы, мемлекеттік мекемелер тарихы және мұрағат қорына байланысты т.б. мәселелер бойынша туралы кеңестерін де берген.
Мұрағаттағы қор каталогтарына тексеріс жүргізіліп отырған (анықтама столы және оқу залындағы). Қор каталогтарына жүйелі түрде өзгерістер енгізіліп тұрды. Көмекші есеп кітаптары жүргізілді. Бұл кезде мұрағаттағы қайталанып енді жазылмайтын және бағалы құжаттарды анықтау жұмысы негізінен аяқталған болатын.
1960 жылы 45259 жеке іс құжаттары қаралып, ерекше құжаттар ретінде 1649 жеке іс (ед.хр.) анықталып, есепке алынса, оған 1304 карточка жасалынған.[4]
Кино-фото-фоноқұжаттар бөлімінде киноқұжаттарға 141 монтажды парақ жасалып (жылдық жоспардың 111 пайызы), осы кезде журналды және фильмді картотекаларды құрастыру жұмысы аяқталған (660 картотека жазылды). [4]
Енді құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстарға шолу жасап өтеміз. Мекеменің есептерін қарастыру кезінде, мұрағаттың қор сақтайтын жерлері бұрынғыша қалғанын, ал құжаттарды сақтау жағдайлары жылдан жылға мұрағат мекемесін көптеп бұзуға байланысты нашарлағанын, температура және ылғалдық нормалары сақталмайтындығы жөнінде мәліметтер кездеседі. 1960 жылы қорларда температура -7ºдан +20ºқа дейін ауысып тұрса, ылғалдық 65 пайыздан 90 пайызға дейін болған.
Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілген жұмыстарда қор ерте көктемнен бастап күзге дейін желдетіліп тұрды, бұл арқылы ауа және қор температурасы реттеліп отырды. Бұл шара белгілі жағдайға дейін ылғалдықты төмендетуге әкелді.
Қорда толықтай тазалау, құжаттарды шаңсыздандыру істері жүргізілді. Барлығы 137991 жеке іс шаңы сүртіліп, 90 пайыз Кеңестік кезең қорлары картондалды [5]  деген мәліметтер сақталған.
Революцияға дейінгі кезең қоры 149 жеке іс, кеңестік кезеңге қатысты – 141жеке іс, кейіннен тағы да 629 жеке іс тіркеуге алынған. Революцияға дейінгі кезең қорларын ретке келтіру мақсатында 1959 жылы басталған құжаттарды тексеру жалғасын тауып, 1961 жылы 1 қаңтарда 160036 жеке іс тексеріліп, оның ішінде 82166 жеке іс 1960 жылы тексерілген. Бұл жұмыс 1961 жылы аяқталды. Осы тексеру, анықтау, фондтау, құпиялау жұмыстарын өткізуге байланысты жеке істерді шифрлеу жұмысы жүргізіліп, жалпы 96742 жеке іс нөмірленді. Қорды қозғалту, қорапшалар мен байламдардың орындарын алмастыру жұмыстары жүргізілді (барлығы 1689 байлам) [5].
Қорларда құжаттардың физикалық жағдайын тексеру жүйелі түрде жүргізіліп отырған. Тексеру нәтижесінде революцияға дейінгі қордан желтоқсан айында қағаздарды құртушы екі насеком «усач» және «кожеед» табылды. Осыған байланысты 364 жеке іске дезинфекция жүргізілген. Насекомдарға қарсы дезинфекциялау жұмыс 1961 жылы толық аяқталып, 221 жеке іс толығымен дезинфекцияланған.
Ал енді микрофильмдеу мәселесіне келер болсақ, онда микрофильмдеуге дайындық кезінде 144 мәтін өшіп бара жатқан парақтары табылған. Қордан барлығы 38649 жеке іс топтастырылған: кеңестік кезең бойынша 31887 жеке іс (олардың ішінде: оқу залын зерттеушілерге – 7764 іс, қызметкерлерге – 19815 іс, микрофильмдеуге – 3648 іс); Революцияға дейінгі кезең бойынша 7022 жеке іс (олардан оқу залына 4655 жеке іс, қызметкерлерге – 1967 іс, реставрацияға және түптеуге 400 іс).
1960 жылға құжаттарды фондтауға байланысты біршама жөндеу жұмыстары және Р-730 «Казпотребсоюз» қорының тақырыпшаларын нақтылау жоспарланды, алайда жіберілуі тиіс болған құжаттардың жағдайы нашар болғандықтан, Р-730 қорындағы жұмыстар кейінге қалдырып, жіберілуі тиіс қордың ғылыми-техникалық сараптамасы жасалды. [6] Барлығы 676 жеке іс жөнделіп, 18 қор бойынша 1970 жеке істерге тақырыпшалар жасалынып, 2036 жеке іс жүйеленіп, 2036 жеке іске жаңа тізбелер жазылынған. [6]
1960 жылы Р-929 «Казгосиздат» қорының құжаттарына сараптама жасау және жүйелеу жұмысы жоспарланғанымен, ол жұмыс әлі толық аяқталмаған. Оның себебі, құжаттардың бір бөлігінің қазақ тілінде болуы. Ал оларды аударып, аннотациялау қиын, әрі біршама уақытты қажет ететін жұмыс. Алайда, құжаттардың бағалығына деректік сараптама жасалынған. Осы жұмыстың барысында 54 қор бойынша  49885 жеке іс (ед.хр.) қаралып, Оның негізінде  1463 жеке істі жою белгіленген. Қорлар негізінен макулатурадан босатылып, сараптама уақытша сақтауға арналған қорға жасалынады деген шешім қабылданған.
1960 жылы 3 адамнан тұратын микрофильмдеу тобы жасалып, топ негізгі құралдармен жабдықталды. Қабылдау, есептеу, микропленканы сақтау ұйымдастырылды. Мұрағат бойынша 9893 жеке іс фильмделіп, 884625 микрофильм кадрлары есепке алынған. 1960 жылы 1989 жеке іс микрофильмделініп, 884625 кадр микрофильм қабылданған.
1959 жылы микрофильмдеу жасалып, микрофильмдерді қабылдау және есепке алу ісшаралары 1960 жылы аяқталған. Істерді микрофильмдеуге дайындау барысында төмендегідей жұмыстар атқарылған:
А) 661307 парақтың нөмірлерін тексеру
Б) 3648 жеке істің парақталып қаралып, олардың ішінде 994 жеке іске сараптама жасалынған. [7] 1961 жылы қабылданған Р-30 қорының 1184 жеке ісіндегі микропленка есептелінбей қалған (1960 жылы желтоқсанда ЦЛМРдан қабылданған). [7] 1960 жылы қазан айында бөлім нөмірлеу мен парақтап сараптама жүргізу жұмыстарынан бас тартып, бұл өз кезегінде жеке істерді микрофильмдеуге дайындау барысын жеңілдетіп, арзандатады.
1961 жылға дейін фотопленканың жетіспеушілігіне байланысты мұрағатта сақтауға микрофильмделінген құжаттардың бір данасы ғана болған. Микрофильмдеу тобы түптеу сапасына, тапсырысқа бақылау жасап, ұйымдастырушылық істеріне және басқа да ЦЛМР сұрақтарына жауапты болды. Топтың жұмысынының әлсіз тұстары, ол материалдың жетіспеушілігінен, әлде де болса істерді микрофильмдеуге дайындау сапасына және микрофильм түсірілімінің сапасына жоғары талап қоя алмауынан туындаған.
Кино-фото-фоноқұжаттар бөлімінде 4988 жеке іс көлеміндегі фотоқұжаттарға алғаш профилактикалау ісі жүргізілсе, Ал жоспар бойынша 6739 жеке іс профилактикадан өтуі тиіс еді. Алайда1751 жеке іс тексерілмей қалуына байланысты, оларды іріктеу тізіміне алған. Киноқұжаттардан 380 жеке іс көлемінде тексерістен өткізіліп, осы кезде барлық киноқұжаттардың тексерісі аяқталған.
Ғылыми және саяси бағалылығына қарай фоноқұжаттардың 5,8 және 10 индекстілеріне сараптама жасалынып, іріктеу тізіміне 2204 жеке іс енгізілген. [8]
2479 жеке іс көлеміндегі фотоқұжаттарға ғылыми-техникалық тексеріс жүргізілгенімен, жылдық жоспардың 75.1 пайызы аяқталмағандығы анықталады. Осылай 1960 жылғы жоспар орындалмады және киноқұжаттардан 1925-тің орнына 913 тақырыптық карточкалар жасалынды. 65 398 м көлеміндегі киноқұжаттардың техникалық жағдайына тексеріс жасалынған (жылдық жоспардың 125 пайызы) [8].
Әдебиет және өнер бөліміндегі Қазақстан жазушысы Ғабиден Мұстафиннің қоры тексерілді. Қор 83 жеке істен тұрғанымен, оның көп бөлігі жазушының «Миллионер» және «Қарағанды» романдарының қолжазбасы мен машинкада жазылған көшірмелері болатын. Қолжазбалар қазақ тілінде араб шрифтімен жазылған, жақсы сақталған. Жазушы Ғ. Мұстафин өз шығармаларынан басқа көптеген қоғамдық жұмыстармен айналысқан, осыған байланысты қорға көп хаттар жиналғанымен, оның депутаттық іскерлігіне байланысты хаттар мұрағатқа түспеген. 1961 жылы мұрағатты жазушы өз қорынан толықтырады деген ойда болған.
1960 жылы КСРО халық әртісі Қ. Қуанышбаевтың қоры жасалынған. Қорда рөлдердің мәтінінен басқа да көп көлемде оның пъеса, әңгіме, өлең және сатирикалық үзінділерінің қолжазбалары бар. Дарынды әртіс өз қорыны қызығушылық танытып, мұрағатқа қолжазбаларды (шығарылған және шығарылмаған) дұрыстауға көмектесті. Шығарылмағандар микрофильмделініп, екінші нұсқалары қорға жіберілді. Қ. Қуанышбаев сирек кездесетін суреттерінің көшірмелерін өзі алып, негізгісін мұрағатқа сақтауға берді. Ол сондай-ақ депутаттық хаттарын да өткізген (ол КСРО жоғарғы Кеңесінің депутаты болған). [9]
Қазақ КСР Мемлекеттік Мұрағат бастығы Голубятниковтың 1960 жыл 1 ақпанда жасаған есебінде ғылыми-анықтамалық кітапхана жұмысы жүргізіліп, кітап қорына тексеріс жүргізілгені жөнінде баяндалған [10]. Бұл негізгі жұмыспен бірге кітапханадағы кітаптарды тексеріп, газет-журналдарды, әдебиеттерді беру және алуды тіркеу арқылы, жылнама және жинақтарды жасауға, газеттерді түптеуге, сонымен қатар микрофильмдеуге дайындық сияқты т.б. жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Кітапхананың кітап сақтау бөлімінің еденінінен саңырауқұлық табылуына байланысты, кітап қоры мұрағат қорына ауыстырылды. Ғылыми-анықтамалық кітапханада туындаған бұндай қиындықтар, тек жаңа мұрағат ғимаратына көшкенде шешілетін болды.
Есеп беру жылында 2 жиналыс өткізіліп, оларда 1959 жылғы мұрағат жұмысының қорытындысы және 1960 жылғы міндеттер, 1960 жылғы жарты жылдық жұмыс қорытындылары талқыланды.
Мұрағатта кадр ісі өнеркәсіптік оқу бөлімдер бойынша жүргізілді. Кино – фото фоно құжаттар бөлімінде, киноқұжаттар мазмұны және құрамын үйренуге байланысты 5 сабақ жүргізілсе, комплектілеу бөілімінде бөлім жұмысшылары және ЦЛМР күшімен 16 сабақ жүргізілген. Сабақ тақырыптары: комплектілеу, есеп, құжатарды сараптау және микролфильмдеу. Жарияланымдарды жасау бөлімінің қызметкерлері әдебиетті библиографиялық тізімге байланысты зерттеген. [10].
Бұдан басқа мұрағат ГАУ кабинетінің ғылыми-методикалық жаңалықтарын Кеңестік мұрағат сияқты шетелдік мұрағат істерін жазды.
Қорыта айтқанда, 60-шы жылдары ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының аудиовизуалды құжаттарын халықтан жинау, яғни қорды толықтыру іс-шараларымен қатар, құжаттарды топтастыру, оларды тізімге алу, жеке істерге тақырыптар беру сияқты бірқатар жұмыстармен қатар, жекелеген авторлардың қорларын жасау және олардың өздерінің көзі тірісінде біршама еңбектерін сол қорларға жинақтау істері атқарылғаны деген тұжырым жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет