Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы



бет26/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

Тиретропты гомондар(ТТГ). Алдыңғы бөлігіндегі базофилді клеткада да жасалады.Басты рөлі қалқанша бездің қызметін күшейтеді.Протеазды пәрмендетіп,қалқанша бездегі тироглобулиннің ыдырауын жоғарылатудың нәтижесінен тироксин мен тироглобулиннің қанға бөлінуін арттырады. Сонымен бірге,ТТГ иодтың қалқанша безде жинақталуын қамтамасыз етеді,тағы да бңр қызметң секрет жасаушы клеткалардың ацивтілігін күшейтіп,олардың санын көбейтеді.ТТГ ны қанға енгізгенде қалқанша бездің өсуі байқалады,ал гипофизді жас жануарлардан алып тастаса,оның өсу процесі баяулайды,белоктың алмасуы төмендейді.Ал тироксинді енгізсек,бұл қызметі қайта қалпына келеді.
Адренокортикопты гормон(АКТГ).Әртүрлі жануарларда құрылысы және өзінің пәрменділігі жағынан қарағанда да әртүрлі деңгейде болады.АКТГ бүйректің қыртысты қабатының шашақты және торлы аймағы көлемінің өсуіне,ұлғаюына әсер тигізбейді.Ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуының салдарынан,әсіресе ,стресс факторлардың әсерінен гипофиздегі АКТГ ның бөлінуі күшейе түседі.Бұл құбылыс рефлекторлы түрде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін адреналиннің көп бөлінуіне әкеліп,ол өз кезегінде кортикотропты бөліну факторының процесін күшейтеді.Бұл зат гипоталамус пен гипофиздің тамыр арқылы байланыста болуының нәтижесінде оның алдыңғы бөлігіндегі клеткаға дейін жетіп,АКТГ ның бөлінуіне мүмкіндік жасайды.Ал АКТГ бүйрек үсті безіне әсер ете отырып,глюкокортикоидтардың бөлінуін жоғарылатып,сонымен қатар минералды кортикоидтардың бөлінуіне де әсерін тигізеді.
Гипофиздің аралық бөлігі:Алдыңғы бөлігінен оқшаулау және артқы бөлігіне бітісіп орналасады.Мұның гормоны интермедин немесе меланостимулирлеуші гормон деп аталады.Ондағы аминқышқылдардың құрамы мен оның орналасу реті де анықталады.Аминқышқылдар қалдықтарының санына байланысты екі түрде болады.Амфибияларда(қосмекенділерде оның ішінде құрбақада) және кейбір балықтарда интермедин терілерінің түсін қара түске өзгертеді,оның басты себебі пигменттік клеткалар меланофорлардың кеңеюінен ,әсіресе,протоплазмадағы пигмент дәндерінің кең таралуының салдарынан деуге болады.Мұндай құбылыс адамдардың терісінде байқалады.Интермединнің бөлінуін рефректорлы түрде реттейді.Мысалы,көзге жарықтың әсері.Жануарлар мен адамдарда көздегі қара пигменттік қабатының клеткаларының қозғалысын реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет