Ұйқы безі –аралас функциялы без. Оның морфологиялық бірлігі ретінде Лангерганс аралшықтары болып табылады. Аралшықтардың бета-клеткалары инсулин бөліп шығарады, ал альфа-клеткалары – глюкагон, дельта- клеткалары – самостатин бөліп шығарады. Ұлпаларының экстрактарында ваготатин және центропнеин гормондары анықталған. Инсулин көмірсу алмасуын реттейді, қанда қанттың концентрациясын төмендетіп, глюкозаны бауыр мен бұлшықетте глюкоза айналуын реттейді. Эндокрин бездерінің реттелуінің негізгі орталық жүйке жүйесіне байланысты. Реттелудің бірнеше механизмдері бар: 1. Жүйкелі (бүйрек үсті безінің ми қабатының жұмысына, гипоталамус пен эпифиздің нейро-эндокринді бөлігінің жұмыс істеуіне қатысады).
2. Нейроэндокринді – гипофиз бен гипоталамустың өзара қызметіне байланысты. Гипоталамуста жүйке импульсінің трансфермациясы жүреді. Нейроэндокриндік реакцияның екі типі бар:
а) релизинг – факторлардың дамуы мен секрециясы – гипофиз гормондарының секрециясының негізгі – регуляторлары.
б) нейрогипофизорлы гормондардың дамуы (гормондар алдыңғы гипоталамустың үлкен клеткаларының ядроларында дамиды).
3. Эндокринді(бір гормондардың басқа гормондардың биосинтезі мен секрециясына тікелей әсер етуі (алдыңғы гипофиз бөлігінің тропты гормондары, инсулин, самостатин));
4. Нейроэндокринді гуморальды-гормональды емес метаболиттермен реттеледі, олар реттеуші бездерге әсер етеді (глюкозамен, аминқышқылдарымен, калий ионымен, натримен простогландиндермен).
4.Қалқанша без, гормондардың физиологиялық рөлі. Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без-біршама ірі без.Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр.Балаларда ( 2 жасқа дейінгі) -- 1.5-2 г.Қартайған шақта,басқа да ішкі сөлініс бездері секілді,оның салмағы кішірейеді.Қалқанша без тіні дәнекер тінінің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулдардан тұрады.Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді.Бұлар трийодтиронин(Т3) және тетрайодтиронин(Т4) немесе тироксин.Олар белокпен қосылып,йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді.Ол зат фолликулада көпке дейін сақаталады.Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді.Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды,белсенді гормондар босатылады.Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады,ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап,тироксин мен трийодтирониндерді босатады.Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылда,тирозин және йод қажет.Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді.Бұл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді .Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары.Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді.Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды.Бездің дәнекер тінді стромасында «ақшыл» жасуша немесе С жасушалар деп аталады ерекше түрі табылды,кейде оны орысша атына байланысты К жасуша деп те атайды.Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатыатын,құрамында йод жоқ тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі.Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп.Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады.Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді.Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған,оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық және парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты.