Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Тіл және әдебиет кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ОРТАНЫ ПЕДАГОГИКАЛАНДЫРУ
МЕКТЕПТІҢ, ОРТАНЫҢ, ОТБАСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Мамандық атауы: 0111000 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Пәні: Педгогика
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Курстық жұмысты қорғаған бағасы: __________________
I. ОРТАНЫ ПЕДАГОГИКАЛАНДЫРУ. МЕКТЕПТІҢ, ОРТАНЫҢ, ОТБАСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
1.1 Ортаны педагогикаландыру. Әлеуметтік педагогика........................................................................................5
1.2 Мектептің педагогикалық мәдениеті ....................................10
1.3 Ортаның, отбасының педагогикалық мәдениеті ...................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді. Педагогика ғылым жүйесінде зерттеліп қазіргі күні барлық салаларда қалай болса, өмірде де маңызды орын алады. Педагогика мәденитеі қоғмда, оратада, мектепте, отбасыда қалыптасты. Бұл курстық жұмыс өз алдында педагогиканың орталандыру, мектепте, отбасында және ортадағы мәдениеті жайлы зерттеу жұмысын қамтиды.
Орта адам өзін танытатын (бұл - тіршілік қарекеті, мақұлдау, күдіктену, қолдау ортасы немесе басқаша орта) орын ретінде қаралады; немесе кеңес беру жұмысын іске асыратын (орталықтағы арнайы жабдықталған бөлме, үй іші жағдайы, мектеп) орын.
Орта факторлары – бұл онымен өзара әрекетте адамға тікелей ықпал ететін факторлар. Олар өсу үстіндегі адамның әлеуметтену үдерісінде бойына сіңіретін тікелей әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік рөлдерді атқарады. Бұл арқылы әлеуметтік қоршаған ортамен басқару және адамның олар арқылы мақсатты түрде бағытталған жеке дамуды, әлеуметтенуді ынталандырудағы өзара әрекеті қажеттігі және мұның негізінде ортаға негізделген қағида жатқаны түсіндіріледі.
Адамды тәрбиелеуде ортаның маңыздылығын ескере отырып, ортаның тәрбиелеуіне ұмтылу маңызды. Ортаны педагогикаландыру ұстанымын С.Т.Щацкий және оның ізбасарлары негіздеді. Ол әлеуметтік педагогтың баланы тәрбиелеу үдерісі іске асырылатын ортаның немесе тәрбиелеу ықпалынан кейін баланың түсетін ортасы факторларының мүмкіндіктерін зерттеп-білуінің қажеттігіне және осы білімін нақтылы жағдайда адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жұмысына пайдалануына назар аударды. Педагог орта балаға қоғамдық сипатта әсер ететіндіктен, оған қоғамдық фактор ретінде қарады. Тұрғылықты жері бойынша тәрбие жұмысын – қоғамдық педагогикалық жұмыс деп санады. Осылайша ол балалар мен жасөспірімдердің тіршілік қарекетіне орта әсерін педагогикаландырудың қажеттігіне назар аударды.
Ортаны түсіну, яғни көру, сезіну, болжамдау және керек нәрсені құру қажет. Осы мағынасында орта факторы өзін құраушыларды тәрбиелеуде алдыңғы орынға шығады. Ол балаларды тәрбиелеудің алдыңғы құралы функциясын атқарады. Педагог үшін оң мәнді әлеуметтік - педагогикалық бағытта неғұрлым елеулі рөл атқаратын нәрсе - мектептің жақсы ұйымдастырылған педагогикалық (тәрбиелеуші) ортасы. Ерекше маңызды фактор - отбасындағы ортаны педагогикаландыру болып табылады. Сонымен қатар ортада маңызды оырн алатын педагогиканың әлеуметтену пәні маңызды. Әлеуметтік педагогика пәні – адамның әлеуметтік қоғамда орын алып, қалыптасуы және дамуының педагогикалық-философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалыбына келтіру.
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы.
Сол себепті, ортаны педагогикаландыру, ортаның, мектептің, отбасының педагогикалық мәдениетін зерттеу курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.