Қортыныды Пайдаланылған әдебиеттер кіріспе



бет1/11
Дата24.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#86371
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 сынып (1)




Мазмұны


Кіріспе...............................................................................................................2 – 4
Екі таңбалы сандар.........................................................................................5 – 6
Сандармен амалдар орындау. ....................................................................7 – 10
Шамалар және олардың өлшем бірліктері............................................11 – 12
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер...........................13 – 14
Шамалар және олардың бірліктері..........................................................15 – 16
Жиынды және оның элементтерін белгілеу...................................................16
Көбейту және бөлу...............................................................................................17
Санды және әріпті өрнектер.....................................................................18 – 21
Есептеудің тиімді тәсілдері.......................................................................22 – 23
Геометриялық фигуралар. Периметр.Аудан........................................23 – 25
Қортыныды.........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................27


КІРІСПЕ
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар баланың әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуі оның мектеп қабырғасында алған біліміне тікелей байланысты. Мектеп қабырғасында алынған білім – баланың болашақта өз орнын тауып, барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алу кепілі. Адам - ойлау процесін қалыптастыру мәселесімен күнделікті, үнемі кездесіп отырады. Ойлау үрдісі адамның бар іс-әрекетін реттеуші болып табылады. Ешқандай әрекет ойлау қабілетісіз жүзеге аспайды. Сондықтан, баланың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөлді математика пәнді атқарады.
Математика – пәнаралық байланыс аясы кең, мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Математика пәнін оқытуда жалпы білім беретін мектептерде қандай мақсаттар мен міндеттер қойылса, дәл сол мақсаттар мен міндеттер арнайы мектепте де қойылады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу, қарым-қатынастың, математикалық білімді ӛмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. , ал жылдық жүктемесі 34 сағат.
Ұсынылған отырған оқу құрал 2 – ші сыныпқа арналған математика пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп құрастырылған. Бұл құралда алынған материалдар 2 – сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ұсынылған. Бұл оқу құралында алынған әр тапсырманың оқу мақсаты оқушыға түсінікті қарапайым тілде берілген. Оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын шыңдауға арналған тапсырмалар жиыны түрінде ұсынылған.
Мұндағы тапсырмалар сыныпта да, үйде де тәжірибе арқылы орындауға болатындығымен өзгешеленеді.
Әрбір сабақ 2 – ші сынып оқушысының жас ерекшелігіне бейімделген тілмен тұжырымдалған оқу мақсатынан басталады. Оқушыларға алынған тапсырмалар көрнекі сурет бойынша алынған. Бұлай алынған жұмысты оқушы өздігінен де орындауға қызығады. Оқушы бойында білім алу, іздену, өз ой қорыту, жеке шешім қабылдау дағдыларын тәрбиелеуде түрлі стратегияны қолдандым:
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың өздерінде бар білім, білік, дағдыларын қолданудың маңыздылығына назар аудару;
- мұқият тыңдалған тапсырма, іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыларды ынталандыру, қызығушылығын арттыру;
- оқушыларға түсінікті жолмен тапсырманы шешу жолын үйрету;
- зерттеу тәсілі негізіндегі белсенді оқытуды енгізу;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
- жеке, топтық, ұжымдық жұмыс істеу түрлерін ұйымдастыру;
- математикалық білімдерді тәжірибеде қолдану арқылы іс-әрекетті ұйымдастыру;
- оқушыларды өз жұмысын бағалауға және түзетуге ынталандыру.
- күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімін тәжірибеден өткізуге ықпал жасау.
Оқу құралын толық меңгеру барысында оқушылар төмендегі тапсырмалар бойынша өздігінен жұмыстар атқара алады.
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау;
- жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған жаттығулар;
- математикалық басқатырғыштарды шешу жолын табу;
- логикалық қортындыларды талдау арқылы дәлелдеу;
- математикалық лабиринттермен жұмыстар жургізе алады;
- көңілді жаттығулар шешуге дағдыланады;
- сөзжұмбақтар, көңілді жаттығулар шешуге үйренеді.
Бұл құрал 2 – ші сынып оқушыларына арналып жасалғандықтан мұндағы тапсырмалар олардың жас ерекшелігіне лайықталып жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет