№48 (620) 25 қараша 2016 жыл
9
ww
www.jasqazaq.kz
ТАРИХ
ТАРИХ
(¾
1-¾
)
Көркем шығарманы жанрға
– роман, поэма, повесть, т.б. –
топтастыру ежелден бар. Ал тарих
ғылымында зерттеулерді түрге жіктеу
түпкілікті орнықпаған күйде қалуда.
Көлеміне қарай монография, мақала,
кітапша деп айдарлап жатамыз.
Өмірде небір таңғажайыптар
болатыны тәрізді. Кейде 15-20 беттік
ғылыми мақала өзінің жаңалығы,
нәтижелері бойынша көлемі 15-20
баспа табақ монографиядан да
салмақты шығып, уақыт өткен сайын
ізашар жаңашылдығымен зорайған
үстіне зорая түсетініне көзіміз жетуде.
Мәселен, 1893 жылғы 15 желтоқсан
күні Дания азаматы Вильгельм
Томсен Данияның корольдік Ғылым
академиясының президиумында
байырғы түркі жазуын оқудың
кілтін паш етті. Бүгінде В.Томсен
ашқан жаңалықтың арқасында
түркі өркениеті мойындалды.
Сол кілттің әлеуетін барша әлем
түркітанушылары кәдеге жаратуда.
Қазақстанның тарих ғылымына
көз жүгіртсек, ұлы даланың қадір-
қасиетін әспеттеген палеолит дәуірі,
ортағасырлық түркі және парсы
деректері жайлы классикалық
еңбектерін археолог Х.Алпысбаев,
шығыстанушы С.Ибрагимов
алғашқыда ғылыми мақала түрінде
жариялағанын көреміз. Қалың-қалың
монография жазып отыруға бұлардың
уақыты да жетпеді.
Демек, ғалымның ғалымдығы ашқан
жаңалығымен, нағыз ақиқатты айта
алуымен лшенеді. Бұған 1991 жылғы 16
желтоқсанда жарияланған мемлекеттік
тәуелсіздіктен кейін біржолата иландық.
Шығармашылық еркіндік шын ғалымның
жұлдызын жарқыратып, жасампаз
қабілет-қарымын шырқау биікке
шығаратынын қапысыз дәлелдеген
қазақстандық тұлға һәм құбылыс –
академик М.Қозыбаев (1931-2002).
Азаттық тұсындағы 10 жыл 2 ай ғана
ғұмыры ішінде Манаш аға оқырманның
тарихи санасын жаңаша қалыптастырған,
бұрын-соңды беймәлім деректер мен
құжаттарға сүйенген, «ақтаңдақтар»
ақиқатын ашқан ондаған монографиялар,
жүздеген мақалалар жариялады.
рқайсы тарихнамалық, деректанулық,
эпистемологиялық, теориялық-
методологиялық тұрғыдан арнайы талдау
нысанына айналуға лайық. Осылардың
ішінен 1992 жылы Бүкілқазақтық
тұңғыш құрылтайда оқыған «Ата тарихы
туралы үзік сыр» баяндамасын, 1999 жылы
«Отан тарихы» журналының №4 санында
жарияланған «Қазақстанның ХХ ғ. тарихын
зерделеу проблемалары» мақаласын
ғылыми танымның жұлдызды табысы
деуге негіз бар. Біріншісі – ұлт тарихын
мүлде жаңа ұстаныммен зерделеуге есік
ашса, екіншісі – академиктің ХХІ ғасыр
тарихшыларына қалдырған аманаты.
Бұлай дейтін себебіміз, біріншіден, 1999
жылғы мақалада кеңестік-идеологиялық
қысыммен тарихи ақиқаттан алшақ, таптық,
партиялық ойлаумен құрастырылған,
империялық ктемдікті жақтайтын жалған
мифтерді жою міндеті күн тәртібіне
қойылған. Содан бері 20 жылға жуық уақыт
тсе де, академиктің аманаты діттеген
межесіне жетпегендіктен, зектілігін жойған
жоқ. Екіншіден, 1989 жылы қазақ қоғамын
дүр сілкіндірген «Ермак: аңыз және ақиқат»
атты зерттеуі жарық к ргеннен 2002 жылы
дүниеден озғанша Манаш аға ұлттық
тарихымызды мифтерден арылтуға «күндіз
отырмастан, түнде ұйықтамастан» қызмет
етті, боламын деген жанға бағыт сілтеді.
Тап осы 1989 жылы әлемдік тарихта орны
бар бетбұрысты оқиғалармен: Берлин
қабырғасының құлауымен, социалистік
лагердің ыдырауымен қазақ даласына
азаттық елесі мен рухы оралды. Олардың
нығаюына республика басшылығына
Н.Назарбаевтың келуі, қазақ тіліне
мемлекеттік мәртебенің берілуі септескені
с зсіз. 1990 жылы «Казахстанская правда»
газетінің үш санында жарияланған
мақаласына «Истина и мифы» деп
тақырып беруі де әсте кездейсоқтық емес.
Үшіншіден, М.Қозыбаев әшкерелеген
мифтер қатары жаңаларымен толығуда.
Мәселен, қазақ қазақ болып қалыптаспаған
ғасырлардағы қытайдың ақынын,
моңғолдың билеушісін қазақ халқының
перзенті ретінде «дәлелдеген» қалың-қалың
зерттеулер жарық к рді. Демек, мифтермен
күресуге шақырған аманат әзірге аманат
мәртебесімен сақталуда.
Енді мақалаға оралайық. Еңбекте сегіз
мифке арнайы тоқталған. Олар:
1. Қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысының статусын т мендетіп, қазақ
сахарасында пролетариат қозғалысының
статусын әсірелеу мифі.
2. Қазақстан тарихында қазақ халқының
Ресейдің құрамына енуінің прогрессивтік
маңызын әсірелеу мифі.
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын
большевиктік арнада әсірелеу мифі.
4. дебиетте 1917 жылғы Ақпан
революциясының болмысын тұқыртып, оның
жасаған жақсылық ісін жасырып, кемшілігін
асырып, Қазан революциясымен шендестіру,
қарама-қарсы қою мифі.
5. Қазан т ңкерісінің заңдылығы туралы
миф.
6. Ұлт мүддесін қорғаған қайраткерлерге,
кейін барша халыққа ұлтшылдық айдарын тағу
мифі.
7. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты
әсірелеу мифі.
8. Бұрынғы Одақтың, одан қалды
Қазақстанның 70-80 жылдардағы дамуы туралы
қарама-қарсы миф.
Бұлардан басқа И. Сталин туралы, екінші
дүниежүзілік соғысының сипаты туралы, Ұлы
жеңістің қозғаушы күштері
туралы, соғыс шығыны туралы
т рт мифке талдау жасалған.
Осынау талас проблемалар
Қазақстан мысалдары
негізінде ғана емес, бүкіл
Кеңестер Одағы тарихымен
байланысты қарастырылды.
Мақала Қазақстанның
ХХ ғасырдағы тарихына
арналғанмен хронологиялық
ауқымы мен мазмұны
бойынша XVIII-XIX, тіпті
XV ғасырларға дейін қамтып
жатыр. Азаттық үшін күрестің
хронологиялық ауқымын
кеңейткені кеше де, ертең де теориялық-
методологиялық әлеуеті зор күйінде қала
бермек.
Қазақ хандығындағы қиыншылықтар
мен қайшылықтар Ресейге бодандықты
қабылдауға итермелегенін, Ресей құрамына
ену қазақ халқына тек прогрессивті емес,
регрессивті де нәтижелер әкелгенін кесек-
кесек айғақ-дәлелмен к рсетуі 2-ші мифтің
жалғандығын дәйектейді. Осы орайда автор
«дәрменсіздік», «амалсыздық», «мәжбүрлік»
терминдерін бірнеше қайта қолданған. Ал
«қазақ халқының күштеп шоқындырылуы,
азаматтық правосының шектелуі, ұлттың
рухын жаншуы, қазақ жерін б лшектеп, ұлт
территориясын орыс әкімшілік жүйесіне
қосып, ыдыратуы, мұсылман қозғалысы,
ұлт-азаттық күресінің үзілмей келген арқауы
– бостандық, тәуелсіздік, ұлт болмысын
сақтау, ркениетті елдер деңгейінде даму
жолында ұлттық дискриминациядан, геноцид
саясатынан құтылу жолы сияқты проблемалар
ата тарихынан тыс қалды, не к мескі
айтылды», деген ткір пайым-тұжырымы
ұлттық тарихнамамыздың болашағын болжаған
батылдық әрі ғалымдарға жүктеген аманаты.
Түптеп келгенде, осынау екі мифті тарихи
сана мен зерттеулерден ығыстырмай, Ресейдің
отарлау саясаты мен практикасын сындарлы
зерделеу емес, ақтау орын алатын болады.
3-ші миф 1916 жылғы ұлт-азаттық к теріліс
тарихы мен тағылымын большевиктік
бұрмалаумен дүниеге келді. Кеңестік тарихнама
ұлы сілкіністі жойдасыз саясаттанған тұрғыдан
зерделеуден жаңылмады: большевизм ықпалын
дәріптеді. Алашшылар сатқын ретінде
бағаланды. Ұлтаралық қатынастың ушыққаны,
патша үкіметінің геноцид саясаты «ақтаңдақ»
күйде қала берді. «Шын мәнінде, – дейді
М.Қозыбаев, – 1916 жыл ХХ ғасыр басында
қазақ халқының саяси тәуелсіздік пен ұлттық
мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болды.
К теріліс басында ел сайлаған хандар, әскери
жасақтардың басында ел сайлаған сардарбектер
тұрды, салық жинау жүйесі қалыптасты, хан
Кеңесі жұмыс істеді, басқа мемлекеттермен
елшілік арқылы байланыс жүргізілді».
Мақалада жергілікті халық пен келімсектер
арасында қант гіс шайқастар жүргені,
ұлыдержавалық шовинизм жаңа белеске
к терілгені, қазақ сахарасы «от жалынға
шарпылған жер мен ел» қасіретіне ұрынғаны
баса к рсетілген.
Уақыт академиктің болашақты д п
басып болжай алғанын дәлелдеді. Қазақстан
тарихшылары ізденетін тақырыптар –
осылар екеніне к зіміз жетті. 1916 жылғы
к терілістің 100 жылдығына орай Ресей
ғалымдары құжаттар жинағын жариялап,
ғылыми еңбектер жазып, патшалық билік
пен әскердің отар лкедегі қанды қылмысын
жасыруға, к теріліс себептерін басқа арнадан
іздеуге барын салды. Айталық, 2016 жылы
Мәскеуде шыққан «Восстание 1916 года в
Туркестане: документальные свидетельства
общей трагедии: сборник документов и
материалов» атаулы жинақтың алғы с зін
жазған Т.В.Котюкова отарлық, ұлттық езгіні
к рмей, к теріліске себеп ретінде лкедегі
басқару ақпаратының кадрлық әлжуаздығын,
байырғы халықтың тілін білмегенін, неміс,
түрік шпиондары Ресейге қарсы насихатымен
отқа май құйғанын, түркістандықтардан
бұрын переселендік деревня тұрғындары жапа
шеккенін дәлелдеуге тырысқан.
2016 жылы жарияланған «События
в Семиречье 1916 года по документам
российских архивов» атаулы жинақтың
электрондық нұсқасындағы тарих
ғылымдарының докторы А. Ганин жазған
алғы с з де Ресейді ақтауды к здейді.
Қоныс аудару саясатын сипай сынаған
автор 1916 жылғы к теріліске алыпқашпа
с зді басты себеп санайды. Байырғы халық
переселендерді тонауға бейімдік танатыпты.
Оның пайым-тұжырымы мынадай: «Мощным
катализатором волнений стали слухи,
многократно преувеличивавшие истинный
масштаб событий. Среди причин беспорядков
было стремление местного населения грабить
переселенцев, поземельные споры в связи
с активной переселенческой политикой в
регионе, налоговое бремя.
Трагическому развитию событий
способствовали бездейственность местной
администрации, расцвет коррупции, туземная
феодальная знать
(
, ¾
,
)
и духовенство,
преследовавшие
свои интересы, а
также внешние
дестабилизирующие
силы».
Қорыта айтқанда,
ХХ ғасыр соңында
академик М. Қозыбаев
әшкерелеген 1916 жылғы
к теріліс т ңірегіндегі
мифтің жаны сірі екен.
Аманатты атқару үшін
әлі к п интеллектуалды
тер т гуге тура келеді.
Келесі миф 1917
жылғы Ақпан революциясының Қазақстан
тарихындағы орны мен маңызына қатысты.
М.Қозыбаев қазақ даласына революция
әкелген жеті жақсылықты қадап-қадап
к рсетеді. Оның т ртеуі (
Þ
Þ
,
ө
, ¾
Þ
, ¾
¾
ө
ө
) 1916 жылғы
оқиғалармен астасып жатты. Қалған
үшеуі Алаш қозғалысымен, зиялы қауым
тарихымен, демократиялық үдеріспен
байланысты. Кеңестік тарихнамада 1917 жылғы
буржуазиялық-демократиялық революция
жартыкеш, шала туған, пайдасынан зияны
басым оқиға мәртебесімен бағаланатын.
Қайта бірінші орыс революциясына жағымды
басымдық беретін. Академик ағамыз тарихи
әділеттілікті қалпына келтіруді аманаттады.
Біздің ойымызша, Ақпан революциясының
себебі мен салдарын дұрыс тиянақтау ғана
ғасырлар тоғысындағы Қазақстан тарихын
тарқата талдауға мүмкіндік береді.
Бесінші миф – Қазан революциясының
заңдылығы – большевиктер ктемдігімен
түзілді. 1917 жылы Ресей жұмысшы табы
елдегі саяси билікті қолына алуға даяр емес
еді деген Г.В.Плехановтың пікіріне қосылған
М.Қозыбаев социализм қазақ даласына
жоғарыдан қондырылды деп қорытындылады.
келген нәтижесі де жан шошытарлық болып
шықты: «қазақ ұлтын қансыратты».
Иә, социалистік революцияның қазақтарға
жат, түсініксіз құбылыс екені рас. Соны
кемел ғылыми ізденіспен дәйектейтін уақыт
келді. Мақсатқа жету үшін бірінші кезекте
Алаш партиясының, Алаш Орда үкіметінің,
Түркістан мұхтариятының жеңілу себептерін
ашу керек. Қалың бұқараның, ұлт зиялылары
мен буржуазиясының миссиясындағы және
зара ықпалдастығындағы қайшылықтарды,
кемшіліктерді, жаңсақтықтарды д п басып
табу алдағы күндердің еншісінде. Ең бастысы
– социалистік
революцияны
заңдылық, заңды
құбылыс ретінде
дәлелдеуге
мәжбүрленген
тарихшылар
қауымы бүкіл
социалистік
құрылыстың
тарихын
тоталитарлық
ктемдік
тұжырымдамасы
аясында жазбасқа
шамасы қалмады.
Миллиондардың
мірін жалмаған
ашаршылық
азық-түлік
тапшылығы деген,
қазақтардың ана
тілін ұмыта бастауы халықтардың жақындасуы
деген жылтыр с здермен рәсімделді.
Қансыраған қазақ халқын еш қымсынбастан
социализм бақытына б ленген халық деумен
ақиқаттан алшақ пайым санаға тықпаланды.
Ендеше, Қозыбаев к рсеткен бағытпен жүріп,
дұрыс жол таба білу – бізге серт.
6-шы мифті жою – қазақтың ұлттық
болмысын қалпына келтіру деген с з.
Ол мемлекеттік тілді шын мағынасында
мемлекеттік деңгейге к терумен,
рушылдық, жершілдік, жемқорлық тәрізді
кереғарлықтарды санадан, іс-әрекеттен
ығыстырумен, Қазақстан халқының бірлігін
және бірегейлігін нығайтумен қалыптасады.
Тарихнамадағы 7-ші мифтің туу себебін
М.Қозыбаев кеңестік Қазақ автономиясының
құрылуынан, шашылған қазақ жерінің
жиналғанынан к реді. Бірақ ұлттық мемлекет
құрылмады. Академиктің пайымдауынша,
Кеңес кіметі ұлт мәселесінде жарты жолда
тоқтады. Территориялық ұлттық автономия,
кейін одақтас республика құрды. Бірақ
ол декоративті мемлекеттік құрылым
дәрежесінде қалды.
Кеңестік Қазақ мемлекетінің «қуыршақ
мемлекет» мәртебесімен мір сүргенін
тәуелсіздік тұсындағы мемлекет құрылысы
тәжірибесін, басқа да үдерістерді алға
тартумен тиянақтаған ж н шығар. Бәрі
салыстырумен танылады. Мәселен,
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде адам құқына
байланысты 60 халықаралық-құқықтық
акт Қазақстанда ратификацияланыпты.
Адам құқығы мен бостандығы бойынша
78 заң қабылданыпты. Біздің еліміз 8
мыңнан астам халықаралық договорлар
мен келісімдерді бекітіпті, 70-тен астам
халықаралық ұйымдарға мүшелікке
кіріпті. Кеңестік дәуірде бұлар түсімізге де
кірген емес. Демек, 7-ші мифті әшкерелеу
жалғасын табуы керек.
8-ші екі миф бірін-бірі жоққа шығарады.
М. Қозыбаев айтқандай, «бірі – бұл
жылдарды шарықтау кезеңі десе, екіншісі
– тоқырау кезеңі дегенді айтады. Бұл
тартыс принципке негізделген. Егер
біз бірінші мифті қостасақ, Кеңес
кіметінің құлауы кездейсоқтық
болуын мойындаймыз. Ал екінші
миф тарихи процесті толығымен аша
алмайды, шындықты бұрмалайды».
кініштісі – ұлттық тарихнамада
екеуі де мір сүріп келеді. Түптеп
келгенде, соңғы екі мифке байланған
«ақтаңдақтарды» жою ғылыми таным
үшін, әсіресе «Қазақстан – 2050» стратегиясын,
«Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» іс-шаралар
дестесін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге
асыру үшін ауадай қажет.
Алаш к семі .Б кейханнан жеткен
мынадай аталы с з бар: « р ұрпақ зіне
артылған жүкті жетер жеріне апарып
тастағаны дұрыс, әйтпегенде, болашақ
ұрпағымызға
аса к п жүк
қалдырып
кетеміз». Осы
қағидаттың
қапысыз
айтылғанына
қазақ елі толық
отарланған 1865
жылдан бергі
тарихқа к ктей
шолып қарасақ,
к зіміз әбден
жетеді.
Ең ауыр
тағдыр
1917 жылғы
революциядан
кейінгі ширек ғасыр ішінде туғандардың
маңдайына жазылыпты. Бұлар – нағыз
тозақта туғандар. ХХ ғасыр басында 6
миллионға жеткен халқымыздан 1939
жылы республикада 3 миллионға жетер-
жетпес қана қазақ бар еді. Тозақта туып,
жанкештілікпен тірі қалғаны әке-шешесінің
бақыты десек, ат жалын тартып, азамат
атанғаны, шынтуайтына келгенде, қазақ
ұлтын сақтап қалғандар.
М. Қозыбаев кейініректе сол күндері
былайша есіне алған екен: «Бізге үйдің
бір бұрышы тиетін, іргесі сыз, тіпті жаз
айларында дымқыл тартып тұратын.
Сығырайған терезелерді сыртынан
ш ппен, қармен жауып, жылуды сақтауға
тырысатынбыз. Мен осындай мірден қалай
тірі қалғаныма әлі күнге таңғаламын».
Тоталитаризмнің қызығы мен шыжығын
аз к рмеген ол тарихшы-ғалым ретінде ғасыр
жүгін арқалады. Б кейханның лшемімен
келсек, зіне артылған жүкті тәуелсіздік
тұсында жетер жеріне апарып тастаған
бақытты жанның бірегейі. Академиктің
аманаты ХХІ ғасыр тарихшыларының
мойнында. Ұрпақтар мен идеялар
сабақтастығы үзілмеуі керек.
Þ Ә¾
,
. ә
Þ
ә
Þ
,
Þ
АКАДЕМИКТІҢ
АКАДЕМИКТІҢ
АМАНАТЫ
АМАНАТЫ
10
10
№48 (620) 25 қараша 2016 жыл
ӘДЕБИЕТ
ӘДЕБИЕТ
– Сәкенге жолдас болғаны үшін сотталған
Қаскей текин деген ақсақал ткен. Естуің бар
ма? 1993 жылы тоқсан үшке келіп мірден озды.
Сол кісіні 1985 жылы әдейілеп іздеп бардым.
Сәкен үш мәрте шаңырақ к терген адам ғой.
Оларды біршама зерттеп алған соң, жағдайды
тереңірек қаузау ниеті туындады. лгі жерде
Қасекеңнен кезінде досыңызға басқа қандай
адамдардың к зі түсіп еді, Сәкеннің ұнатқан
қыздары кім, нендей жанмен аралас-құралас
жүрді деген нәрселерді білгім келіп, үйінде үш
күн жаттым. Қасыма ерген облыстық «К кшетау
правдасы» газетінің редакторы Жанайдар
Мусин бар; сол екеуміз шалдың сексен бес
жылдығын ткізіп отырып, айтшы аға, сондай
жағдайды деп, ақсақалды ортаға алып күні-түні
әңгімелестік. К п жәйт қамтылды. Оның бәрі
де қажет с здер еді. йткенмен, ағайды үйіріп
әкеліп әлгі к здеген тақырыбыма саламын.
Жүрмейді. Бұлтарып, басқа бағытқа ауысып
діңкелетті.
– Неге йтті екен...
– Иә, мен де: «Мұныңыз не. Неге
жүрмейсіз?!» деймін ғой. – «Сендердің
ауыздарыңа с з тұрмайды. Ал қазір ол
әйелдердің бала-шағасы сіп-жетіліп, ел
басында отыр. Шешелерінің, не апаларының
Сәкенмен қатар ткізген кездерін естісе,
олардың бірі қызғануы мүмкін, екіншісі қуанар,
үшіншісінің шатақ іздемесін қайдан білесің.
Сондықтан, сендерге ашпаймын о жағын,
әуре болмаңдар» – деді. Расында, осының
бәрі адамгершіліктің парасаты ғой. Кім-кімге
к зі түсті, кім-кіммен жүрді дейтін мәселені
даурықтыра бергеннен ештеңе нбейді.
Ыңғайсыздық туындауы ықтимал. Сол себепті,
мен де Сәкен т ңірегіндегі қыз-қырқынның
кейбірін айтпаймын саған...
* * *
Тұрсекең стіді. Қанша қолқалағанмен,
айтқанынан қайтпай, Сәкеннің тек үш
әйелі туралы қысқа ғана баяндауға келісті.
Шынында да, тарихи тұлғалардың артынан
ерген алыпқашпа с зге елігу онша абырой бола
қоймас дегенбіз. С йтіп, ғалым ағаның осы
әңгімесінің зін олжа к рдік.
– Бірінші әйелі Рахима деген апаларың
болған. Ол бір Уәли Халфин деген Ақмола
алпауытының қызы екен. Керемет сұлу к рінеді.
Бойында әлденеше халықтың қаны араласқан
қараторының реңдісі, оттай жарқыраған жанар,
кең маңдай, аққу мойын, тоқ балтыр, кербез аяқ
алыс... Сирек кездесетін айдай ажары бар Арқа
аруы.
– демі суреттедіңіз.
– Хе-е... Енді, расы солай боп тұр ғой. кесі
байғұс қызы мен Сәкеннің арақатынасы туралы
естігенде іштей қатты насаттанса керек. мір
бойы жарлы-жақыбайдың қанын теспей сорған
озбыр кісі іс басында жүрген күйеубаланың
шапағатынан дәмеленбей ме. Бай-құлақты
жаппай тәркілеуге кіріскен Совет кіметінің
қаһарынан құтқара ма деп үміттенбей ме. Бірақ
сыр алдырмай, құдалыққа барған Сәкеннің
жолдастарын: «Кейін, кейін! Жастар здері
шешсін» деген екіұдай жауаппен қайтарыпты.
– Сәкеннің ол әйелімен к п отаса
алмауының себебі не?
– Тікбақайлау болып шықса керек. Мінез
шығара бастайды. Қазан-ошаққа да оралымсыз
секілді. Сәкеннің келім-кетім кісісіне де дұрыс
қарамай, тыжырынып, аяқ-табақ сылдыры
жиілеп кетеді. Және шектен тыс қызғанышы
ршіп, күйеуіне «ана әйел неге отыр б лмеңде»
дегендей жағаласып, беттен алу к бейеді. мбе
әкемді салықтан босат, қалайда аман алып қал,
к мектес деген мағынада зарлай беріпті...
– Одан соң, зі, ақын-жазушыға жар болу
деген де оңай нәрсе емес шығар.
– Иә, ажырасуға сондай жағдайлар да
себеп болғандай. лкей ағай да: «Жазушылар
қызық қой. Кішкентайға ырза болып қалады
да, болмашыға бұртия салады. Ұстараның
жүзі сияқты қылпылдап тұрады. Талайымен
араласып к рдік. Міне, Сәкенде де сол мінез
бар еді» деген екен. Бірде дана, бірде бала, ақын
Сәкенде сондай аумалы-т кпелі мінез жоқ емес,
Рахима туралы: «Күнде қас қарая далаға менсіз
шықпайды. Қашанғы жетелеп жүрмекпін!» деп
аузын бұртитатыны болыпты зінің де.
– Рахима апамыздың Сәкеннен кейінгі
тағдыры не болды екен?
– Сәкен ұсталар қарсаңда з ж нін табады.
К п ұзамай Болғанбаев деген белгілі бір кісіге
тұрмысқа шығады.
– Сәкен ағамыздың екінші жолдасы кім?
– Гүлнәр Мусина. Ел-жұртқа «К кеш» деген
атпен белгілі. Сағал қыпшақтың қызы. Ол да те
к рікті екен. Оның да Сәкенге қосылуы қызық.
лгі Қаскей текиннің туған ағасы лкей
де Сәкеннің үзеңгі жолдасы, ерк ңілдігіне
парасаты сай к шелі азамат к рінеді. Ол да
Сәкен Совнарком т рағасы болып тұрған тұста
сол мекемеде жауапты қызмет атқарған адам.
Міне, ағайынды осы екеуі Сәкенді біздің елде
К кеш деген бір сұлу бар деп қызықтырмай ма.
Бұған Сәкен де елеңдеп қалады. Аяғында Қаскей
жоспар құрады. Ағасына: «біз Сәкен екеуміз
Бурабайға демалыс үйіне кетейік, ал сен әкейге
айт, Сәкенді арнайы келіп ауылға қонаққа
шақырсын» деп тапсырма беріпті. зара келісіп,
Сәкен мен К кеш екеуін таныстырудың ең
оңтайлы жолы осы деп ұйғарысады. Бұл ой
жүзеге асады. келері сонау К кшетаудан
үш жүз шақырым шалғайда жатқан Қойтас
дейтін жерден әдейі келіп, ақынды қонаққа
шақырады. Барғаннан кейін тай сойып, қол
қусырып күтіпті. Осылай ретін тауып К кешпен
кездестірген ғой. Қызық болғанда, дәл сол сәт
әлгі ауылға К кештің атастырылған күйеуі
Пейруша деген жігіт те қалыңдығын алып кетуге
келіп жатады.
– Қиын жағдай екен. Сәкен мен К кеш
қалай қарайды бұған? Жүздескен бойда ұнатқан
ба, бір-бірін...
– С йткен боп тұр ғой. Жолдастары
оңаша қалған бір мезетте қалай екен дегендей
Сәкеннен тұспалдап сұраса, «иә, жарайды енді.
Болады екен. Бірақ қыздың з ықтиярын білейік
те» депті. К кеш те Сәкендей жігітті к ргенде оң
мен солын ұмытып, құлап түскендей. Дегенмен,
керемет рмінез, намысқой қыз іш алдыра
қоймай, Сәкеннің ер соңымнан деген тілегіне:
«Біраз күн тосыңыз. Дәл қазір реті келе қоймас»
дейді. Бұдан да, әрине, кетәрі еместігі сезіліп
тұр. Осыны аңдаған Сәкен әй-шәйге қарасын
ба, әлгі жерде: «Жоқ, айналайын, анау-мынауға
соза беретін уақыт жоқ. Жүрсең осы жолы
жүресің. Жүрмесең қош-сау бол деген жайға
тоқтаймыз» деп шорт кесіпті. С йтіп, К кеш
Сәкеннің етегінен ұстайды.
– Пейруша қайтіпті?
– Қайтсін. К неді де тағдырдың салғанына.
Ол Сәкенді жақсы біледі. Екеуі приходская
школада бірге оқыған жігіттер. Мән-жайға
қаныққан соң Сәкенге жолығып: « й, Сәкен,
сен екеуміз бір Ақмоланың адамы едік. Енді
бір шүйкебасқа таласып, итше ырылдасып
жатсақ жараспас. Сенің атақ-даңқың бар. Маған
қарағанда бақ-талайың да, сән-салтанатың да
жеткілікті жігітсің.Тағы біреу кездесер саған.
Қайт райдан. Жолдың үстімен келіп едім, енді
жердің астымен қайтарма мені!» деп тініш
жасайды. Сонда Сәкен: «Енді, заман басқа ғой
қазір. йелдер кімге қосыламын десе з еркі.
К кеш саған барамын десе ешбір қарсылық жоқ.
зі жасасын таңдауды» деп Гүлнәр – К кешке
әбден к ңілі кеткендігін байқатады. Қысқасы,
ертеңіне жаңа қосылған екеу Ертіс бойымен
Черлак жұмысшы поселкесін бетке алады. Одан
– Омбыға, Омбыдан
Мәскеуге теді.
С йтіп, Орынборға
келіп табан тірейді.
– Бірақ бұл
отаудың да
шаңырағы тез
шайқалады...
– Еуропа
тәртібіне түсетін
сәт тумай ма.
Еуропа киімін кию
керек қой. лгі
қазақ киімімен,
бүрмелі к йлек,
үкілі кәмшатпен
малынып, керемет
к ріктеніп отырған
К кеш жүнін жұлған
тауықтай болып
сымпиып шыға келіпті.
Сосын, қалай дегенмен,
білімсіз, оқымаған адам.
Соның бәрі бірден к зге
ұрады. Және К кеш те
Сәкеннің қызметінің мәнін,
мірлік мүддесін түсінуі
былай тұрсын, жұмыстан
сәл кешіксе де, жиналыста
б геліп қалса да, қайда
жүрсің, қай әйелмен кездесіп
қойдың дегендей түртпектеп,
түрлі күдікті к бейте
бастайды. ңгіме жараспаған
соң іс оңа ма. Осындай
жағдаймен, біртіндеп,
екеуінің отаса алмайтыны
түсінікті болады. Содан
Сәкен күндердің бір күнінде:
«Сен, осы, ауылды сағынған
жоқсың ба? зіңді ел-жұртың
да сарғайып күтіп отырған
шығар. Ақмолаға баратын
бір ноғай жігітіне жолығып
қалып ем. Сол ауылына
дейін жеткізіп салайын деді.
Еліңе барып қайтсайшы»
дегенде К кештің де жүзі
бал-бұл жайнап сала беріпті.
Дағдыланбаған қала тірлігінен
запы болып, құсаланып
жүрген-ау. Бірақ күйеуінің
зін біржола қайтарғалы
отырғанын сезбейді. Сәкен
Гүлнәрдің Мұхамедрақым
деген жездесіне әлгі ноғай
арқылы: «Мына К кеш
қайтып бара жатыр. Біз
шаңырақ құратын деңгейде
емес екенбіз. Ғафу тінем»
деген мазмұнда хат жазады.
– Е-е, бұл да бір жатқан
драма екен де.
– Иә, қым-қуыт, күрделі
нәрсе. Қойшы, ақыры,
келгеннен кейін жездесі
жайлап отырып балдызына
ахуалдың ақиқатын ашып
береді ғой. Кісі лгеннен
жаман болды дейді. К кеш
естен танып, жылап-
сықтап, әлгі үйде бір айға жуық тыпыр етпей
жатып қалады. йткенмен, ақырындап,
з- зіне келген соң Омбыға тартады. Одан
Ташкентке келіп оқуға түседі. Кейін түрлі
қызмет атқарған. мірінің соңындағы жұмысы
– Шымкенттегі кинотеатр директорлығы. Бір
ғажабы, жаңа айттық, анау Рахима қазақтың бір
атақты азаматына тұрмысқа шықты. Ол жігіт
үйленерінде Сәкеннің алдынан тіп рұқсат
сұрапты. Рахима жолын тапты. Ал К кеш
Сәкеннен кейін күйеуге тимеген. Осындай
тағдыр Сәкеннің заңды үшінші зайыбы
Гүлбарам апайдың да басына түседі. Сәкеннен
жиырма тоғыз жасында жесір қалған Гүлекең
ле- лгенше Сәкенді жоқтаумен тті. зім
талай кездесіп, жақсы араласып, к п жайға сол
кісі арқылы қанықтым ғой.
– Сәкеннің Гүлбарам шешемізге қосылуы
қалай болған?
– Қайып Айнабеков деген атақты ақын
бар ғой, сол Гүлбарамның әкесі Батырбек
екеуі ағайынды адамдар. Қайып кіші. Сонда
мына Гүлбарам (Гүлбаһрам) Қайыпқа немере
қарындас емес пе. Сәкен Совнаркомдықтан
босайды... Сосын елге келеді. Елге келіп біраз
жатқан соң Орынборға қайтып бара жатқан
кезде Қайып оған: «Менің сонда қарындасым
оқушы еді. Соған үйден сәлемдеме ала кетші»
деп қолқа салады. Оның алдында Гүлбарамның
атастырылған жігіті аттан құлап, мерт болып
кетіпті. Сол шақта ағайындары әлгі, әмеңгерлік
заңы бар, анау-мынау деген әңгімелер
шығарғанда Гүлбарам: «Ондайларыңды
қойыңдар! Мен оқуға кеттім» деп Петропавлға
аттанады. Совпартшколаға қабылданады.
Қайыптың не ойлағанын кім білсін, оқуда
жүрген қарындасын, бір жағынан, қызы да
ғой, Сәкенмен таныссын деген ниеттен бе
екен: «Аздаған ет бар еді, тағы да бірдеңелер
жіберейік, ала кетші» деп тінеді. Сәкен
тіксініңкіреп: « й, оларыңды қалай сүйретіп
жүремін! Одан да ақша бере салмайсыңдар
ма, т с қалтаға сыйып кететін» дейді.
Петропавлға жеткеннен кейін Совпартшколдың
директорының үйіне түсіпті. Ол да ертеден
танитын адамы. Соған: «Сендерде осындай бір
қыз оқиды екен. Ағалары менен бір хат беріп
жіберіп еді» дегенде оқу орнының басшысы
елп етіп: «иә, ондай адам бар» деп, Гүлбарамды
дереу таптырып, шақыртып алады. О кезде қазақ
қыздары қазіргідей жалғыз жүре ме, қасына
ерткен екі-үш құрбысымен іздеген бойжеткен
де келеді. Сәкен оған сәлемдемені тапсырып
болып: «Шырағым, менің бір қолжазбаларым
бар еді. Ертең келіп соны к шіруге
к мектессең қайтеді» дейді. – «Жарайды, аға.
Жолдастарымды ерте келейін бе?». – «Жо-о,
шырағым, зің де жетесің ғой. Аса к п жұмыс
емес, үлгересің»... С йтсе, айтқан шаруасы
қыздың з ағасы Қайып Айнабековтің
Қызылордадан шығартқалы жүрген леңдер
жинағы екен. Соны ұқыптап к шіртіп алыпты.
– Ақын-жазушылар да зіндік психологтік
қасиеті бар сезімтал адамдар ғой...
– лбетте, бұ кезге дейін жар таңдау
жағынан біраз аузы күйіп, «тәжірибе»
жинақтап қалған сұңқар Сәкен осы жолы
жалт етіп бір қарағаннан әлгі қызбен ерекше
жан туыстығын сезінсе
керек. Сүйріктей саусақтары
майысып, тапсырмасын
тап-тұйнақтай етіп орындап
бергенінен-ақ Гүлбарамның
сауаттылығын, тазалығын
байқайды. Ашық мінезін,
батылдығын, бірбеткейлігін
ұнатады. Серік болуға жарайтын
адам екенін аңғарады. С йтіп,
с з арасында: «Шырағым,
сен біздің Қызылордаға келіп
оқысайшы. Онда да дәл осындай
Совпартшкол бар» деп ұсыныс
жасап қалады. «Оны к реміз
уақытында» деп Гүлбарам кетеді.
К п ұзамай Сәкеннен хат келе бастайды. Ақын
ағасы күнделікті жағдайын айтқан болып, аяулы
қарындасына жан сырын ашқысы келетіндей.
Тіпті бірде Ташкенттен кровать секілді біраз
бұйымдар алдырғанын айтыпты; бағасы
қымбаттау ма, қалай деп, зара тұрмыстық
әңгімеге тартыпты. Қыз да қысқаша ғана жауап
қатып жүріпті. Бірақ онысы «кроватыңызбен
қызықтыра алмайсыз мені» дегендей жауаптар
екен. С йтіп жүрген уақытында «Еңбекші
қазақ» газетінде «Гүлбарамға. Совпарттағы
қарындасыма» деген лең жарқ ете түседі.
Гүлбарам тәтей:
– Þ
Þ
Þ ,
.
,
Þ
-
, –
деп басталатын жиырма сегіз шумақтан тұратын
осы жыр жарияланғаннан кейін барар жер,
басар тауым қалмағандай күйге түстім; енді
қалайда Қызылордаға жетуім керек деген намыс
билеп алды, – дейді. С йтіпті де, ойлана келе:
«Жылдың аяғында, декабрьдің соңына қарай
жолға шығамын» деп хабар ж нелтеді. Бұл –
1926 жылы желтоқсан айында болған жағдай.
Екеуі осылай қосылады...
* * *
Күндердің күнінде Сәкен мен Гүлбарамның
арасына Ғалия деген біреу килігеді. Ол –
қазақтың атты әскер полкінің командирі
Тоқтасын лиевтің асырап алған қызы екен.
Сол Ғалия Гүлбараммен шаңырақ к терген,
Сәкеннің қыр соңынан қалмауға айналады.
Жұмысқа барса – жұмысына дейін, қайтарында
күтіп тұрып үйіне жеткенше ілесіпті те жүріпті.
Жолда шап беріп мойнына оратыла кетіп, тас
кенеше жабысып алып, аузынан сүйіп, зықысын
шығарады. Аңғал ақын бұл пәледен қалай
қашып құтыларын білмей, дәрменсіз күйге
түседі де қалады. Енді осының бәрін к рмей ме
жұрт... Ішіндегі біреулері жеткізбей ме әйеліне...
Осындайдың әлегінен жаңа босанып отырған
Гүлбарам апай шамырқанып, жас сәбиін
ж ргегіне орап алады да, Москваға, Қызыл
профессура институтында оқып жатқан Сәбит
Мұқановтың пәтеріне бір-ақ тартады. Тіпті
барған бойда Орталық Партия Комитетінің
жанындағы стенография курсына оқуға да түсіп
үлгеріпті. Сәкен, әрине, бастапқыда бірталай
күйінгенімен, зайыбының бұл шешіміне қатты
риза болған секілді. Кейінірек: «Гүлбарам, сенің
оқу іздеп Мәскеуге кеткенің абырой болды
ғой. йтпесе Сәкенді әйелі тастап кетті
деген с зге қалар ем. Қадамыңды
құптаймын. Жақсылап білім ал.
Арасында мүмкіндік туындап
жатса, келіп те қайтасың ба,
қайтесің?» деген мәнзелде хат
жазады. Дегенмен, үй ішінің
шырқы бұзылған соң жағдай
түсінікті емес пе, Гүлбарам
апай қайтпай, бір қыс, бір жаз
Мәскеуді мекендеп қалады.
Тек құлағына, ол с зді де
кімнің шығарғаны белгісіз,
«ойбай, Сәкен үйленгелі
жатыр екен» деген қауесет
жеткенде оқуды да, бәрін
тастап, жедел түрде Алматыға
келіпті.
– О, тұста Алматы шағын
ғана қала ғой...
– Ол рас, ауылдай
ғана шаһар онда. Гүлекең
астанаға келгенімен, з
отауларына соқпай, Абдолла Асылбеков дейтін
азаматтың үйіне түседі. Ашу-ызасы басыла
қоймаған-ау. Қаланың шағындығынан да
шығар, ертеңіне Абдолланың зайыбы – Бәнудің
қолқалауымен Опера театрының концертіне
барған екен, Гүлбарамның оралуынан к п
ел құлақтанып қалыпты. йелінің келгенін
Сәкен де естиді. Сол бойда інісі Мәжитке
бір жігітті қосып, «барып алып келіңдер,
жеңгелеріңді» деп жұмсамай ма. Бұлар барып,
амандасып, мән-жайларын айтқанда Гүлекең:
«Е, сондай-ақ немене, мен з аяғыммен жетіп
бара қоятындай! Жоқ, мен мұнда ойын к руге
келгем. Қайтамын ертеңдері Мәскеуге!» деп
қайындарын тепсініңкірей қабылдапты.
Содан араға бір күн салып Сәкеннің зі келеді.
Келгенде, Абдолланың келіншегі шай құйып
беріп отырғанын к реді. Оған: « й, Бәну,
осы шайды зіміз де құйып іше аламыз. Бізді
бір оңаша қалдыршы!» – дейді. Ондайда
әйелдер сылтау табады ғой, Бәну елпілдеп: «Е,
жақсы болды ғой, зім де дүкенге бармақшы
болып асығыңқырап отыр ем!» – деп шығып
кетеді. Бертініректе сол сәттегі с зді Гүлбарам
апай зі айтып беріп еді маған. «Сәкен ағаң:
қандай айып тақсаң да бәрін к теремін. Кінә
менде. Кешіре алсаң кешір. Бір ашуыңды қи
маған деп қиылғанда, не болғанымды білмей
кеттім. Мойнына барып асылып, к з жасына
ерік бердім. Шынында, Сәкеннің бәлендей
кінәсі де жоқ еді менің алдымда. Қайдағы бір
сек-аяңға малданған зім де оңбаймын ғой.
С йтіп табыстық» деп сыр қылып
ағытқаны бар. 1936 жылы Аян
деген ұлдары туады. (О баланың
есімін Мұхтар уезов қойған екен).
Бірақ ол ұл жер ауып бара жатқан
уақытында пойыз үстінде шетінеп
кетіпті. К кшетауда жерленген.
Тұңғыштары Лаурадан да
айырылып қалғаны ертеден мәлім...
Гүлбарам Сәкен тұтқындалғаннан
кейін ерінің к зіне ш п салмақ
былай тұрсын, еркек атаулыны
маңына жуытпаған адам. Отызға
жетпей жесір қалған сәттен бар
арманы Сәкен болып ткен.
Тіпті мынандай да жағдайлар
бар... Сәкеннің ақталуына біздің
Жазушылар одағының немесе басқа
ұйымдардың ешқайсының, тіпті
туған інісі Мәжиттің де жәрдемі
тимеген. Сонда аяғы жеткен жерге
дейін барып, с зі жеткен жерге
дейін жазып, ақыры, жан жарын
жаладан арашалап алған Гүлбарам
тәтей еді. Сәкен ұсталғандардың
– соңғысы, ақталғандардың
біріншісі болды. Гүлбарамның
табандылығының, Гүлбарамның
азаматтығының арқасында.
* * *
Тұрсекең ақын тағдырына
араласқан зге арулар ж нінде
жақ ашпаймын дегенімен,
«Сәкен сүйген сұлулар» кітабын
парақтасаңыз, Гүлшаһра (Гүлия)
Досымбекова, Қабиба сұлу, Үміт
(Үмила), Нина Мокина, Меруерт дегендей
есімдерді ұшыратасыз.
Соған қарағанда, шыншыл қаламгер ауызекі
әңгімеде к ңіл түкпіріндегі сырды ақтара
салғысы келмегенімен, ақ парақ алдында
арымен беттескендей, ештеңені іркіп қала
алмайтындай.
Ал әйгілі Галина Серебрякованың Сәкенге
қатысы туралы с з з алдына б лек нәрсе. Осы
бір ғажайып әйел Сәкенді алғаш байқаған сәтте
сүт пісірімдей уақыт аңырып тұрып қалыпты
деуші еді. Бұл к рініске кездейсоқ куә болған
Александр Фадеевтің: «Мынау Шығыстың сан
алуан гүлінің жұпар иісі сіңген Сәкен серіні енді
к ріп, елітіп тұрсыз ба?!» деген әзілінен к зі
қарақты жұрт хабардар болар.
Сол секілді, Сәкеннің Сібірде тоғыз айдай
атаман Анненковтың «тозақ вагонынан»
тіп, Колчактың Омбыдағы лагерінен қашып
шығатынын білеміз. Сол сапар оның Татарка
– Славгород – Павлодар – Баянауыл арасын
жаяу кезіп, Сарыадырдағы нағашысына жетіп
жығылатыны да белгілі. Ақын жолай кездесетін
Сәулім деген әнші қыздың кескінін «Тар
жол, тайғақ кешу» кітабында зі де керемет
баяндаған. «Біздің жақта» деген лең сол сұлуға
арналған екен. Тұрсынбек аға Сәкен жүрегін
жылытқан осынау жанды кейін қартайған
шағында к ріпті. Ал:
–
Þ
Þ
,
, ө
Þ
.
Þ ¾
–
,
,
Þ
...
Þ
Þ ¾
,
¾
¾
.
,
ө ,
.
Ә ,
¾
,
¾
Þ
ө , –
деген ән Сәния аруға арналған к рінеді.
Біз Сәкеннің з ағайынымыз қаракесек
– керней Сәдуақасұлы Мақаштың Гүлбадан
деген қызына үйленбек болғанын да бала
кезден естуші ек. Бірақ қыздың ағалары
қарындастарын бермей, жолдан алып қалыпты.
Бұл да дербес хикаят...
Қозғалып отырған тақырыпты әркім әрқалай
қабылдайтыны түсінікті. Бірақ Тұрсекеңнің
«Сүрбойдақ Сәкеннің жүріс-тұрысындағы
артық-кем жайларды жеңілтектікке апарып
теңей салу қисынсыз» дегеніндей, осынау
күрделі жәйтке біржақты қарасақ, жаңсақтық
болар еді. Сәкен де Гүлбарам апайға дейін
шарқ ұрып жан үйлесімін іздеген, сәйкестікке
ұмтылған.
...Тұрсынбек ағаның үнтаспадағы қоңыр
дауысы әңгіме дәл қазір ғана айтылғандай
күмбірлеп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: